Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 сынып оқушыларына арналған "Шешендік сөздер" бағдарламасы

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Құрастырған: Арынова Гүлбану Серікқызы - бастауыш сынып мұғалімі

Бұл әдістемелік құрал жалпы орта білім беретін 1 сыныптарында өтетін мектеп компонентінен алынған үйірмеге арналып жазылған. Күнтізбелік - тақырыптық жоспар оқушылардың ана тілі пәні бойынша білімдерін кеңейтуді көздейді.
Әр сыныпқа аптасына 1 сағат деп есептеліп, жылына 34 сағат құрылған (бұл сағат мектеп компонентінен алынған)
«Шешендік сөздер» курсы негізінде оқулық болмағандықтан бағдарлама бойынша күнтізбе жасап, оқушылардың жас ерекшелігіне лайықтап жасауға тырыстым. Себебі, адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлке, әр елде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй даналар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты нақылдар, шешендік сөздер, мақал - мәтелдер баланың тіл орамдарын арттыруға, өмірге көзқарасын қалыптастыруға, ой - өрісін кеңейтуге, сөздік қорын байытуға өте қажет. Бұл бағдарламада оқушылардың шығармашылықпен айналысуға мүмкіндігі бар.
Әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған және күнтізбелік жоспар ұсынылған.

Алғы сөз
«Өнер алды - қызыл тіл» (халық мақалы)

Құрастырылған әдістемелік жинақ оқу - тәрбие үрдісінде қазіргі кезде оқыту ісінің жемісті болуына қажетті жағдайлардың бірі - оқушылардың ой - өрісін, тіл орамдығын кеңейту, арттыру.
Оқушылардың өздігінен шығармашылықпен айналысуға, сахналық қойылымдар қоюға мүмкіндіктері бар. Бұл бағдарлама бойынша өз бетімше күнтізбелік жоспар жасап, оқушылардың жас ерекшелігіне қарап құрастырдым.
Ізденіс барысында оқырманға түсінікті болу үшін «Шешендік сөздер» курсы тақырыбы мен мазмұнын, шығармашылықпен жұмыс істеуін төмендегідей 4 тарауға бөлдім.
1. Кіріспе бөлім. Халық даналығы. Шешендік сөздер жайлы қысқаша түсінік. Шешендік өнердің қалыптасып дамуы.
2. Негізгі бөлім. Шешендік сөздердің түрлері. Шешендік сын. Шешендік толғау. Шешендік сөздердің құрылысындағы кейбір ерекшеліктер.
3. Шешендік өнер. Шешендік дәстүр. Шешендік мектеп.
4. Қорытынды бөлім. Шешендік сөздердің тіл шеберлігі.
Аталған төрт бөлім бойынша қамтылмаған кейбір тақырыптарды әр мұғалім оқушының ой - өрісінің деңгейіне, жүйесіне қарай түйіндеп құруына болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 614
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. Қазақ тілі 1 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. Қазақ тілі 1 сынып
2019 - 2020 оқу жылына арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспар. Қазақ тілі 1 сынып.
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Математикадан тақырыптық-күнтізбелік жоспар 5 сынып
Математикадан тақырыптық-күнтізбелік жоспар 5 сынып
Математика 5- сынып (барлығы 204 сағат, аптасына 6 сағат) Математикадан тақырыптық-күнтізбелік жоспар 5 сынып
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 6 сынып Аптасына: 1 сағат Барлығы: 34 сағат
Бастауыш сыныптарына тақырыптық күнтізбе жоспар
Бастауыш сыныптарына тақырыптық күнтізбе жоспар
Дүниетану пәні бойынша тақырыптық күнтізбе жоспары Сағат саны: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×