Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Глобустан картаға көшу

17 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Глобустан картаға көшу
Мақсаты:
Білімділік: Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс - тәсілдерін үйрету. Глобус, оның маңызы мен глобустан картаға көшіру тәсілдері туралы білім беру.
Дамытушылық: Интербелсенді тақтамен, глобуспен жұмыс істеуді дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Құрал - жабдықтар: Интербелсенді тақта, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы, тақта, бор, электронды оқулық, слайд.

Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
Сидней - 34 о. е. 151 ш. б.
Вашингтон - 39 с. е. 77 б. б.
Рие - де – Жанейро - 23 о. е. 44 б. б.
Сұрақ - жауап.
1. Глобус дегеніміз не?
2. Географиялық бойлық дегеніміз не?
3. Географиялық ендік дегеніміз не?
4. Географиялық координата дегеніміз не?
5. Қай меридиан бастапқы меридиан деп аталады?
6. Глобуста бойлықтар қайда жазылады?
7. Глобустан арақашықтықты қалай өлшейміз?
8. Глобустың масштабы 1: 93 000000. Бұл қандай масштаб түрі? Осы масштабты атаулы масштабқа айналдыр.
9. «28 қаңтар. 1820жыл. 70 о. е. 20 б. б. кеменің екі жағынан жер көрінді»- деп жазды М. П. Лазеров. Бұл қай жер?

ІІІ. Жаңа сабақ. (13 мин)
Өткен тақырыпта глобус Жердің дәл үлгісі екендігін білдіңдер. Онда материктер, аралдар, түбектер және жер бетіндегі басқа да нысандардың пішіні мен мөлшері айнымастан бейнелейтіндігіне көздерің жетті. Бірақ жер бетін егжей - тегжей түсіру үшін өте үлкен глобус жасауға тура келеді. Мәселен, жер бетін 1 см - 10 км (1: 1000000) масштабта бейнелеу үшін көлденеңі 6 метрден астам глобус жасау керек болар еді. Әрине ондай глобус пайдалануға ыңғайсыз. Сондықтанда жер бетіндегі заттар мен құбылыстарды мейілінше толық көрсету үшін оның жазықтықтағы сызбасы – карта жасалады. Картаның басты артықшылығы - оның жер бетін түгелдей немесе жеке бөліктерге бөліп, ірі масштабты бейнелеуге мүмкіндік беретіндігі. Бірақ қандай жағдайда да шардың бетіне жазықтықты түсіріп бейнелегенде еріксіз ауытқушылық пайда болады.

30 - сурет. Глобус тілімдерін экватор бойымен түйістіру

31 - сурет. Глобус тілімдерін параллель бағытында созу арқылы алынған
Дүние жүзі картасы

2. Ғалымдар жарты шарлардың, біртұтас дүние жүзінің, жеке материктердің, мемлекеттердің, жер бетінің шағын бөліктерінің картасын жасаудың түрлі әдістерін ойлап тапқан. Бұл әдістер бәрінен бұрын меридиан және параллель сызықтарын кескіндеуден айқын көрінеді.
Меридиан бойынша тілімдердің құрастырылған Дүние жүзі картасында меридиандар – өзара тең, түзу сызықтар. Параллельдер оларға кесе - көлденең түзу сызықтар түрінде жүргізілген. Олардың ұзындықтары экватордан полюстерге қарай глобустағыдай қысқара бермейді., бір - бірімен тең қалпын сақтаған. (бұл нені көрсетеді?)
Картада меридиандардың шетіне – бойлық, параллельдердің шетіне ендік жазылып қойылады. Жарты шарлар картасында бойлық меридиандардың экватормен қиылысқан жерінде жазылады.
Глобустың және карталардың өн бойында меридиандар мен параллельдер тұрақты түрде белгілі бір градус сайын жүргізіледі. Сондықтан меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор градус торы деп атайды.
Градус торын пайдаланып, картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтайды.

32 - сурет. Түрлі карталардағы градус торының бөліктері.

Сергіту сәті. «Ең, ең, ең»
IV. Жаңа сабақты бекіту. (10 мин)
1 – сұрақ.
35°о. е. пен 59 °б. б - та орналасқан қаланы табыңдар?
Буэйнос-Айрес қаласы. Тапсырмасы: Глобус пен картаның айырмашылығы?
2 – сұрақ. 42°с. е. пен 74 °б. б - та орналасқан қаланы табыңдар?
Нью-Йорк қаласы. Тапсырмасы: Картаның басты артықшылығы?
3 – сұрақ. 29°с. е. пен 28 °ш. б - та орналасқан қаланы табыңдар?
Каир. Тапсырмасы: Градустық тор дегеніміз не?
4 – сұрақ. 51 °с. е. пен 71 °ш. б - та орналасқан қаланы табыңдар?
Астана. Тапсырмасы: Қай градустық тор Дүние жүзінің картасына сай келеді?
5 – сұрақ. 50°с. е. пен 57 °ш. б - та орналасқан қаланы табыңдар?
Ақтөбе. Тапсырмасы: Қай градустық тор Жарты шарлар картасына сай келеді?
6 – сұрақ. 44°с. е. пен 52 °ш. б - та орналасқан елді мекен?
Шетпе. Тапсырмасы: Қай градустық тор Қазақстан картасына сай келеді?

V. Қорытындылау, бағалау. (9 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 балдық шкаламен бағалайды.
VІ. Үйге тапсырма беру. (1 мин)
§12. Глобустан картаға көшу. 5 тапсырма.
Сау болыңыздар!
16 677
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастыру.
ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері (күнделікті сабақ жоспары)
ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері (күнделікті сабақ жоспары)
ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуінің басты мақсаты, оған еңбек сіңірген ғалымдар, зерттелудің қазақ елінің
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Глобус. Глобустан картаға көшу
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Глобус. Глобустан картаға көшу
Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс - тәсілдерін үйрету. Глобус, оның маңызы мен глобустан картаға көшіру тәсілдері туралы білім беру.
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Глобус
Глобус
Жер бетін бейнелеу формаларының ішіндегі ең дәл, шынайы бейнелеу формасы туралы түсінік орнату
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×