Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


(Сыныптан тыс шара) Кішкентай арулар

23 қыркүйек 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныптан тыс шараның тақырыбы: Кішкентай арулар

Мақсаты: Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Болашақ ұрпақтың ұлттық салт - дәстүрді қастерлеп, тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата - ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын арттыра түсу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: шар, нақыл сөздер, гүл шоқтары, баға жетондары
Барысы:
Наурыз күні - Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
Құрметті асыл аналар, қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Талғат Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Аруларымыз ортада,
Көзайымын алайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық.

Мерекесі халықтың,
Көктем тойын тойлайық.
Көктем тойына арналған,
Сайысты біз бастайық.
Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Кішкентай арулар» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларды шақырамыз.
( «Қыз сыны» әуені орындалады.)

І кезең «Таныстыру»
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.

ІІ кезең «Шебер қолдар»
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан. - демекші, біздің қыздарымыз гүл шоқтарын желімдеп жинастыру шарт. Ал аруларымыз еңбектеніп болғанша біздің ер балаларымыз аналарға арналған әсем әндерін тыңдайық!

Талғат Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық

Ән: «Ақ мамам»

Әділ Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз

ІІІ кезең «Алғыр болсаң тауып көр»
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың келесі кезеңінде қыздардың салт - дәстүрге байланысты білімін сынайық. /Плакатта гүлдің суреті, қыздар гүлдің біреуін үзіп, артындағы сұрағына жауап береді/
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
3. Наурыз көже қалай дайындалады?
4. Адамдарға құстың атауымен берілген есімдерді ата?
5. Қандай салт - дәстүрлерді білесің?
6. Гүл атауларын ата.
7. Қыз баланың ұлттық киімдерін ата
8. Сүттен жасалатын тағамдар.
9. Төрт түлік туралы не білесің?
10. Қасиетті сандар туралы не білесің?

Аллаберген Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

Әділ Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Баланды әже қуантып
Ұзақ өмір өмір сүріңіз

ІҮ кезең «Мәнерлеп оқу»
Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздары - мызға айтылған теңеулер. Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып.
Қос арулар сөз айтар» - демекші сайысымыздың келесі бөлімінде кішкентай аруларымыздың мәнерлеп тақпақ оқумен таныс боласыздар. (Ана туралы)

Ақылбек Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде қыздарға
Достық жырын арнаймыз
Ән: «Апам үшін күнде мен»

Алмаз Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ү кезең «Менің анам аспазшы» үй тапсырмасы
«Ас - адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен таныстырады және жасалу жолдарын айтып береді.

Еркін Той - тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне балаларың.

Ақылбек Асыл анам, анашым, айтар әнім,
Аймалаумен бейнеңді жәй табамын.
Тірі жүрсем өмірде ақ сүтіңді
Үлбіреген жыр - гүлмен қайтарамын.

Аналарға арналған ойын:

ҮІ кезең «Өнер сайысы»
Көркемөнер - жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған балқаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса,- дей келе қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз достарымызға береміз.

Нұржау Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі сәнін,

Ананың әрбір сөзі ой талабы,
Жүректің тереңі әнде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты Ана еңбегі ақталады.
Әжелерге арналған сайыс: «Тыйым сөздер мен жиі қолданылатын мақал - мәтелдер»
Ән: «Әже»
Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік./Марапаттау/

Ринат Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ұстаздар

Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
Осымен Аналар мерекесіне арналған сайысымыз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
7 131
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Аяулы аналар
Аяулы аналар
«Аяулы аналар» 1 - жүргізуші Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді.
Кішкентай арулар
Кішкентай арулар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі Шенгелбаева Жанар
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Балабақша аруы
Балабақша аруы
Ақтөбе қаласы, Мұғалжарауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Аяулы анашым
Аяулы анашым
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×