Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткенді қайталау (4 сынып математика)

19 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика (4 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлуге есептер шығару, ауызша және жазбаша есептеу, логикалық ойлау дағдыларын тексеру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, шапшаңдыққа, тез ойлауға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Логикалық ой өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың бұл кезеңінде психологиялық дайындық жүргізіледі. Балалар партаға бастарын қойып, көздерін жұмып, мұғалімнің сөзін қайталайды: Мен мектепте сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын. Менің зейінім артып келеді. Есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге дайынмын.
2. Тірек білімдерін белсендіру. Өткен сабақты бекіту
- Олай болса, өткен сабақтарда алған білімдеріміз толық естеріңде ме, соны тексеріп көрелік? Ол үшін үй тапсырмасын ауызша тексеріп шығайық.

№3 (а)
3 вагонға - 144т ------------------- 5 көйлекке - 15 м
240т -? т ------------------- 60м -? көйлек
480т -? т ------------------- Ш: 15: 5=3
Ш: 144: 3=48 ------------------- 60: 3=20
240: 48=5 ------------------- Ж. 20 көйлек
480: 48=10
Ж: 5 вагон, 10вагон

№7
5ғ=.....
9 тәул2сағ=.....
12 апта 5тәул=.....
72сағ=.....
7мин 25сек=....
612с=.....
5 ж 8ай=...
1 ай 2тәул=....
185 мин=...
Мұғалім оқушылардан өткен сабақтарда не үйренгендерін еске түсіруді сұрайды.

3. Жаңа сабаққа кіріспе
- Балалар, біз өткен сабақтарда қандай амалдармен таныстық?
- Дұрыс. Көп таңбалы сандарды 1 таңбалы санға көбейту мен бөлуді таныстық. Ендеше бүгінгі сабағымыз осы алған білімдерімізді тиянақтауға арналады. Яғни бүгін қайталау сабағы.
4. Қайталау тапсырмаларын орындау.
Екі топқа бөлінеміз. Топтық тапсырмалар орындау арқылы білімдерімізді бекітеміз.
1 - топ. Алина, Аят, Мақсұт, Әсем
2 - топ. Ақсұлу, Арайлым, Дамир, Дамир
Оқулықтағы №1 тапсырманы ауызша орындаймыз.
...................

№2 мысалды бір - біреуден тақтада орындаймыз. 2 топқа 4 тапсырмадан беру.
3600*5=18000 ------------------------ 18000: 5=3600 ------------------- 10693*4=42772 42772: 4=10693
184308*3=552924 ------------------- 552924: 3=184308 -------------- 80599*2=161198 161198: 2=80599

№6 мысалды «Кім жылдам?» түрінде шығарамыз.
11сағ18мин (678 мин)- 5сағ35мин(335мин)=
5сағ 26мин (326 мин)+3 сағ. 44мин. (224мин)=
6тәул 11сағ (155сағ.)- 5 тәул. 18сағ. (138сағ)=
7ж 9ай (93 ай)+10 ай=
3 апта 5күн (26 күн)- 1апта 6күн(13күн)=
2 тәул. 18сағ.(66 сағ.)+5тәул. 10сағ. (130 сағ.)=

5. «Ширату» Логикалық тапсырмалар.
Қазақ тілімен байланыс. Әріптердің орнын ауыстырып басқа сөз жасау.
Үлгі: Нота - Отан
1 - топқа ---------------- 2 - топқа
Қатар - ------------------- ағат -
Алуа - -------------------- күрке -
Қарта - ------------------- шара -
Аршын - ----------------- рота -
Орақ - ------------------- шаршы -

6. «Графикалық диктант»
..................

7. «Математикалық диктант»
84264: 2 =
13042 * 2 =
63297 + 19906 =
31202 – 80090 =
2 сағ. 45мин + 54 мин =
1 сағ. 12мин – 47 мин =

8. « Көркем жазу минуты»
1, 2, 3 сандарын пайдаланып, үш таңбалы сандарды жаз (123, 132, 213, 231, 321, 312). Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды ата. Ең үлкен сан ше? 1 ондығы бар, 1 бірлігі бар, 3 ондығы бар сандарды ата. Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар? Осы сандарды қандай топтарға бөлуге болады?

9. Бекіту. ТЕСТ
- Сабақтың мақсаты қандай болды?
- Сабақтағы тапсырмаларды орындай отырып, біз мақсатымызға жеттік деп айта аламыз ба?
- Сабақта не ұнады?
- Сабақта қандай тапсырма қиын болды?
- Қандай тапсырма жеңіл болды?
- Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларына баға беру

10 Үйге тапсырма
Өткен сабақтарды қайталау. Көбейту таблицасын еске түсіру.
61 213
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.
Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру.
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін жаңа технологияның элементтерін тиімді пайдалана отырып деңгейлік тапсырма беру барысында оқушыларға тақырыпты ұғындыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; жылдамдыққа,
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×