Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7 санының құпиясы

05 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: 7 санының маңызы мен қасиетін ашу, 7 саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, оқушыларды ойландыруға, пікір таластыруға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға, тілек айта білуге, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Барысы:
Мұғалім:
- Бүгінгі сабағымыз табиғаттың тылсым сырын тануға шақырады, ол халықтың кие тұтқан санының құпиясы. Оны түсіну үшін біз өте білімді, көп оқыған азамат болуымыз шарт.
- Ал ол қай сан екенін білейік.
1 - оқушы:
- Табиғаттың біз білмейтін құпиясы өте көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн бар. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктері.
2 - оқушы:
- Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7 - ші күні беріліп, қайтыс болған кісінің жетісі беріледі. Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі» десе. Көкті 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндірген.
3 - оқушы:
- Әз Тәуке ханның 7 жарғысы мен 7 қазына деген атаулардағы 7-лік санының тектен - текке тумағандығы айқын.
4 - оқушы:
- Менің қосарым қауіп-қатерден аман қалған адам үшін не анасы, не жұбайы 7 шелпек пісіріп, садақаға 7 түрлі нәрсе таратуы да наным түсініктен ғана тумаған құбылыс. «7-ге келгенше жерден 7 рет таяқ жейсің», «7 атасын білмеген жетесіз» деген.
Көрініс:
«Кім жақын, не қымбат, не қиын?»
Қазыбек би ортада отыр. Оған бір адам келіп «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа жауап беріңізші деп қиылып отырып алады.
Қазыбек би:
7 жақынды айтайын:
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын,
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын – қарындасың,
Сыйлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
7 қымбатты айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт береке - атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
- Енді 7 қиынды айтайын:
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Шаншылған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын,
Тентек болса ұл қиын,
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың!
5 - оқушы:
- 7 деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, 7 қасиетті сан болып есептеледі. Ислам аңызы бойынша 7 қазынаға мыналар жатады:
Бірінші - Қыдыр. Алланың керемет кісі етіп жаратқан пайғамбары
Екінші - бақ. Бақ дарымайды, бақ қонады.
Үшінші - ақыл. Ақыл байлық пен бақыттың тірегі.
6 - оқушы
Төртінші - денсаулық. Деніңізге саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды.
Бесінші - ақ жаулық.
Алтыншы - тұз. Тұссыз жасалған тағамда дәм де, мән де болмайды,
Жетінші - ит. Адамның серігі, қорғаушысы.

Мұғалім:
- Ал неде қасиет жоқ деген ата - бабамыз?
7 - оқушы:
Бал салмаса ара
Жанбай жатқан шала
Әдепсіз болса бала
Әділетсіз болса дана
Көк шықпаса жер
Ойсыз болса ер
Жылуы болмаса түбіт
Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз
Қатық
қымыз
сүт
шырын
шұбат
минералды су
айран

8 - оқушы:
Жылқыда өт жоқ
Құста сүт жоқ
Таста тамыр жоқ
Тасбақада талақ жоқ
Аспанда тіреу жоқ
Аллада бауыр жоқ
Мұғалім:
- Қазақ халқы ғана емес, әлем халықтары да 7 санын қастерлеген. Мен әлемнің 7 кереметін айтып шығайын:
1. Хеопс пирамидасы
2. Семирамиданың аспалы бағы
3. Артемида ғибадатханасы
4. Галикарнас мавзолейі
5. Александрия шамшырағы
6. Родос олабы
7. Зевс мүсіні

Мұғалім:
- Осы айтқандарымды жинақтай келсек.

Осы жасағанымыз неге ұқсады?
- Әрине гүлге.
- Гүлді кімге сыйлаймыз?
Анаға, әжеге, қызға, достарына, өнер адамдарына, туған күг иелеріне, мектепке алғаш барған бала ұстазына.
- Гүл сыйлағанда қандай тілектер айтамыз?
(бір - біріне тілек айтады)

Қорытынды:
7 жаманды білмегенді арзан деген,
7 жетімді білмегенді надан деген,
7 руды білмегенді ел аралап,
Жер көрмегенді көссіз деген,
7 жарғыны білмегенді жөнсіз деген,
7 атасын білмегенді жетесіз деген,
7 жетімді білмегенді көкірек, көр деген
7 жетіні білгенді адам деген.

Халқымыз қасиетті 7 деген санынан осылайша талай - талай мағыналы, мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау еткен. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ шежіресін үйретуде бұл қасиетті ұғымның үлесі үлкен болған.

Би: «Гүл - Қыздар», ән «Бала тілегі».
7 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Оқушыларға 9 саны мен құрамы туралы түсінік беру, 9 санын жазуға басқа сандармен салыстыруға, құрамындағы сандарды білуге үйрету.
Жеті қазына
Жеті қазына
Оқушыларға өз елін қастерлеуге, «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін, Отанын сүюге, қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
7 - ні қосу және азайту
7 - ні қосу және азайту
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Дуйсалиева Айконил
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы. Сабақтың мақсаты: 1. 9 санының құрамын білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×