Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дос болайық бәріміз

29 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Өзін – өзі тану ашық сабақ
«Дос болайық бәріміз» (презентациясымен)

Сабақтың тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты: Балалардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым – қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір - біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.
Көрнекі құралдары: жапырақтар, үнтаспа, мультфильм.
Мұғалімнің сөзі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Дос болайық бәріміз» атты ашық сабағымыздың
«Шаттық шеңберіне» шақырамын.
- Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.
Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).
- Балалар, бүгін біз «Адал достық» қаласына мейірімділік жолымен барамыз.
Мультфильм қосу «Ғажайыпстанға саяхат»
Осы қалаға менің сұрағыма жауап бергендер ғана кіре алады. Ал менің сұрағым осындай:
сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
ал айнымас досы бар адам – ең бақытты адам – дегенді қалай түсінесіңдер?
- қандай достықты біз «адал» деп айтамыз?
Балалардың жауаптарын тыңдау (таза, ашық, мейірімді, қамқор, сүюші, айнымас)

Ал енді сендерге «Екі дос»ертегісін оқып берейін

«Екі дос» ертегісі
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
- Қалай ойлайсыңдар бұлар адал дос па?

Жаңа ақпарат
Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі – адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық.
Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір – бірімізге адал дос болайық.

Сыныппен жұмыс: Мына дәйексөздердің ішінен біздің сабағымызға келетінін таңдап алайық
Жақсы жолдас – жанға серік,
Жаман жолдас – малға серік.

«Татулық – достық кепілі»

Достық малға емес, басқа жарасады,
Нағыз дос бір - біріне шынайы қарасады.
Амандық шешен

Тыныштық сәті
- Ал, енді көздеріңді жұмып отырыңдар, мен әдемі әуен қоямын, ал сендер оны тыңдап өз достарыңа қандай жақсылық жасағандарыңды естеріне түсіріңдер.
(Балалар әуенді тыңдап, өз ойларын айтып береді. Сендер бір - біріңнің жауаптарыңды тыңдадыңдар, ал енді айтыңдаршы)

- Сендердің араларында қай баланы «Адал дос» деп айтуға болады? Неліктен олай ойлайсыңдар?

- мінеки, біз «Адал дос» қаласына кірдік, өйткені сендерде барлықтарында ашық, мейірімді, жылы, аялы, қамқор жүректерің бар.

- Сендердің жауаптарыңды тыңдап, сендерде шынында адал дос болатындарыңа көзім жетті.

Мына жағдаяттарды талдап көрейікші

1. Сырым мен Жанар дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Жанардың басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.
- Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма?
- Неліктен?
- Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?

2. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

3. Екінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.
Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?

Періште келеді:
Саламатсыңдар ма балалар! Мен орманнан келген періште қызбын. Орманда көлеңкесінде саялайтын мәуелі ағашым бар еді. Сол ағашымның қатты желден жапырақтары түсіп қалыпты. Сол жапырақтарды қайта орнына жапсырайын деп едім, жапырақтағы тапсырмаларды орындауға жалғыз өзімнің шамам келер емес. Тапсырмаларды орындасуға достар іздеп келіп едім. Маған көмектесесіңдер ме балалар?
(періште қыз балалармен достасады)
Жапырақтар тапсырмасын орындау:
Әдептілікті кімнен үйренеміз? (данадан)
Дана деген кім? (көпті көрген қария)
Мейірімділікті кімнен үйренеміз? (анадан)

Мақалды жалғастыру:
Жақсымен жолдас болсаң,
(Жетерсің мұратқа.)
Жаманмен жолдас болсаң,
(Қаларсың ұятқа
Жүз сомың болғанша,
(жүз досың болсын).
Балалар, ал сендер достық, мейірімділік, махаббат туралы тақпақтар білесіңдер ме? Періште қызға кім айтып береді?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 800
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Достық - ұлы ұғым
Достық - ұлы ұғым
Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру, балалардың достық ой - пікірлерін дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос таба білуге баулу, балалардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірлерін сыйлауға, адал дос болуға үйрету.
Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету; Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Мақсаты: Балалардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. 3 көлемінде сандық есептеуге үйрету.
Сен және сенің достарың
Сен және сенің достарың
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×