Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы» (дүниетану 4 сынып)

● Білімділік. Оқушыларға глобус – Жер шарының пішінін дәл бейнелейтін
шағын үлгісі екендігін, оның бетіне градус торын құрайтын параллель және меридиан сызықтары қалай түсетіндігін түсіндіру.
● Дамытушылық. Оқушылардың аспан әлемі, жер планетасы туралы танымын шындау, қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен айналысуға баулу.
● Тәрбиелік. Өзі өмір сүріп отырған планетасын сүюге, құрметтеуге, қамқор болуға, экологиялық, апаттардан қорғауға тәрбиелеу.
● Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
● Сабақтың әдісі. Сұрақ - жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар.
● Сабақтың көрнекілігі. Глобус, жарты шарлар картасы, Магеланының Жер шарын айналу саяхатының картасы. «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы

● І. Ұйымдастыру.
Сабақты топтық жұмыс ретінде өткізіп, оқушыларды екі топқа бөлемін.
● ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топтан бір оқушыдан сабақ сұрау.
Тест жұмысы. Әр оқушы өзіне берілген тест сұрақтарының жауабын белгілейді. Артындағы дұрыс жауабын салыстырып өздерін бағалайды.
Өзара сұрақ. Әр топтағы оқушылар үйден дайындап келген сұрақтарын келесі топқа қояды.
● ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Актуальдау.
а) «Не артық» ойыны
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам
ә) «Кім көп біледі?» Жер сөзіне байланысты бірнеше сын есімдерді қатастырып айту.
Байтақ жер, Кенді жер, Бай жер, Туған жер,
б) «Жер» сөзін топтастырып жазу.
Жер

Жасыл, Дөңгелек, Мекеніміз, Тіршілік көзі

● ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Мұғалімнің түсіндіруі:
Оқушылар, Жердің шар тәрізді екендігіне көзіміз жетті. Осы жердің шар тәрізді екендігін зерттеп болған соң, ғалымдар жердің үлгісін жасай бастады. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады.
«Глобус» - латын тілінде «шар» деген сөзді білдіреді.
Глобус біздің көз алдымызға жердің дәл үлгісін елестетіп қана қоймайды, онымен түрлі тәжірибелер жасауға болады.
Картадағы сияқты глобуста да Жер беті түрлі - түсті бояулармен кескінделеді. Онда бүкіл жер шарында құрлық пен судың таралуы көрсетілген.

2. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар мәтіннен глобус – Жер шарының кішірейтілген үлгісі екендігін және онда материктер мен мұхиттардың таралуы жайындағы бөлімін оқиды.

● Ү. Жаңа сабақты бекіту. Пысықтау сұрақтары.
- Глобус неліктен Жер шарының дәл үлгісі деп аталады?
- Глобуста жер беті қалай бейнеленеді?
- Жер бетінде қандай мұхиттар бар?
- Қандай материктер бар? Біздің еліміз қай материкке жатады?

3. Глобуспен жұмыс.
Әр партаға бір - бір глобус таратылып беріледі. Оқушылар глобустан полюстерді, экваторды, параллель және меридиан сызықтарын табады. Материктер мен мұхиттардың орнын анықтайды. Осыдан кейін мәтіннің градус торына қатысты бөлігін тауып оқиды.
4. Кескін сызбаға глобустың белгілерін жазу.
5. Картамен жұмыс. Картадан Ф. Магелланның Жер айналу саяхатын көрсету.

● ҮІ. Қорытынды
● ҮІІ. Бағалау.
1. Деңгейлік тапсырмалар беру.
2. Дәптерлеріңе глобустың суретін салыңдар.
3. Басқа планетаға хат жазу.
4. «Жер - Ана» тақырыбына шығарма жазу.
● ІХ. Бағалау.
22 050
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Глобустың градус торы
Глобустың градус торы
Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар. Олар солтүстік және оңтүстік полюстер. Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай, орнында қалады. Полюстер глобуста және жарты
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Глобус. Глобустан картаға көшу
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Глобус. Глобустан картаға көшу
Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс - тәсілдерін үйрету. Глобус, оның маңызы мен глобустан картаға көшіру тәсілдері туралы білім беру.
Жер – шар тәрізді дене. Глобус – жердің дәл үлгісі
Жер – шар тәрізді дене. Глобус – жердің дәл үлгісі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сарсенова Сауле
Глобустан картаға көшу
Глобустан картаға көшу
Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс - тәсілдерін үйрету.
Глобустың градус торы
Глобустың градус торы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Глобустың градус торы
Глобустың градус торы
Сабақтың тақырыбы: Глобустың градус торы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға глобустың градус торы жайлы мағлұмат беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×