Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Міржақып Дулатов «Күз»

09 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға М. Дулатов туралы түсінік беру. «Күз» тақырыбының мазмұны мен идеясын ашу.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік таныта отырып, жаңа ақпаратты қабылдауын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту.
Еңбектенуге, ұқыптылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже: М. Дулатов туралы білім алу, жеке ойларын ортаға салу, ойын жеткізе алып, дәлелдеу.
Әдісі: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу.
Көрнекілік: суреттер, оқулық, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, сурет, музыка

Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық.
Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр.
«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші біз ұятқа қалмауға тырысайық. Мен сендердің ақылды, жауапты, қайратты екендеріне сенімдімін. Сондықтан жауаптарымыз нақты, толық болатынына сенімдімін.
Қызығушылықтарын ояту:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз ерекшеліктерін атаңдаршы
- Күз мезгілінде неше ай бар, олардың өзара қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар?
- Жақсы, балалар, қазір біз музыка ойналып тұрған уақытта күзді салайық /оқушылар өз ассоцияциясы бойынша күзді бейнелейді/
- Жақсы, кім қалай жеткізе біледі? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/
- Кәне есімізге түсіріп көрейікші, қандай ақын, жазушылардың жыл мезгіліне байланысты өлең, әңгімелерін білеміз? /А. Құнанбаев: «Жазғытұрым», «Күз», «Жаз», «Қыс»; І. Жансүгіров: «Жазғы шілде»; Тайыр Жапаров «Күз» /
- Мына портреттерден қандай жазушыларды таныдыңдар? /А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Дулатов портреттері/
- Иә, Абай атамыз бен Ыбырай аталарымыз көптеген оқу, білім, адамгершілік, тәлім - тәрбиеге арналған шығармаларымен таныс едік, ал мына портретте ақын, жазушымыз Міржақып Дулатов. /Қысқаша өмірбаянына тоқталып өту/
- М. Дулатовтың көптеген шығармаларымен біз әлі де таныса жатамыз, ал бүгін бізге беріліп отырған әңгіме: «Күз»- әңгімесі.
Жаңа сабақ:
/Әңгімені оқымастан бұрын сендерден сұрайтыным, қолымызға қарындаш алып, түртіп алу жүйесі арқылы өздерің түсінбеген сөздерді, сөз тіркестерін немесе сөйлемдер болса мынадай «Y» белгімен белгілеп отырыңдар/.

А) Мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі
Ә) Сөздік жұмысын жүргізу
Шабынды - шөбі мол жер
Күзем - малдың жүнін күзде қырқу
Шошақ - шөмеле
Желі - жерге қазықты қағып, арқанды қағып қояды
Ноқта - жылқының басына кигізілетін зат. Оны қайыстан, арқаннан өріп жасайды

Б) Мәтінмен жұмыс:
- Мәтін неше абзацтан тұрады? /мәтіннің әр абзацның бірінші сөйлемін оқып тауып оқу/
- Мәтінде неше ой бар? Дәлелдеу
- Мәтіннің қай түрі? /Сипаттау сөздерді тауып оқу/
- Таңнің салқын болу себебі неде?
Неліктен мал, құлындар арық болады, деп аяп отыр?
- Жапырақтардың сарғаюына не әсер етеді, жапырақта не жоғалады?
Қызымшыл шал деп отырғанымыз кім, бие ағыту дегенді қалай түсінесіңдер?
- Әңгімеден адамдардың күзгі еңбегі жайында айтылған тұстарды тауып оқу.
- Сергіту сәті: /Еңбегіне қарай - құрмет, демекші біз де еңбектеніп көрейік/
Жұмбақ шешу.

Ой қозғау:
1. Артық сөз тіркестерін тап. Мағынасын аш. /Қоңыр күз, маужыраған күз, алтын күз, берекелі күз, жемісті күз, бәйшешекті күз, суық күз/
2. Күз мезгілін елестетіп, суреттерге қарап, күз мезгілі туралы 4 жол өлең шығар, немесе әңгіме жаз. /қалаулары бойынша/
Қорытынды: Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай тәлім - тәрбие беріп отыр? Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен? /Оқушыларға өз алғысымды білдіру/

Үй жұмысы: «Киіз үйдің кереметі» деген тақырыпқа эссе жазу.
Бағалау.
10 430
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Көбейту және бөлу 379х60; 22740: 60
Көбейту және бөлу 379х60; 22740: 60
Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілін қалыптастыру, есептің әр түрін шығару дағдыларын жетілдіру. Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдерімен таныстыру, сәйкес
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Ф дыбысы және әрпі
Ф дыбысы және әрпі
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы Мухадиева Жанат Шәріпқызы
Кері есептер
Кері есептер
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№48 ЖОББ мектеп» ММ бастауыш сынып мұғалімі Аменова Панигуль Бекеновна Сабақтың тақырыбы: Кері есептер Сабақтың мақсаты: құрама есептерге кері есептер құрастыру тәсілімен таныстыру; Сабақтың міндеттері: •
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×