Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экология – ел тағдыры

11 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Экология – ел тағдыры.
Мақсаты: Экология ілімінің негізгі қағидаларын негізге ала отырып, білімділіке, салауаттылыққа және тәрбиелікке мән беріп, еліміздің экологиясын қорғауға және өзіндік үлес қосуға шақыру.
Сабақ түрі: сайыс сабақ.

1 - жүргізуші. Ұл.
Елбасымыз Н. Ә. Н “Қазақстан – 2030” стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында“Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ақуалы жақсы болуы тиіс” деп атап кеткен болатын. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, ауасы таза, көк желекті дамыған елде тұру керек. Сол бағдарламаны негізге ала отырып, 8сыныптар арасында Экология ел тағдыры атты кешімізге қош келдіңіздер.

2 - жүргізуші. Қыз
“Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады” деп айтылғандай, қазіргі уақытта көптеген аурулар дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе, сондықтан әрбір адам осыны білсе мұның алдын алуға болады.
Экология бөтен сөз, бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз, мәңгі қалар құлақта.
Эко, деген - үй, Отан
Ежелден - ақ грекше,
Сөз патшасын ұнатам жүрегіме гүл ексе.
Бізше ғылым - логия, тұтқасы бар әлемнің,
Онсыз мекен, жоқ ұя, жоқ киесі өлкенің.
“ Өз үй - өлең төсегің” табиғат болып қалады,
Оған айтқан кесегін өз басынды жарады.

1 - жүргізуші. Ұл
Шу аз ба қазір,
Шаң аз ба?
Бәріне соның алаңмын.
Дүңкиген анау “Камаздар”-
Динозавры даланың.
Көгалға кілем төсейтін,
Қап - қара асфальт төседік.
Даналық қолы сызғанша
Даланың шаңын бір қақтық.
Су таппай жүріп біз қанша
Батпақты қолдан құрғаттық

1 - бөлім Әр топ өзін ортаға келіп таныстырады
1 - жүргізуші
Табиғаттың тарылтпайық
Мөлдір кәусар тынысын
Пәк табиғат, әр жүректің
Тамылжыған жарысың
2 - жүргізуші
Ей, азамат! ақылға сал
Қатыгездік жасама
Өзің - дағы содан тудың
Табиғаттың ұлысың
2 - бөлім Ой маржан бөлімі. Ғылыми жоба
3 - бөлім Ой бөлісу бөлімі. Фаст - фуд өнімдерінің денсаулыққа әсері
Жұмбақтар
Адам мен жануардан бөлінеді
Өсімдіктін торына ілінеді (со2)
Ол болмаса асыңның дәмі кірмес
Кім бар екен ортада оны білмес (NaCl)
4 - бөлім Менің өнерім бөлімі. Өз өнері
5 - бөлім Сұрақ - жауап бөлімі. 20 сұрақ 1 бал
1 Ағзаға өте қажетті бейорганикалық зат? (су, минеральды тұздар)
2 Қарынның орташа қызу градусы қанша? (38 - 40)
3 Қауіпті тіс ауруы? (тіс жиегі)
4 Қарын сөзінің синонимы? (асқазан)
5 Асқазанның жылу қоры? ( май)
6 Мексидема ауруы қайдан пайда болады? (
7 Атмосферадағы азон қабатының маңызы неде?(
8 Қазақстанның халық саны қанша? (17 миллион)
9 Адам күніне қанша литр су ішеді? (2 - 3л)
10 Шыбындармен тарақандар қандай ауру таратады? (
11 Хромосома саны? (46)
12 Адамның зертханасы (бауыр)
13 Мидың ақ затында болатын элемент? (молибден)
14 Атқаратын қызметі бірдей клетка? (ұлпа)
15 Ұйқы безінде болатын элемент? ( никель)
16 Экология ғылымы нені зерттейді? (
17 Азон тесігі ұғымына қандай түсінік беріңіз? (
18 Өзіміздің Бейнеу ауданының экологиясы туралы не айтар едіңіз? (
19 Қазақстынның өзен көлдерінің экологиясы қандай жағдайда?
20 Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуінен қандай аурулар пайда болады деп ойлайсың? (тері аурулары)

1 - жүргізуші
Табиғатты сүю - парыз,
Сүю үшін қорғау - парыз.
Табиғатсыз күнің жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ
2 - жүргізуші
Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Гүліміз жайқалып өссін!
Құрметті оқушылар! Міне, бүгін өздеріңмен экология ел тағдыры - атты тақырыбында қазіргі заманымыздағы өзекті мәселелердің бірі - экология жайында біршама сөз қозғап, өз ойымызды ортаға салдық.
Әрине, экологиялық мәселелерді бір күнде шеше алмаймыз, бірақ та әрбір мектеп оқушысы өзінің туған жерінде қоршаған ортасының тазалығына жауапкершілікпен қарай білсе, бұл мәселе біртіндеп шешілері сөзсіз.
1 - жүргізуші
Табиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз,
Бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымызбен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Қорытынды бөлім.
Әділқазылар алқасына сөз берейік.
14 984
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экология – жер тағдыры
Экология – жер тағдыры
«Ғажайып» тобының сұрақтары 1. «Экология» сөзінің қазақша мағынасы қандай? 2. Қазақстанда қанша қорық бар? 3. Мұнай өнімдерімен ластанған мұхит. 4. Семей полигонындағы алғашқы жарылыс қай жылы жасалды?
Құрметті жас дос!
Құрметті жас дос!
Нашақорлық - әлемдік дерт. Бұқаралық ақпарат құралдарында да түрлі тың ақпаратпен, заң салаларының өкілдері де заңдық тұрғыдан аяусыз күрес жүргізуде
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Экология және биосфера 11 сынып
Экология және биосфера 11 сынып
Жалпы Биология курсында «Экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология – қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×