Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұйғын

20 тамыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Тұйғын»

Білімділігі: Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру. Тақырыптың мазмұнына көшу. Сөзжұмбақтар шешіп, сөздік жұмыстарын жүргізу. Қазақстандық спортшылармен таныстыру. Суретпен жұмыстар жүргізу. Мәтінді бөлікке бөліп оқытып жоспар құру. Оқушының қызығушылығын ояту.
Дамытушылығы: Іскерлік дағдыны және ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, толық жауап беру дағдыларын дамыту. Мәнерлеп саналы оқуға төселдіру.
Тәрбиелігі: Ептілікке, ынталы болуға, қырағы, талапты болуға өз ой пікірлерін айта білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Лашын(құс) велосипед, спорт түрлерінің суреттері, кітапшалар. Спортшылардың суреттері.
Сабақтың түрі, әдісі: Жаңа сабақ, түсіндіру, сұрақ жауап, ой бөлісу.
Стратегиялар: Түртіп алу, болжау, тақырыпқа қызығушылығын ояту, ой қозғау.

Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Топпен жұмыс істеу.
2. Топ басшысын тағайындау.
І - топ. Ф. Оңғарсынова туралы айту.
Ф. Оңғарсынова 1939 жылы 25 ХІІ Гурьев обл. Новогат ауданы Манаш ауылында дүниеге келген. Гурьев пед. инст. бітіргеннен кейін мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі мектеп директоры болып жұмыс істеген. Ақындық өнері ерте қалыптасып, түрлі газет журналдардың басты редакторы болып жасаған. Қ. Р. Парламент депутаттығына дейін көтерілген.

ІІ - топ. Ана туралы мәтін құрастыру.
Әже туралы мәтін құрастыру.
Дүниеде анасыз адам болмайды. Ертең анамыз әже болады. Бәрімізде анадан туып, аналардың көкірегінен нәр алдық. Бізге өз тілімізде дұрыс сөйлеуді үйрететін ана. Біз аналарымызды тыңдап, ренжітпей ауырмай әрдайым қасымызда болғанын қалаймыз.

ІІІ - топ. Әже деген біздің қамқоршымыз. Қай уақытта да бізге бар тәттісін беріп, тентек болсақ жасырып, жақсы нәрсемізді айтып, мақтап отырады. Бізге ертегі, қызықты әңгіме, өлең айтудан жалықпайды. Сондықтан әр отбасындағы шаңырағымыздың басшысы, тірегі, сәні. Әжелеріміз аман болсын дейміз!

ІІІ. Жаңа сабақ:
Сөзжұмбақ шешу:
Сиыр,,, портфель,,,, (спорт) велосипед.
- Балалар сендер спорттың қандай түрлерін білесіңдер?
Спорт - волейбол, велосипед, бокс, хоккей, күрес, баскетбол, футбол, суда жүзу.
- Спорттың адамға қандай пайдасы бар?
Спорт адамның денесін шынықтырып, денсаулығын жақсартады. Спортпен айналысқан адам епті, шапшаң, мықты, күші көп болады. Қазақстанда елге танылып, ел намысын қорғап, жүлдегер атанып чемпион атағын алған спортшыларымыз да көп. Олар: Б. Саттарханов, Б. Артаев, Ә. Тұяқов, Д. Тұрлыханов, А. Храпатый, В. Смирнов, В. Вохмянин, С. Қонақбаев. Атыраудың спортшыларымен таныстыру. Велосипедші В. Винакуров туралы айту.
Бүгінгі өтетін мәтініміздің мазмұны спорт, соның ішінде велосипед жарысы туралы айтылады. Оның негізгі кейіпкері кішкентай Тұйғын деген бала туралы айтылады.
Бердіқұлов. Спорт тақырыбына алғаш тың жол салған, сүйкімді қаламгер. Ол 1933 ж. Алматы облысы Жамбыл ауданында туған қазақ совет жазушысы КазГу-ді бітірген. Лениншіл жас «жалын» баспаларында жұмыс жасаған. Оның шығармалары шет тілдеріне аударылған.(поляк, испан, венгр т. б). Ш. Айтматовтың Э. Хемингуэйдің шығармаларын қазақшаға аударған. Бердіқұлов – жазушы, әрі аудармашы.
Тұйғын деген не? Ол қандай мағына береді?
Тұйғын қаз, үйрек аулап қоректенетін лашын тұқымдас жыртқыш құс. Лашынның тұйғын, көкжендет дейтін түрлері бар. Бұл құс алғыр, сезімтал, қырағы берік құс. Махамбеттің «қызғыш құс» деген өлеңінде. Сені көлден айырған хан Жәңгірдің екпіні. Мені көлден айырған Лашын құстың текпіні деген жолдар бар. Сонда лашын тегеуріні қатты, тепкісі күшті құс екен. Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі. Сондықтан оны «қызыл кітапқа» енгізіп қорғауға алынған, балаға атты ата - анасы болашақта осы құстай самғап, биікке шығып, өрлей берсін деген ниетпен қойған да болар.

