Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып төрттік

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып төрттік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Пәндер бойынша білімдерін бекіту мақсатында оқушының тапқырлық танытып, тез жауап берудегі дағдысын қалыптастырып, ептілігі мен біліктілігін байқау. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыта отырып, өз бетінше қорытынды шығара білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке, ептілікке, қырағылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, ойын сабақ
Сабақтың типі: Жаңашыл сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, топтастыру, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Білім шыңы, кітапшалар, ту, глобус, кеспе қағаздар, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, математика, музыка, дүниетану Қолданылған технологиясы: Дамыта оқыту

Сабақтың барысы: Психологиялық даярлық Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін! Қайырлы күн! Қайырлы таң! Күліп шықты күн бүгін!
Топқа бөлу (фигуралар арқылы).
Топ аттары: «Ойшылдар», «Білімділер», «Тапқырлар», «Ептілер»
Ғажайып төрттіктің шарты: Төрт пән бойынша сұрақтар берілген. Әр топ мүшелері сұрақтарға жауап беру арқылы «Білім шыңын» бағындыруы тиіс.
«Білім шыңы» төрт сатыдан тұрады.
І саты. Қазақ тілі ІІ саты. Ана тілі ІІІ саты. Математика ІҮ саты. Дүниетану

Әр сатыда пән атауына байланысты сұрақтар берілген. әр топтың бір мүшесі келіп, сол сатыдағы сұрақтарды алуы қажет. Әр топтағы топ мүшелерінің жауабы тыңдалып, жауаптары тексеріледі. Қызығушылығын ояту. Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Қуанышым, бақытым, дара тілім, - деп ақын – жазушыларымыз жырлағандай 1 - сатының тапсырмалары қазақ тілі пәні бойынша беріледі. Қазақ тілі. Грамматикалық жарыс І саты. «Дыбыс таңдау» ойыны
Шарты: Әрбір сөздің басқа дыбыстары бірдей дыбыстардан басталатын ұзақ сөйлем құрастыру керек. 1 - т «Б» дыбысы Қазақ тілінде неше септік бар? 2 - т «Қ» дыбысы Сөз таптарын ата. 3 - т «С» дыбысы Сөйлем мүшесін ата. 4 - т «Т» дбысы «Туралы» қатыстырып, сөйлем құра. Жауаптары: Мысалы: Бала бақшадағы балаларға биші Бибігүл би билеп беруге барды. Қанат қорадағы қалған қозылы қойды қырдағы қойға қосты. Сарыағаштағы Самал сары сиырының сүтінен сүзбе сүзді. Нұрлан талдың түбінде тұрып, тауықтарына толтырып тары тастады. Ана тілі.

ІІ саты. Ой тұжырымдау. «Ойлы болсаң, озып көр» Ана тілім – ұраным, Ана тілім – құралым Ана тілім болмаса, Мықты болмас тұрағым.
1 – тапсырма. «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін» (Әйтеке би)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 024
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар және тіршілік
Жануарлар және тіршілік
Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Менің отбасым және достарым. Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Менің отбасым және достарым. Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Достары көп Мараттың, Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Қызылорда қаласы, № 172 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Ләззат Әбілбайқызы
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау облысы Индер ауданы М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Қарлығаш
Ғажайып төрттік
Ғажайып төрттік
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Байқадам ауылы, Қорғантұз орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Абденова Гүлдана Дүйсенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×