Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп бөлмесін көгалдандыру (Ғылыми жоба)

04 шілде 2014, Жұма
Категориясы: Биология
Бөлмеде өсірілетін өсімдіктің пайдалылығы олардың көркемдігі мен азын - аулақ жемісінде ғана емес, олар бөлменің ауасын тазартады. Өсімдіктер ауадан көмір қышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін өзінен бөліп шығарады. Демек, өсімдік бөлмедегі зиянды газдарын азайтып, адамға керекті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады.

Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы болады. Олардың көпшілігі адамның денсаулығына зиян келтіреді. Ал үйде микробтардың тіршілігіне кері әсер ететін әр түрлі заттар бөліп шығарады. Оны ғылым тілінде фитонцидтер деп атайды.
Адам денсаулығы күшті, ауру - сырқаудан аман болу үшін тұрғын үйдің ауасының ылғалдылығы орта есеппен 50% болуы шарт. Бірақ көп реттерде олай болмайды. Ауаның ылғалдылығы, әсіресе орталық (жылу бір жерден тарайтын) жылыту системасы бар үйлерде өте төмен болады. Бөлмеде өсетін өсімдіктер топырақтағы және өсімдік бойындағы суды буландыру арқылы ауаның ылғалдылығын әрдайым арттырып отырады.

Бөлме жағдайында өсіргенде өсімдіктер жарықты, жылуды қажет етеді. Қысқы уақытта олар тұрған бөлменің температурасы +10 - 12 градус шамасында болу керек, өсетін топырағы қышқыл болмауы қажет.
Болашақта бөлме өсімдіктерімен ғылыми зерттеулерді тікелей жүргізбек оймен біз алдымен, бөлме өсімдіктерінің түрлеріне, оның биологиясына ғылыми әдебиеттермен жұмыстануды мақсат еттік, өсімдік түрлерінің зерттелуін қарастырдық.
Бөлмеде өсірілетін өсімдіктердің таралу аймақтары.
Бөлмеде өсірілетін өсімдіктердің басым көпшілігі тропиктік және суптропиктік Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің орманды, далалы шөлді аймақтарынан тараған өсімдіктер. Олардың тіршілік әрекеті, сыртқы пішіні осы бастапқы шыққан орындарының жағдайына бейімделіп қалыптасқан. Сондықтан бөлмеде өсірілетін әр өсімдіктің ерекшелігін, оның тіршілігіне қажетті шарттарды білу үшін олардың әрқайсысының қайдан тарағаны, ондағы сыртқы ортаның жағдайлары жөнінде хабардар болу керек.
Экватордың екі жағы ылғалды тропикалық орман болып келеді. Мұнда жылына 12000мм дейін, орта есеппен 3600мм жаңбыр жауады. Ауаның ылғалдылығы 90 - 94 процентке жетеді. Жылдық орташа температура +25 — 28 градус жылылықтың төңірегінде болады. Сондықтан да бұл жерлерде иін тірескен мәңгі жасыл орман өседі. Бөлмеде өсірілетін фикус, монстера, фуксия, банан, пальма, бегония, папоротниктер, ландар, т. б. осы ылғалды тропик ормандардан тараған.
Шығыс Азия мен Солтүстік Индия, Оңтүстік және Солтүстік Африка, Оңтүстік Америка аймақтарының климат жағдайы өзгеше. Мұнда жылдық жауын - шашынның мөлшері 1500мм аспайды. Тропиктік аймақтарда жауын - шашын онан да кем түсетін жазық далалық аудандарда бар. Бұл аудандарда биіктігі 3 - 5 м - ге жететін шөптесін жуашық өсімдіктер өседі. Ағаш пен бұта өсімдіктері мұнда сирек кездеседі. Көптеген әдемі гүлді кринум, гиппеаструм, ама сияқты жуашықты өсімдіктер осы аудандардан таралған. Бұл өсімдіктер ауаның қуаңшылығын көтергенімен жарықты, жылуды көп тілейді.
Тропиктік өңірлерде шөлді аймақтар көп. Мұнда жылына орта есеппен 200мм - ден артық жаңбыр жаумайды. Бұлтты күндер жоқтың қасы. Жазы өте ыстық, ауасы құрғақ, салқын түспейді, қыс болмайды. Сондықтан да мұнда өсетін өсімдіктер тапшы судың өзін үнемді пайдалануға бейімделген. Олардың тамырлары өте тереңге кетеді. Кактустар, сүттігендер, агавалар, алоэ, сияқты өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтары осы жағдайларға бейімделіп ұлпалы - тікенді болып өзгерген. Олардың үстін балауыз, кутикула басқан. Осындай өзгерістердің салдарынан кейбір агавалар, кактустар өздерінің ұлпа жапырақтары мен сабақтарында 200 - 300 л - ге дейін су сақтай алады.

Бөлме жағдайында өсіргенде мұндай өсімдіктер жарықты, жылуды қажет етеді. Қысқы уақытта олар тұрған бөлменің температурасы +10 - 12 градус шамасында болу керек, өсетін топырағы қышқыл болмауы қажет. Әдемі жапырақты және әсем гүлді абутилон, трахикарпус пальмасы, лавр, самшит, аукуба, олеандр, камелия, рододендрон, азалия, магнолия, қылқан жапырақты секвоя, тисс, туя, араукария, кипарис, тағы басқалар өседі. Бұлардың барлығы да суптропиктік елдерден таралған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 058
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктердің тыныс алуы
Өсімдіктердің тыныс алуы
Өсімдік мүшелерінде жиналған заттардың біраз бөлігі – жасушаларды, мүшелерді құруға, тыныс алуға жұмсалады, тыныс алуда негізгі рөлді органикалық заттар атқарады. Жасушалар оттегін сіңіріп, органикалық заттарды ыдыратып, тотықтырады.
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы ұғымын енгізе отырып, күнделікті өмірде және адам өміріндегі ылғалдылықтың маңызын көрсету, ауаның ылғалдылығын өлшеу құралдарымен және олардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру
Өсімдікке су және топырақ керек
Өсімдікке су және топырақ керек
Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.
Өсімдіктің көптүрлілігі
Өсімдіктің көптүрлілігі
"Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі"КММ география пәнінің мұғалімі Искаков Елубай Сагитович
Үй өсімдіктері - адам өмірінде
Үй өсімдіктері - адам өмірінде
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы №21орта мектебінің 6 сынып оқушысы Смағанбетова Асемай Лұқпанқызы жетекшісі: Сауытбаева Гульмира Серикбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×