Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


О, қорқайын мен неге? Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

08 шілде 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: ана тілі (1 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: О, қорқайын мен неге? Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты: а) Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау, туыстық атаулар туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың сабақ барысында оқу, ролге еніп оқу, жазу дағдыларын, сөздік қорын дамыту; б) Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар:
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, Мемлекеттік Әнұранды орындау, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.

І. Мотвациялық - бағдарлау кезеңі
♦ Үйге берілген тапсырманы еске түсіріп пысықтау (Көкемнің ақылы өлеңін тізбектей, тұтас оқытамын)
♦ Сұрақ - жауап:
- Қазақ тілінде дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Қандай түрлері болады? Атайық
- Қар ұлпаларында орналасқан дауысты дыбыстарды жұптастырайық.

- Осы жұп дауыстыларға мысалдар келтірейік.
- Балалар, бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты дыбыстар туралы білімімізді пысықтап, жақсы бір өлеңмен танысамыз.

IІ. Операциялық - орындаушылық кезең
♦ Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де. С. Мәуленов

53 - жаттығу 1. Көп нүктенің орнына берілген жуан дауыстылардың жіңішке сыңарларын тауып жазу.
Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Жіңішке дауыстылар:...,....,....,.....,

2. Жуан және жіңішке дауыстыларға қатысты сөздер тауып айту.
Сергіту сәті: Аппақ - аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.

54 - жаттығу Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу (тақтаға ілінеді)
Ыс – іс
Тыс – тіс
Ыз – із
Сыз – сіз
ыстық – істік
қиық – киік
жық - жік
қыр – кір
- Жұптастырылып берілген сөздердегі ы, і дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын аңғарыңдар.
- Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дауысты дыбыстарды атайық.

♦ Әдеби мәтін тапсырмасы
- Ата деп кімді айтамыз?
- Нағашы ата деп ше?
- Сендер аталарыңа кім боласыңдар?
- Жиен деген кім?
«О, қорқайын мен неге?» өлеңін оқып беремін. – Өлеңде не туралы айтылған?
Рольге бөліп оқытамын.
О, қорқайын мен неге?
Нағашы атасы:
- Шам жақпаған үйде сен
Қалмайды дейді.
Қараңғы бөлмеге кір десе,
Бармайды дейді.
Осы рас па?
Жиені:
- О, қорқайын мен неге?
Нанбасаңыз,
Сол қараңғы бөлмеге
Менімен бірге жүріңіз
Менімен бірге кіріңіз
Нағашы атасы:
- Мен жаңылып айтып жатыр екем ғой.
Менің жиенім батыр екен ғой...( М. Әлімбаев)

ІІI. Рефлекциялық - бағалау кезеңі
♦ Графикалық тест аламын
1. Жуан дауысты дыбыстарды тап.
O. ә, е, і, ү, и □. а, о, ы, ұ
2. Жұп дауыстыны белгіле.
O. а – ә □. ы – ұ
3. Тыс сөзіне ұқсас дыбысталатын сөзді тап
O. тіс □. тас
4. Анаңның әкесі –
O. ата □. нағашы ата
5. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
O. созылып □. созылмай

ІV. Үйге тапсырма, бағалау Өлеңді мәнерлеп оқып келу. 3. «Нағашы ата» туралы әңгіме жазыңдар
Резерв
♦ Топтық жұмыс. Көп нүктенің орнына сәйкес дауысты дыбысты қой.
І топ ар -... р... т – өт
ІІ топ сан – с... н он -... н
ІІІ топ ыс -... с тол – т... л
12 377
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Қысқа мерзімді жоспар. Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 2 - сағат
Көрші атам. Ұ - ү дыбыстары
Көрші атам. Ұ - ү дыбыстары
Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау. Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Олжабай Әсия Құсанқызы
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегасилова Меизкуль Туленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×