Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


И дыбысы мен әрпі «Ит» суреті бойынша әңгіме өткізу

30 шілде 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ии дыбысы мен әрпі. «Ит» суреті бойынша әңгіме өткізу.
Сабақтың мақсаты:
• Ии дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
• Ии дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой - өрісін, тілін дамыту.
• «Ит жеті қазынаның бірі» - нақыл сөзінің мағынасын түсіндіру, итті қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, оқу құралдары, мультимедиялық проектор, тақырыпқа байланысты парақшалар.
Сабақтың түрі: техникалық құралдарды пайдалану сабағы.
Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Оқушылардың көңіл күйлерін байқау. Сары, жасыл, қызыл алма тарату - түстерді таңдау арқылы бүгінгі сабаққа дайындықтарын байқау.

ІІ. Өзіндік жұмыс. Әріптерге шолу.
А) Өткен әріптерді ататып, дауысты, дауыссызға ажыраттыру.
Ә) Ша, та, ма, на, ра, қа, да буындарына сөз құрату.

ІІІ. Ой қозғау.
А) Жұмбақ шешу: Үйіңді қорғайды, Үйшікте тоңбайды. (Ит)
Ә) И әрпінен келетін сөздерді атату. Мысалы: ине, иман, киім, Алихан, Алия т. б.

ІV. Жаңа сабақ. Оқулықтағы 85 бет бойынша жұмыс.
а) Сурет бойынша әңгіме құрау. Әңгімеге ат қою.
ә) Ии дыбысының артикуляциясы туралы түсіндірме әңгіме. И – еріннің артқа қарай тартылуынан жасалатын езулік дауысты дыбысты белгілейтін таңба. И - көршілес фонеманың яки буынның ыңғайына қарай бірде жуан (риза, тарихи, қи), бірде жіңішке (икем, игі, ки) дыбыс. И сөздің барлық буынында келеді.
б) ИНЕЛІК сөзіне дыбыстық талдау.
в) Әліппе бағандарындағы сөздердің буындап, хормен және өздігінен жеке оқу, сөзді буындап оқу барысында әрбір әріпті қадағалап және дұрыс оқуды ескерту, бағандағы сөздерді көрсеткіш таяқша арқылы теріп оқу, оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру.
Ит – жануар
Ине – іс тігетін зат
инелік – бунақденелі, жануар
Иек – адамның мүшесі
Киік – жануар
кит – балық, су жануары
киім – адамның үстіне киетін матадан жасалған заты.
тиын – ақша
Тиін – аң
тиек – киімде болатын зат(ілгек)
Жиек – бір нәрсенің шеті
Иман – діни қызметкер
иман – мұсылман қауымы
шие – жеміс

V. Сөздердің жіктелуін талдау.
Мен оқимын. Мен тоқимын.
Сен оқисың. Сен тоқисың.
Ол оқиды. Ол тоқиды.

VІ. Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үш бұрыш сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

VІІ. Мәтінді талдау.
1. «Ит» мәтінін оқып, талдау.
2. Шығармашылық жұмыс: Итті сипаттау. Ит туралы әңгіме құру.

VІІІ. Жаңғырық ойыны.
Мақсаты: жаңа сөздердің есте сақталуын жетілдіру.
Жаңа сөздер: киік, иман. Сөйлем ойлату.
Дыбыстық талдау жасату.

ІХ. Дәптермен жұмыс.
«Жазу үлгілерінен» үлкен және кіші Ии әрпін көрсетіп, таныстыру, и әрпінің баспа түрі мен жазба түрін салыстыру, и дыбысының бас әрпі мен кіші әріптерін үлгі бойынша жазу, тиек сөзін буынға бөліп, әр буынды іштей дыбыстап, сөзді жазу, жазғанды оқып, оның дұрыс жазылуын тексеру.
« Икемді бала, епті бала» деген сөйлемді көшіріп жазу, әр сөзді оқушылардың іштей буындап оқуы арқылы дыбыстап жазғанын бақылау, жазылған сөйлемді дауыстап оқу арқылы тексеру, икем сөзіндегі дыбыстардың біркелкі жіңішке айтылғандығын байқату, оның себебін түсіндіру.

Х. Қорытынды.
СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА жүргізу.
Мақсаты: өткен әріптерді қаншалықты дауысты, дауыссызға ажырататындығын анықтау.
Тапсырма: П А Т Н У Ғ Р О Ш Л Й Ы Д
Дауысты дыбыс
Дауыссыз дыбыс

ХІ. Балаларды мадақтау. «Көңіл күй» ағашына алмаларын ілу.

Атырау қаласы,
№6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бактыгожина Альфина Сагадатовна
21 063
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Дауысты дыбыс болу себебін ұқтыру, Ү, Ұ дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білу,
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі жайында түсініктерін арттыру, Ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға баулу.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. И дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту. Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік беру.
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×