Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік жасушасы

05 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
"Малтабар орта мектебі" КММ - і
биология пәнінің мұғалімі
Мукашева Айнұр Жақияқызы

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік жасушасы
Сабақтың мақсаты:
1. Жасушаның тіршіліктің ең кішкентай құрылымдық бірлігі екенін ұғындыра отырып, оның құрылысымен таныстыру;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жетілдіру;
3. Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікпен жұмысты атқара білуге, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, зертханалық жұмыс жасау
Әдісі:
Көрнекілік: микроскоп, өсімдік жасушасының құрылысының плакаты, интерактивті тақта, лупа, препарат дайындауға арналған заттық шыны, жабын әйнек, қабығы аршылған пияз, сапты ине

Барысы:
1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру:
Ұлғайтқыш құралдар
1. Оқушылар, өте ұсақ, көзге көрінбейтін тіршілік иелерін немесе жасушаны қарау үшін қандай ұлғайтқыш құралдар қолданамыз?
2. Өткен сабақта қандай микроскоптың құрылысымен таныстық?
3. Жарық микроскопының құрылысын айтындаршы, алдымыздағы микроскоптарға қарайық.
4. Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін не істейміз?
5. Препаратты қалай дайындаймыз?
6. Өздерін алда тұрған заттарды (заттық шыны, жабын әйнек, сарымсақ, пипетка, су, сапты ине) пайдаланып препарат жасандар
7. Осы препаратты микроскопқа орналастырайық
8. Орналасқан препаратты қараймыз, не байқадық?

3. Жаңа тақырып:

Бүгін біз препараттан көріп отырған жасушаның құрылысымен танысамыз. Интерактивті тақтаға наза аударындар. Мына сурет өсімдік жасушасының құрылысы. Жасушаның өте кішкентай екенін білеміз, сол кішкене ғана тіршіліктің қүрылым бірлігінің құрылысы күрделі болады екен. Жасушаның сыртқы бөлігі қабықшасы деп аталады. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша жасунықтан тұрады. Оның өте жұқа жерін саңылау деп атайды. Саңылау арқылы за алмасады. Қабықша ішкі бөліктерді зақымданудан қорғап, жасушаға мықтылық, беріктік қасиет береді. Жасушаның ішіндегі қоймалжың зат цитоплазма деп аталады. Оның ішінде түрлі қызмет атқаратын органоидтар болады. Олар: ядро, пластидтер, вакуоль т. б.
Ең басты органоид ол, ядро деп аталады. Ол жасушаның көбеюіне қатысады. Сыртын екі қабат қабықша қаптайды. Ядро қабықшасында да саңылаулар бар. яғни цитоплазма мен ядро арасында да зат алмасып тұрады. Пластидтердің өсімдік жасушасында үш түрі бар, олар: хлоропласт, хромопласт, лейкопласт. Хлоропласт – өсімдікке жасыл түс береді, онда жасыл пигмент хлорофилл бар. органикалық зат түзуге қатысады. Хромопласт – гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді. Лейкопласт – өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ деешіктер. Вакуоль – өсімдіктің қысымын реттеп отыратын органоид, егер өсімдік жасушасында қысым өзгерсе, өсімдік құрап қалады. Вакуольдың іші шырынға толы болады.

4. Енді алдымыздағы микроскоптан көріп отырған препараттың суретін интерактивті тақтадағы суретпен салыстыра отырып, суретті дәптерге салу керек.

5. Биологиялық диктант
1. Жасуша............ жасушаның чыртын қаптайды.
2. Қабықшаның жұқарған жерін.......... деп атайды.
3. Жасушаның тіршілігіне қажетті заттар.......... орналасады.
4......... көбеюге қатысады.
5. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер.......,
......., және....... деп бөлінеді.
6. Жасуша ішіндегі қысымды реттеуге қатысатын органоид ол -....... деп аталады.

6. Жаңа таңысқан термин сөздерді сөздік дәптерге жазып қою:
Жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластид, хромопласт, хлоропласт, лейкопласт, вакуоль
7. Үйге тапсырма: оқып келу, кесте толтыру: жасушаның құрылысы және атқаратын қызметі
12 813
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. Биологиядан тест жұмысы.
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың ішкі құрылысы
жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жапырақ құрылысындағы ерекшеліктерін, жалпы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән – жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
Жасуша – ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Өсімдік ұлпалары. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар
Жасуша – ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Өсімдік ұлпалары. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар
1609 жылы Италия ғалымы, физик Г. Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40 - тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған. Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп
Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары.
Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары.
№53 мектеп – лицейі биология пәні мұғалімі: Ахмедиева Айгүл Төкенқызы
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Есекеева Жанат Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×