Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстардың қысқа дайындығы

03 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстардың қысқа дайындығы.
Сабақтың мақсаты: 1. Құстар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер, құстардың Қысқы тіршілігі жайында мағлұмат беру.
2. Оқушыларға тірі және өлі табиғаттың арасындағы байланысты түсіндіру арқылы дүниетанымын дамыту, сөздік қорын дамыту.
3. Құстарға қамқорлық жасау, табиғат сырын түсінуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі.
Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, слайдтар.

Б А Р Ы СЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық жасау: баяу музыка ырғағымен:
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық. (Слайд 2)
2. Суреттер тарату арқылы 2 топқа бөлу:
1 - топ Құлыншақтар.
2 - топ Қошақандар. Ана тілінен оқыған төлдер туралы өлеңдерін еске түсіру.
3. Ширату. Әр топқа сұрақтар қою.

1. Құлыншақтарға:
" Қыста болатын ызғарлы суық (аяз)
" Аяздың әсерінен қатқан су (мұз)
" Арқасында тауы бар жануарды ата (түйе)
" Құста қанат, адамда..... (қол)

2. Қошақандарға:
" Бұзауда төрт аяқ, ал адамда........ (екі аяқ)
" Үйрек, тауық, қаз, әтеш? (үй құстары)
" Жаңа жауған таза қар (ақша қар)
" Өзіңді неден көре аласың? (айнадан)
4. Ендеше дайын болсақ үйтапсырмасын еске түсірейік.
1-топ. Аңдардың түлеуі (Сл 4)
2 - топ Малды қыста күтіп бағу.(Сл. 5) 1 - 2 баладан мазмұнын сұрау.

Үй тапсырмасын бекіту: Малды күтіп бағуға байланысты мақал - мәтел айтып жарысу.(Слайд 6) Жеңген топқа жұлдызша таратып беріп отыру. Өте жақсы - қызыл, жақсы - көк түсті

Ой қозғау:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?, Біздің айналамызда сайраған көп құстарды көреміз бе, олар қайда кеткен? (Слайд 7)
Топтарға жұмбақ жасыру:(Жаңа тақырыпты болжау мақсатында)
Сл 8 Күндіз соқыр не деген,
Түнде сондай көреген. (Үкі)
Сл. 9 Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қалады - ай. (Үйрек)
Сл, 10. Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін. (Қарлығаш)
Сл. 11. Тұмсығы - қашау, кәсібі - үй жасау,
Ағашты қорғап, зиянкестерді асау. (Тоқылдақ)

5. Жаңа сабақ
- Біз нелер туралы жұмбақтар шештік?. Олай болса біздің бүгінгі сабағымыз құстардың қысқа дайындығы туралы болмақ. (Слайд 12)
Сл 13. Жалпы біздің жерімізде құстардың сан алуан түрі мекендейді. Құстардың 8600 түрі бар. Олардың басқа жануарлардан ерекшелігі: олар ұшады екен.( Сл. 14)
А) Мәтінмен жұмыс жасау.( Сл. 15, 16, 17 көрсету арқылы мәтінді оқып, әңгімелеп беремін)
Ә) Сл. 18. Құстар түрлі зиянкестерді теріп жеу арқылы табиғатқа көп пайда келтіреді. (Қосымша мәліметтер беру)
Б) Сл. 19. Есіңе сақта: Күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде туған жерге қайтып оралатын құстарды жыл құстары дейміз.
В) Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізу.
Д) 1 - 2 балаға мәнерлеп оқытамын.
Сергіту сәті: Музыкамен: Менімен бірге қайтала.

Топтармен жұмыс жүргізу:
1. Қошақандарға: Сл. 21.
- Суретте құстардың жылы жаққа ұшып бара жатқан тізбектері бейнеленген. Қай тізбек қай құстыкі екенін анықтап, суретті орнына қою керек.
- Жыл құстары жылдың қай мезгілінде жылы жаққа ұшады, неліктен?
Мұғалім: Құстардың ұшу тізбегі бойынша қосымша мағлұмат беру. Сл. 22.
2. Құлыншақтарға. Сл. 23.
- Құстарды атап, оның ішінде ұша алмайтын құстарды V белгіле.
- Қыстап қалатын қандай құстарды білеміз?
Мұғалім: Ұша алмайтын пингвин, дуадақ жайлы қосымша мағлұмат беру. Сл. 24.

6. Сабақты қорыту: " Жемшашар" ойынын ойнау. Сл. 25.
Әрбір балаға сұрақтар жазып беріп, жемшашарға әкеп жауап беріп, жапсырады.
Торғай, торғай торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.

7. Үйге тапсырма: Сл. 26. Мәтінді оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беру.
8. Білімдерін бағалау.
11 307
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелейді. - Жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінің қай айы? - Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады? Жауып тұрған қарлар артындағы сұрақтарға жауап берейік. - Біз немен дем аламыз? - Нені басып жүреміз?
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Құстардың қысқа дайындығы
Құстардың қысқа дайындығы
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасының бастауыш сынып мұғалімі Адебиет Гүлрауза
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×