Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі етістік

25 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік пен дара және күрделі етістік туралы алған білімдерін тиянақтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың етістік, дара және күрделі етістіктер жайлы алған білімдерін толықтыру.
Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Экологиялық тәрбие беру, Табиғат - Ананы, ондағы өсімдіктер дүниесіне, құстар тіршілігіне сүйіспеншілік сезімдерін ұялату, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Кубизм әдісі, Сұрақ - жауап, талдау, пысықтау.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, ертегі кейіпкерлері, «Табиғат - өз үйім» атты сурет көрмесі.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Балалар, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?
Иә.
Олай болса ертегімді бастайын.... Ерте, ерте, ертеде – деп бастап, ертегімді оқып беремін.
Балалар, көгершінге көмектесеміз бе?
Олай болса біз Аққудың тапсырмаларын орындайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау мақсатымен «Кубизм» әдісін пайдаланып, сұрақтарға жауап алу.(интерактивті тақтада)
Сұрақтар: 1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің дара және күрделі түрлеріне мысал келтір.
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары?
4. Мына сөйлемде етістік қайсы? Зада қаздарын іздеді.
5. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
А. Сын - ып та
Ә. Қо - ңы - рау
Б. Ал - ға - шқы
6. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:
А) оқу Ә) Оқуға Б) Оқушы
Жарайсыңдар, балалар, Аққудың 1 - тапсырмасын орындадық.
Енді «Блиц - турнир».
- Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім)
- Орындық, қалам, кітап сөздеріне қойылатын сұрақ. (не)
- Алға, Ақтөбе, Бестамақ – қандай зат есім? (жалқы)
- Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)
- Негізгі түбірден болған зат есім (негізгі з. е.)
- Түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған з: е. (туынды з. е.)
- Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымша (тәуелдік жалғау)
- Негізгі зат есімнен туынды з. е. жаса: Жылқы. (Жылқышы)
- Дара етістіктен күрделі етістік жаса: Оқыды (оқып отыр)
- Тәуелдік жалғауын жаса: Сенің (мектеп) (Мектебің).
Жарайсыңдар, балалар! 2 - тапсырманы да орындадық.

ІҮ. Жаңа тақырып: Күн жадын жазу.
Көркем жазу: Е е әрпін жазу.
- Етістік заттың іс - әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы. Етістікке не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады. Етістік 2-ге бөлінеді: дара және күрделі.
Қане, балалар, жаттығулар орындап, алған білімімізді нығайтайық.

Ү. Оқулықпен жұмыс. 336 - жаттығу.
Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру.
337 - жаттығу. Етістіктерді оқы.
Мағынасы қарама - қарсы етістіктерді үлгі бойынша жаз.
Балалар, біз осымен Аққудың тапсырмаларын орындадық. Көгершін сіздерге рахмет айтып, Аққуға келеді. Аққу оған: - Сен орманға бар. Үйсіз - күйсіз жүрген бір құс бар. Соған жағдайды айт. Сол саған көмектеседі,- дейді. Көгершін қуанып, орманға келеді. Әлгі құсты тауып, түсіндіреді. Ол көгершіннің тілегін орындап, теректі аман алып қалады. Ол құс қай құс деп ойлайсыңдар?
Тоқылдақ.
- Орман емшісі.
Балалар, ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?
Біздер де ағаштарды қамқорлыққа алып, олардың өсуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
Ағаш егіп, оны баптап, күтіп өсіріп қала көркеюіне, яғни жасыл желекке айналдыруға атсалысумыз керек.
Таза ауада дем алсақ денсаулығымыз нығаяды.
Осымен ертегіміз аяқталды.

ҮІ. Сергіту сәті. Қимыл - қозғалыс арқылы айту:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Интерактивті тақтада: Н. Ә. Назарбаевтың жолдауынан үзінді: «Қазақстан – ауасы таза, суы - мөлдір жасыл желекке айналуы тиіс»,- деген болатын.
ҮІІ. Бекіту. 1. 3 топқа 3түрлі әріптен басталатын етістіктер жазу.
1) А 2) Ж 3) Т
2. Сақ бол, жаңылма! Мен бір сөз айтамын. Сол сөзді өз тобына қос.
Зат есім:----
Етістік:----
ҮІІІ. Бағалау.
ІХ. Қорытындылау. Сабақ ұнады ма? Біз бүгін қандай жақсылық жасадық?
15 121
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістіктің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру, олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Дара және күрделі етістіктердің жасалу жолдарын мысалдармен түсіндіру.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Оқушылардың етістік, дара және күрделі етістіктер жайлы алған білімдерін толықтыру. Дара және күрделі етістіктер дұрыс қолдана білуді үйрету.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×