Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер – шар тәрізді дене. Глобус – жердің дәл үлгісі

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жер – шар тәрізді дене. Глобус – жердің дәл үлгісі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: глобус – жердің дәл үлгісі екенін, ондағы мұхиттар мен материктер туралы оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларға жер туралы қарапайым түсініктерді түсіндіру. Дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғаттаы қорғауға, өз планетасын өз қажетіне пайдалануға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, ана тілі
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой - қозғау, көрнекілік, әдісі, СТО – элементтері, бағалау.
Көрнекілігі: жарты шарлар, глобус, кескін карта, сөзжұмбақ, оқулық, дәптер, тест сұрақтары

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Сабаққа әзірлік.
II. Психологиялық дайындық.
Кім жылдам? Қазір қай сабақ?
ДҮНИЕТА НУ
Олай болса, балалар дүниетану сабағымызды бастаймыз.

III. Өткенге шолу.
1. Жұлдыздар тобы қалай аталады?
2. Күн жүйесіндегі планетаның бірі.
3. Қазақ ғарышкері.
4. Күннің көзі қай бағыттан батады?
5.«Планета» сөзі грекшеден аударғанда қандай мағына береді?
6. Күн жүйесіндегі планеталардың бірі?

IV. Өткенді бекіту, бағалау.
V. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе
Ертедегі адамдардың жер туралы түсінігі туралы айту. Ғалымдардың жердің шар тәрізді екенін бақылағанын түсіндіру және оған көптеген дәлелдер айтқанын түсіндіру.
Тарихтан мұндай тұжырымға алғаш рет ежелгі грек ғалымдары келген. Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді.
Орта ғасырлардағы дүние жүзін айналу саяхаттары жердің шар тәріздес екендігі туралы жаңа нақтылы дәлелдер әкелді. Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырып, өзінің шыққан жеріне қарсы жақтан қайтып оралған т. б. дәлелдерді айтып түсіндіру.

2. Ой қозғау.
Сонымен жердің пішіні шар тәрізді екендігіне көз жеткіздік. Ал шардың үстінде тұрғанымызды байқамайтынымыздың себебі не? Оның себебі жердің өте үлкен болуынан.
Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады. Глобус латын тілінде шар деген сөз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 806
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және оның себептері
Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы және оның себептері
жердің өз білігінің айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік беру бақылау, байқампаздық сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Жер ғаламшарының көрінісі
Жер ғаламшарының көрінісі
Жердің пішінін, шар тәрізді екенін, глобус Жердің кішірейтілген үлгісі екенін біледі. Жердің өздігінен айналатынын түсінеді.
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Глобус. Глобустан картаға көшу
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Глобус. Глобустан картаға көшу
Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс - тәсілдерін үйрету. Глобус, оның маңызы мен глобустан картаға көшіру тәсілдері туралы білім беру.
Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы
Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы
Бастауыш сынып мұғалімі: Амантаева Ләззат Рахменияқызы
Глобустың градус торы
Глобустың градус торы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Глобустың градус торы
Глобустың градус торы
Сабақтың тақырыбы: Глобустың градус торы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға глобустың градус торы жайлы мағлұмат беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×