IV. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру.
Мәтіннің негізгі кейіпкері кішкентай Тұйғын туралы айтылады. Ол кішкентайынан бастап велосипед тебуді жақсы көрген. Ол велосипедті қосалқы кәсіп етемін деп ойламағанда еді. Бір күні олар ойнап жүргенде қастарынан қаздай тізіліп велосипедші қыздар өте шығады. Балаларда велосипедтеріне мініп, арттарынан қуады. Олар шаршап қала береді. Тұйғын ғана қыздардың артарынан еріп, ақыры жетеді. Қыздар оған таң қалады. Сонда қыздардың біреуі арқасынан қағып, жігіттің сұлтаны болсын дейді. Айтқандай Тұйғын бүкіл елді қуантып, чемпион атанады.

V. Мәтінді оқу: (Оқулықпен жұмыс)
Түсініксіз сөздерді түртіп отырып белгілеу.

VI. Сөздік жұмысын жүргізу.
Екпініп қуды - шапшаң қуды.
Көзге ілінді - көзге көрінді.
Қозы көш жер - жақын жер.
Мүсіндеп соққан - әдемілеп соққан.

VII. Оқушыларға оқыту, бөлімге бөлу. Жоспар:
1. Алғашқы сыйлық.
2. Велосипедшілердің соңынан қуу.
3. Қыздармен болған әңгіме.
4. Тұйғын - чемпион.
VIII. Мәтіндегі жер аттары: «Бұғымүйіз», Бөгеті, Қауымшыл.

IX. Суретпен жұмыс.
Алынған суреттер бойынша әңгімелеу.
Футбол, волейбол, коньки, хоккей, мотоцикл жарысы.
Тұйғынға мінездеме беру.
Тұйғын - қайсар, талапты, әдепті, чемпион.
ХІ. Үйге:
ХІІ. Бағалау:
ХІІІ. Қорытындылау:
Венн диаграммасы арқылы қорытындылау.

Тұйғын ------------------ Ұқсастығы --------- Тұйғын
Адамның аты. -------------------------------- Құстың аты,
Бала, адам. ----------------------------------жыртқыш құс,
------------------------- тірі табиғат.
3 844
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә. Ысқабай «Көктем қандай көрікті!»
Ә. Ысқабай «Көктем қандай көрікті!»
Мәтінмен таныстыру, мәтін мазмұны туралы түсінік беру. Мәтінді саналы түсініп, мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру.
Қазақтың дәстүрлері
Қазақтың дәстүрлері
Фариза Оңғарсынова өмір жолы мен шығармашылығын тереңірек таныстыру. Қазақтың дәстүрлері туралы мағлұматтарын кеңейту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға, аша білуге үйрету.
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мқғалімі Жанкеева Нұргүл Жауынбаевна
Жүсіпбек Аймауытов «Құштарлық»
Жүсіпбек Аймауытов «Құштарлық»
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Қасиет Байдашқызы
Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып
Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып
Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×