Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Глобустың градус торы

26 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Глобустың градус торы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға глобустың градус торы жайлы мағлұмат беру.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, елін қорғауға, аялауға, ұқыптылыққа, көпшілік ортада, сыныпта дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Оқушыларға глобустың градус торлары жайлы мағлұмат бере отырып, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін, дүниетанымын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тест
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, глобус, карта, интерактивті тақта
Панарамалық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушыларды түгелдеу.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Б) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.(Тест интерактивті тақтада көрсетіледі. Тест жұмысын орындағаннан кейін интерактивті тақтадан тестің дұрыс жауабы көрсетіледі. Оқушылар өздері тесті тексереді.)
1. Алғашында адамдар жерді қандай деп ойлады?
А) тегіс ә) қыратты б) таулы

2. Жердің шар тәріздес екенін ең алғаш рет қай елдің ғалымдары анықтады?
А) Орыс ғалымдары Ә) Грек ғалымдары б) Неміс ғалымдары

3. Магеллан бастаған саяхатшылар жер шарын қанша жылда айналып өтті?
А) 3 Ә) 2 Б) 8

4. Жер бетінің су басып жатқан аса кеңістікті не дейміз.
А) өзен ә) мұхит б) көл

5. Жер шарында неше мұхит бар?
А) 4 ә) 5 б) 7

6. Жер шарында қанша материк бар?
А) 4 ә) 6 б) 7

7. Қазақстан қай материкте орналасқан?
А) Африка ә) Америка б) Еуразия
8. Жан - жағын төрт бірдей мұхит қоршап жатқан материкті тап.
А) Еуразия ә) Антрактида б) Аустралия

9. Масштаб дегеніміз не?
А) белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды масштаб дейді.
Ә) Масштаб деп кез келген заттың бейнеленген көрінісін айтады.
Б) Масштаб деп бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз.

10. Глобус дегеніміз не?
А) Шар тәріздес жұлдыз
Ә) Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады.
Б) Жер шарының полюстері

ІІІ. Оқушылардың білімін жан - жақты тексеру. «Кім жылдам?»
1. Жерге ең жақын жұлдыз (Күн)
2. Жерді қоса есептегенде күнді қанша планета айналып жүреді?(9)
3. Планета дегеніміз не?(Планета өзінен жарық шығармайтын салқын денелер)
4. Жердің серігі не?(Ай)
5. Глобус дегеніміз не?

ІV. Жаңа сабақ:
Оқушылар біз бүгінгі сабақта глобус, картаның көмегімен жер шарына саяхатқа шығамыз.
Ой қозғау: Глобустың градус торы дегеніміз не?
Оқулықпен жұмыс
Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар. Олар солтүстік және оңтүстік полюстер. Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай, орында қалады. Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді.

Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор - теңейткіш деген сөз). Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға - солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі. Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллелдер деп аталады (грекше параллель - қатар жүруші деген сөз). Олар батыс - шығыс бағытын көрсетеді. Параллел шеңберінің ұзындығы экватордан полюстерге қарай жүрген сайын қысқара береді.

Бұл айтылғандардан басқа, глобуста солтүстік және оңтүстік полюстердің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтар бар. Олар меридиандар. Латын тілінен аударғанда меридиан түскілік деген мағынаны береді. Өйткені тал түстегі көлеңке сол жердегі жергілікті меридиан бағытына сәйкес келеді. Меридиан солтүстік - оңтүстік бағытты көрсетеді. Жер шарының кез келген нүктесі арқылы сансыз көп меридиан жүргізуге болады. Солардың бірі халықаралық келісім бойынша бастапқы меридиан ретінде қабылданған. Ол Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының маңымен өтеді. Бастапқы меридиан шеңбері Жерді батыс және шығыс жарты шарларға бөліп тұрады.
Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллелдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Оны глобустың градус торы деп атайды.
Сөздікпен жұмыс.
Латынша экватор - теңейткіш деген сөз
Грекше параллель - қатар жүруші деген сөз
Латын тілінен аударғанда меридиан - түскілік деген мағынаны білдіреді.

V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.
«Кім жылдам?»
1. Глобустан және жарты шарлар картасынан полюстерді, экватор, параллель және меридиан сызықтарын тауып көрсет.
2. Меридиан және параллель сызықтарының неше градус сайын жүргізілгенін анықта.

VІ. Жаңа сабақты бекіту.
«Кім зерек?» ойыны
1. Жер шарында неше полюс бар?
2. Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналама?
3. Полюстер глобуста немесе жарты шарлар картасында қалай бейнеленеді?
4. Экватор сөзі қандай мағынаны білдіреді?
5. Жерді тең екі жарты шарға бөлетін қандай сызық?
6. Жер экваторының ұзындығы қанша километр?
7. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар не деп аталады?
8. Параллель қандай мағынаны білдіреді?
9. Параллель қандай бағыттарды көрсетеді?
10. Оңтүстік, солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды не деп атайды?
11. Меридиан қандай мағынаны білдіреді?
12. Глобуста меридиан қай бағыттарды көрсетеді?
13. Глобустың градус торы дегеніміз не?

VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма. Глобустың градус торы.(Глобустың суретін салып келу)
9 506
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшекті қосу
Жай бөлшекті қосу
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бөлшек сандарының бөлімдері бірдей, әртүрлі болып келген бөлшек бөліктерін қосуды білу және теріс сандарды қосу анықтамасын білу, есептер шығаруда теориялық білімдерін қолдана алу.
Глобустың градус торы
Глобустың градус торы
Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар. Олар солтүстік және оңтүстік полюстер. Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай, орнында қалады. Полюстер глобуста және жарты
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептерді шығаруға үйрету. Есеп шығару қабілеттерін дамыту. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Глобустан картаға көшу
Глобустан картаға көшу
Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс - тәсілдерін үйрету.
Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы
Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы
Бастауыш сынып мұғалімі: Амантаева Ләззат Рахменияқызы
Глобустың градус торы
Глобустың градус торы
Сабақтың тақырыбы: Глобустың градус торы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға глобустың градус торы жайлы мағлұмат беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×