Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрманбай Толыбаев "Талас"

27 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Сабкқтың тақырыбы: Қ. Толыбаев. "Талас"
Сабақтың мақсаты: Тазалық сақтау, жеке бас гигиенасы және салауатты өмір салты туралы білу.
Күтілетін нәтиже: а) Тазалық сақтау не үшін керек екенін біледі.
в) Өзінің алға қойған мақсатына еңбекпен жететінін түсінеді.
с) Әңгіменің мазмұнын аша отырып, кейіпкерлердің ісіне талдау жасай алады.
құрал - жабдықтар: үлестірмелі парақшалар, флипчарт, стикер, маркер.

Кіріспе: Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психалогиялық ахуал туғызу: (Көңілді әуенмен дене шынықтыру жаттығуларын жасату)
Топқа бөлу: (5 саусақты санау арқылы) Оқушылар шеңбер құрып рет - ретімен "басбармақ", "балан үйрек", "ортан терек", "шылдыр шүмек", "кішкене бөбек" деп санап топқа бөлінеді. Әркім өз тобына барып отырады.
Үй жұмысын тексеру: Серпілген сауалдар арқылы үй жұмысы тексеріледі. Оқушылар дайындап келген сұрақтарын кезектесіп бір - біріне қойып, жауап береді.
Тұсаукесер: Денсаулыққа, тазалыққы қатысты ресурстар үлестіру. Оқушылар ресурстарды оқып, талқылау арқылы сабақтың алгоритмін ашады.

Ресурстар: 1. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтап, қолдауда.

2. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

3. Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

- Ендеше осы жеке бас тазалығы әдептілікке жатады ма? Соны білу үшін жаңа тақырыппен танысып, мәтінге қарайық.
- «Болжау» стратегиясы. Мәтін не туралы болуы мүмкін? Оқушылар ресурстарды және қойылған сұрақты пайдалана отырып, мәтіннің не туралы болатынын айтады.

Негізгі бөлім: 1. АКТ "Бейнефильм" көрсету. Осы мәтіннің желісінде өзге сынып оқушыларының көмегімен түсірілген бейнефильмді тамашалау арқылы оқушылар, мәтін мазмұнымен және автормен танысады.
Құрманбай Толыбаев 1926 жылы 14 наурызда Алматы облысы, Шелек ауданында дүниеге келген. Балалар жазушысы. Мұғалім редактор қызметін атқарған. Балаларға арналған өлеңдері көп.

2. Постер дайындау. (Үш топқа постер дайындауға тақырып беріледі. Әр топ дайындаған постерлерін қорғап, екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалайды)
І топ: Мараттың таза жүрмеу себептерін атап, дәлелде. Оқиғаны жалғастыр.
ІІ топ: Тазалықты сақтау, әдемі киіну айналадағы адамдар үшін бе, әлде адамның өзі үшін керек пе? Оқиғаны жалғастыр.
ІІІ топ: Таза әрі әдемі киіну дегенді қалай түсінесің? Оқиғаны жалғастыр.
3. Постерді бағалау: Әр топ қарсы топқа 2 жұлдыз, 1 тілек айтады.
Қорытынды: Жеке бас тазалығының ережелеріне нелер жатады? Әр топ өз ережелерін құрастырып жазып, аудиторияға оқиды.

Үйге тапсырма: Маратқа хат жазу және мәтінді оқып, түсінгенін айту. Сен Маратқа қандай кеңес берер едің?
Бағалау: Оқушылар сабақ барысындағы білімдерін бағалау ағашының көмегімен рефлексия парағын толтырып, пікірлерін айтады.

Рефлексия парағы
Өзіңізді бағалау ағашының қай бөлігінде тұрмын деп ойлайсыз? (қорша) Неге?
9 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санамақтар жинағы
Санамақтар жинағы
Бір үйде нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым – әкем, Балалы үйрек – анам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Заттарды санау
Заттарды санау
Натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Тазалық – денсаулық кепілі
Тазалық – денсаулық кепілі
Жеке бас гигиенасына арналған құралдардың суреттері, жеке бас гигиенасы ережелері жазылған плакаттар, сұрақтар жазылған үлестірме парақшалар, жұмбақтар туралы материалдар.
Жаны саудың – тәні сау
Жаны саудың – тәні сау
Бөлім: Денсаулық – зор байлық Сабақ тақырыбы: Жаны саудың – тәні сау
М. Төрежанов «Алғыс»
М. Төрежанов «Алғыс»
Әдебиеттік оқу 3 сынып Сабақтың тақырыбы: М. Төрежанов «Алғыс»
Киімдер және аяқ киімдер
Киімдер және аяқ киімдер
Ертеңгілік жаттығу. «Қояндар» Бір - бірінің артынан жүру, содан кейін жүгіру. Шеңбер құрып жүру. Шеңберді қол ұстасып айнала, қол ұстасып жүру. 1. «Қояндар тың - тыңдап отыр» аяқтарын кішкене ашып, қолдарын бос ұстау. Қолдарын көтеріп, бастарына
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×