Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


21-ден 100-ге дейінгі сандарды пысықтау

18 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандарды пысықтау.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқу - ң білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқу - ң логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сөзжұмбақ.
Керекті құрал: слайдтар, қима қағаз.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық.
2. Оқу - ң қызығушылығын ояту.
Сендердің мақсаттарын: есептерді шапшаң шығару, өздеріңді дұрыс бағалай білу.
- Балалар, бір - біріне қарап, күлімсіреп іштей сәттілік тілеңдер.
Мен де сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.
Балалар, біз жақында қандай мерекені тойлаймыз?
- Тәуелсіздіктің 22жылы.
Әр тойда киіз үйлер тігіледі. Біз де сол тойға дайындалайық. Бүгінде сендерге сондай киіз үйлер берілген. Бұл киіз үйлердің әрқайсысында тапсырмалар бар. Егер бәрі тапсырмаларды орындасақ, біздің киіз үйлеріміз сол тойда тігіледі.
І «Талап» Үй жұмысын тексеру. Әр топтың командирлері жетондар алады.
«Сенім» «Делегат» «Таңдау»

1. Жұмбақ есеп
«Мұз айдынында он бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай сегіз бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар баланың
Дәптермен жұмыс Санын айтсаң жарадың». /18/
Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
/18 қараша/
- Санға мінездеме берейік.
/18 екі таңбалы сан, 1онд 8 бірлік, оның алдыңда
17 кейін 19 сандары келеді/
- Дұрыс. Енді осы 18 цифрын дәптерге жазайық.

ІІ «Еңбек» математикалық диктант.
12 - 4, 5+7, 18 - 9, 7+7, 15 - 8, 16 - 8, 13 - 6, 2+9, 19 - 7./көршілері тексереді/
ІІІ. «Терең»
«Сөзжұмбақ» тақтаға шығып, жазады.

ІҮ. «Қанағат» Үлестірмелі қима қағаз..
/өздері тексереді/

Ү. «Рақым»Қызықты сұрақтар
1/Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?/5/
2/Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қалыпты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып./6/
3/ Бір - бірімен жарысқан,
Төрт аю, екі арыстан,
Екі қоян, бір түлкі.
Бәрі нешеу кім білді?/9/
4/Бірім, бірім, бірім деп,
Үшеуі келеді біртіндеп.
Екім, екім, екім деп,
Үш жұп келеді екеулеп,
Қанша болады өзіңде?
Үлпілдеген балапан./9/

ҮІ. «Ойлап қой» 100 болатындай төрт тор көзді сызу.
Сабақты қорытындылау: - Балалар, біз барлық киіз үйлердің тапсырмаларын орындадық? Қараңдаршы «Талап», «Еңбек», «Терең ой», «Канағат», «Рақым «, «Ойлап қой» деген сөздер сендерге таныс емес пе? Қай өлеңнен үзінді алынған?
Бір оқушы өлеңді айтып береді.
Бүгін сабақта біз не істедік?
Сендерге сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма:
Парақтарыңды қарап бағаларыңды қойыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 430
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)
Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)
Натурал санның бөлінгіштігі мен еселігінің ережелерін пайдаланып, есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Біз нені үйрендік?
Біз нені үйрендік?
Жамбыл облысы, Кордай ауданы, Сарыбулак селосы. Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Салтанат Мырзашовна
1-ден 10-ға дейінгі сандар
1-ден 10-ға дейінгі сандар
Тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандар (Қайталау)
Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау
Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қайрғали Айжан Зинетоллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×