Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күлпаш. Бейімбет Майлин

12 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: Күлпаш Б. Майлин.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Б. Майлин туралы мағлұмат беру. Ел басынан өткен қиын кезеңдер туралы түсінік
бере отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра баяндай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Сөздік қорын молайта отырып, ауызша баяндап беру дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тест, суреттер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың зейінін, ынтасын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады баршаға

Үй тапсырмасын тексеру.
1. мазмұны
2. сахналық көрініс
3. тест
Жаңа сабақ.
Автор туралы мағлұмат беру.
Ата - бабам тарихым менің тарихым.
Қостанай облысының Тобыл ауданында дүниеге келген.
Ауыл мектебінде сауат ашқан.
Уфа қаласында «Ғалия» медресесінде білім алған.
Медресе суреті.
Кітаптары.

Өлең жолдары.
Жырлағаным - кедейдің жыры,
Сырлағаным - кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір -
Мендағы сол кедейдің бірі.

Сұрақ.
«Кедей» деген сөзді қалай түсінесің?
Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында өкімет халықтың күн көрісінің жалғыз ғана жолы қолындағы малын зорлық пен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке айналдырады. Одан қалған жарым малдарын ет, май астық жоспарларын дайындап тағы тартып алды. Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ шаруалары төрт – түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады. Табысы жоқ колхоздан, жергілікті үкіметтен жәрдем ала алмаған халқымыз ендігі жерде ашаршылыққа ұшырады.
1921 - 1922 жылдары және 1931 - 1933 жылдар Қазақтың тіпті адамзат тарихында бұрын - соңды естіп білмеген қасіретке толы жылдар. Кейбір деректер бойынша 4 млн 100 мың қазақ баласы қайтыс болды.

Мәтінмен жұмыс.
Күлпаш.
Тақырыпты жоспар бойынша түсіндіру.
Күлпаштың баласы Қалидың, күйеуі Мақтымның, үйінің болмысын сипаттау.
Күлпаш пен Қалидың әңгімесі.
Мақтымның бос оралуы.
Мәтінді мәнерлеп оқыту. (екі бөлімді екі оқушыға)

Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс.
Өрім - өрім – тозған, жыртылған.
Бөкебай - басқа жамылатын шәлі.
Ызғырық – суық жел.
Өлмем кедей – өте кедей.
Сергіту сәті.

Сабақты қорыту.
Сұрақтар:
1. Ел басынан немесе Күлпаштың басынан өткен әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
2. Күлпашты сипаттау.
3. Күлпаштың үйін сипаттау.
4. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге күтеді?
5. Бәрі де шықпа жаным шықпа деп отырған секілді дегенді қалай түсінесің?

6. Мақтыммен Күлпаш неге жылады?
7. Бұл оқаға бүгінгі күні болса, сендер Күлпашпен Қалиға қалай көмектесер едіңіз?
8. Суретпен жұмыс.
Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсыз?
Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып сурет бойынша әңгіме құра.
Қорытындылау.
Бағалау
Үй тапсырмасы.
11 438
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
С. Торайғыров. «Кедей»
С. Торайғыров. «Кедей»
Өлеңдегі оқиғаны өз түсінігімен жеткізе білуге дағдыланып, тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайтады. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелейді.
Күлпаш
Күлпаш
Бейімбет Майлин туралы түсінік беру. Күлпаш әңгімесін талдап мазмұнынашу. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін айту, оны дәлелдей білу
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Бекетова Балжан Байгерейқызы
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
Жалмуханова Балауса Хоныспаевна Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Атырау қаласы
Бейімбет Майлин "Күлпаш"
Бейімбет Майлин "Күлпаш"
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мадиева Гулжан Қуанышқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×