Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау – білім анасы

20 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қайталау – білім анасы.
Мақсаты: 1. Жыл бойы өтілетін дыбыстар мен әріптерді қайталау. Буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін бекіту.
2. Ойын элементтері арқылы оқушылардың ой - өрісін, шығармашылығын арттыру, тілін, ойлау, еске сақтау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын кеңейту. Балаларды зейінділікке, өз беттерімен тез ойлауға үйрету.
3. Білім алуға деген құштарлығын, пәнге деген қызығушылығын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Ойын - сабақ.
Көрнекілік: Қызыл, көк түсті текшелер, магнит тақта, магнитофон, интерактивтік тақта, үлестірмелі суреттер, плакаттар.
Әдіс - тәсілдер: Ойын, көрнекілік, сөздік, практикалық.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Мектеп алды даярлық « Балдырған» тобының қазақ тілі сабағына қош келдіңіздер!
Балалар, шеңберге тұрып, қолымыздан ұстайық.
- Нені сезіндік?
- Жылулық, достық, татулық, бәріміз бірге екенімізді.
- Дұрыс. Көңіл - күйіміз қандай?
- Жақсы! /Плакат ілінеді/
- Ендеше осы көңіл - күймен сабағымызды бастайық. /Балалар орындарына отырады./

II Өткенді қайталап, пысықтау. Балалар, қайталау - білім анасы демекші, бүгін жыл бойы өткенді қайталаймыз. Сабақ ойын түрінде өтеді. Бірақ ұмытпаңдар!
Біздің мақсатымыз: « Ойнайық та, ойлайық!»
- Дыбыс дегеніміз не? Олар нешеге бөлінеді? Дауысты, дауыссыз
деп неге аталады? Дидактикалық ойын ойнап жіберейік,
«Такси» ойыны./2 оқушы/.
- Әріп деген не? Ендеше теледидар экранына қараңдаршы
Тор - төр
Соз - сөз
Ор - өр
- оқыту, айырмашылығын айтқызу /Жуан, жіңішке дауыстылар/.
- Таңқалатын жағдай. /Есік қағып, Жұмбақбай атай мен Білмеспек кіреді/.
Жұмбақбай атай:
Амансыңдар ма, балаларым! Сендерге бүгін ашық сабақ болады, деп естіп, Білмеспекті ертіп келдім. Білмейтінің үйренсін, үйретіңдер. Өзім де құр қол емеспін. Сендерге « Ғажап дорба»
әкелдім. Ішінде тапсырмаларым бар, орындап көріңдер, білімдеріңді тексеріңдер.

Жұмбақ жасырады:
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай саладан ағады.
Бүршік атып,
Жапырақ шашып.
Бұл қай кезде болады?
/ көктемде/.
Жұмбақбай ата: Тапсырма осы мезгілге байланысты.
Мұғалім: Жұмбақбай атай, Білмеспек, төрлетіңіздер. Балалар «Ғажап дорбаны» ашайық па? Білмеспек, болысып жіберші. Мынау не?
/Буындар - плакат/.
Білмеспек: Білмеймін.
Мұғалім: Онда Білмеспекке көмектесейік. «Кім жылдам?» деп аталатын дидактикалық ойын. / Буындармен жұмыс - оқыту, сөздер құрату/.
Мұғалім: Балалар, көктемде мал төлдеп, күн жылынып, өздерің ойыншықтарыңды алып, далаға шығып, гүл тересіңдер. Осыған байланысты Жұмбақбай атай бізге тағы бір ойын алып келіпті.
«Дыбыстарды ажырату» деп аталады екен. Мына суреттердегі сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.
- Төлдерді, гүлдерді қайтеміз?
- Аялаймыз, қорғаймыз.
- Ойыншықтарды ше?
- Сындырмаймыз. / Жұмыстарын тексеру/.
Балалар, дыбыстық талдауды барлықтарың дұрыс орындадыңдар, жарайсыңдар.

Мұғалім: Келесі тапсырмамыз «Кім тапқыр?» ойыны. (Карточкалар таратып беру. Сөзді оқып, буындап, сөйлем құрату). Бұл тапсырманы жұптасып орындаймыз. /1мин./
- Ақылдасып алыңдар, дайынсыңдар ма?- тексеру / - 10 жұп жауап береді/.
Енді, балалар, бір сәт дем алып алайық. /муз. сергіту сәті/.
Оқушылар көздерін жұмып, қолдарын тізелеріне қойып, денелерін бос ұстайды. Әуен тыңдайды /магнитофон/.
- Бүгінгі күн тамаша.
- Мен өзімді жақсы сезінудемін.
- Мен өзіме сенімдімін.
- Мен ақылды болып өсіп келемін.
- Барлығы қолымнан келеді.
Мұғалім: Көзімізді ашып, жұмысымызды жалғастырайық. Тақтаға қарайық. Сөзжұмбақ шешіп көрейік.
1. Күн
2. Өрік
3. Көжек
4. Торт
5. Ешкі
6. Мама

1. Аспандағы жанып тұрған от.
2. Жемістің аты.
3. Қоянның баласы.
4. Тәтті тағам.
5. Лақтың анасы (енесі).
6. «Ана» деген сөздің орысшасы.

Тігінен қандай сөз шықты? КӨКТЕМ.
Сөздерден не құралады? - Сөйлем.
Көктем келді далаға. Құстар ұшып келді.
Теледидарға қараңыздар.

Тапсырма: Сөйлемдерді оқып беру. 2 оқушы тақтада сөйлемнің графикалық сызбасын сызып, түсіндіреді.
Жұмбақбай атай: Менің соңғы тапсырмам, балалар, мына тесттің сұрақтарына жауап беріңдерші.
1. Қар ериді.
А) Қыста Ә) Көктемде
2. «Көктем» сөзінде неше буын?
А) 1 Ә) 2
3. Құстың ұясын бұзба! Сөйлемде неше сөз?
А) 2 Ә) 3
(Тапсырма 1 бет қағазға орындалады).
Сергіту сәті: Теңселеді ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Біп - биік боп өседі.
Жұмбақбай атай: Жарайсыңдар, балаларым, мен риза болдым.
Тапсырмаларымды бәрін бұлжытпай орындадыңыздар, білімді екенсіңдер, рахмет!

III Рефлексия.
Мұғалім: Жұмбақбай атай, сізге көп рахмет. Білмесбек бізден көп үлгі, жақсы қасиеттер алды, рахмет саған. Білмесбек біздің балалармен бірге болсын, бұдан да көп нәрсені үйренесің.
Сау болыңыз!
Ал біз, балалар, өзіміздің жұмысымызға баға берейік.
(2 - 3 бала сөйлейді). Барлығын жақсы сабаққа қатыстыңдар.
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Аман - сау болайық!
9 406
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табуға, сөйлем құрап айтуға үйрету.
Қайталау – білім анасы
Қайталау – білім анасы
Ойын элементтері арқылы оқушылардың ой - өрісін, шығармашылығын арттыру, тілін, ойлау, еске сақтау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын кеңейту. Балаларды зейінділікке, өз беттерімен тез ойлауға үйрету.
О дыбысы мен әріпі
О дыбысы мен әріпі
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №18 балабақша тәрбиешісі Рустемханова Айгерим Сериковна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Қазақ тілін білемін
Қазақ тілін білемін
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" бөбектер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Еркин Армангуль Мажитовна
Т дыбысы
Т дыбысы
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің даярлық сынып мұғалімі Чурчутова Мариягуль Токтаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×