Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

26 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Білімділік: Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік: Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Типі: Аралас
Түрі: ойын сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын.
Көрнекілігі: суреттер, топшамалар, қима қағаздар, слайд.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
378 – жаттығуды оқыту арқылы тексеру.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Балалар « Бұл кім?», « Бұл не?» ойынын ойнайық. Мына суреттерге қарап сұрақ қоя отырып қай сөз табына жататынын айтыңдар.

- Не? - Қоян
- Нелер? - Сәбіздер
- Кім? - Қыз
- Кімдер? - Балалар
- Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздер қай сөз табына жатады?
- Зат есім дегеніміз не? ( ережесін сұрау)
- Қазақ тілінде басқа да қандай сөз таптарымен таныстық. Сөз таптары дегеніміз не? ( ережесін айту)

Олай болса, Сөз таптары туралы білімдеріңді тексеру үшін «Семантикалық картамен» жұмыс жасайық.
р/с ----------- Сөз ----- Сөз таптары ---- Зат есім ---- Етістік ---- Сын есім ---- Сан есім
1 бес
2 дәптер
3 қызыл
4 Айнұр
5 жазды

ІV. Жаңа сабақ.
Балалар, енді « Менен сұрақ, сенен жауап» ойынын ойнаймыз. Мына суреттерден менің сұрағыма жауап беретін сөздерді табасыңдар.

- Кім? - Мұғалім
- Кімдер? - оқушылар
- Кім? - Абай Құнанбаев
- Кім? - ата, әже
- Нелер? - бәйшешектер
- Нелер? - саңырауқұлақтар
- Не? - үкі
- Нелер? - қояндар
Осы суреттерге жауап берулеріңе қарай ереже айтып көрелік.
Адамның аты – жөніне, мамандығына, туыстық атауларға, яғни адамға қатысты сөздерге кім?, кімдер?, жануарлар мен заттарға не?, нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы, Кім? - бала, дәрігер, көке, Ұлпан. Кімдер? – аталар, ұшқыштар, оқушылар. Не? - дәптер, құс, гүл. Нелер?- кітаптар, аңдар, күректер.
Келесі ойынымыз « Кім тапқыр» ойыны. Жұмбақ шешіп тапқырлықтарыңды көрсетіңдер.
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
- Жарайсыңдар, балалар енді жұмбақ шешуіне сұрақ қояйық. ( не? – қыс )
- Бұл ненің атауы?
- Мезгіл аты.
Сонда мезгіл атына да не? деген сұрақ қойылады екен.
380 - жаттығу. Қыс айларының аттарын пайдаланып сөзжұмбақ шешейік. Кесте бойынша шешу.

- Ал, енді балалар « Қыста» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрайық. Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын ата?
- қар, бұршақ, қырау, мұз.
- Сұрақ қояйық, қай сөз табына жатады?
- Дұрыс айтасыңдар, не? сұрағына жауап бергендіктен зат есімге жатады.

Оқулықпен жұмыс: «Бұл не?» ойыны.
Суреттегі аңның терісі аса бағалы, су өткізбейді. Терісінен бағалы бөрік, жылы тон, киімге жаға жасайды. Көбіне суда тіршілік етеді.
381 – жаттығу. Мәтінді оқып, не?, нелер? сұрағына жауап беретін зат есімдерді тап. Алғашқы және соңғы сөйлемді көшіріп жазу. Мәтінге ат қою.

Құндыз.
Құндыз – ғажап қызық аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне керемет үйшіктер жасайды. Құндыздың терісі аса бағалы.

Сергіту сәті:
«Өз иесін тап» ойыны. Қима қағаздағы сөздерді сұрақтарға сәйкес қалташыққа салады.
Әуен ойнап тұрады. Әр оқушының шапшаңдығын, білімділігін анықтау.
Кім? -------- Кімдер? ----- Не? ------ Нелер?
Дәрігер ---- ұлдар ------ айна ------ гүлдер

383 - жаттығу. «Шеберлер» ойыны. Суреттегі заттарды кімдер пайдаланады? Сендер өздеріңді сол затты пайдаланушы ретінде, заттың атауын қатыстырып сөйлем құраңдар. Заттың аты құлаққа қалай естіліп тұр? Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Бұрғұ – Бұрғы, Сүргү – Сүргі, Шарғы
Үндестік заңы ілгерінді ықпал.

384 - жаттығу. «Білімділер» ойыны.
Оқы, әр жұптағы сөздерге сұрақ қой. Сұрақтың әр түрлі қойылу себебін дәлелде.
Ағаш – ағаштар ------------- қыз – қыздар
Перде – перделер --------- мұғалім – мұғалімдер
Бүркіт - бүркіттер ---------- сатушы - сатушылар

Сабақты бекіту:
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ереже сұрау.
Үйге тапсырма: 382 - жаттығу, ереже жаттау.
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
35 476
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. Болымды, болымсыз етістіктер
Сөз таптары. Болымды, болымсыз етістіктер
Сөз таптары түрлерін қайта жаңғыртады; сөздерді мағыналарына қарай топтастырады; сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды. Болымды, болымсыз етістіктерді ажырата алады.
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Сөз таптары
Сөз таптары
Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі Сыдыкова Биба
Зат есім. 322-327-жаттығу
Зат есім. 322-327-жаттығу
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Төлегенова Гүлнар
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×