Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар

03 тамыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 29
Тақырыбы: ІІ бөлім. Жануарлар
§ 31. Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік.
Жануар ағзасының ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: жануарлар әлемінің ерекшелі жайлы, оларға тән қасиеттер туралы мағлұмат беріп, дене құрылысын ерекшеліктеріне сипаттама беру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Сабақтың міндеттері:
Білімдік – табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілеттерін арттыру;
Дамытушылық – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру;
Тәрбиелік – табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру; эстетикалық сезімдеріне баулу.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Тірі ағзаларға тән ортақ белгілер
2. Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы
3. Жануарлардың мекен ортасына бейімделуі

Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар:
Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз ағзасына қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен алады.

Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады (отырықшылары да бар). Мысалы, қанқыз бүгін бір жерден көрінсе, ертеңіне дәл сол жерден көрінбейді, себебі, ол бір орында тұрмайды, жорғалап не ұшып кетеді.
Өсімдік бір орында өседі. Оның тұқымдары ғана басқа жерлерге әр түрлі жолдармен орын ауыстырып таралады.

Жануарлардың көпшілігінде ас қорытуды, тыныс алуды, зәр шығаруды қамтамасыз ететін және сыртқы ортамен қарым - қатынасты жүзеге асыруды реттейтін арнайы мүшелері, мүшелер жүйесі болады.
Көптеген жануарлардың денесі екі жақты симметриялы болып келеді: дененің оң және сол жағындағы мүшелері жұп және бірдей қызмет атқарады.

Мұндай жануарлар алға, жан - жаққа жеңіл, еркін қозғалады. Қорегін ұстайтын, жауына шабуыл жасайтын, немесе олардан қорғанатын, айналаны бағдарлайтын негізгі мүшелері дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Жануарлар жауынан қалай құтылатынын өздерің әңгімелеп, талқылаңдар. Өмірден білетін мысалдарды келтіріңдер.

Аз қозғалатын жануарлардың дене пішіні жұлдыз немесе шатыр, немесе өсімдік гүлі тәрізді болады. Мысалы, теңіз жұлдызының денесі сәулелі симметриялы: денесінің дәл ортасынан әр тармағына ойша сызық жүргізсе денесі бірдей бес бөлімге бөлінеді, әр бөлімдегі сәйкес мүшелер белгілі бір қызмет атқарады. Денесінің сәулелі симметриялы болуы баяу қозғалатын немесе су түбіндегі қатты нәрселерге жабысып тұратын жануарлардың өзіне қажетті қорегін, қай жағынан келсе де, сезініп, белсенді түрде ұстауына, немесе қауіпті жау болса, одан қорғануына мүмкіндік береді.

Толық нұсқасын жүктеу
3 665
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Көпжасушалы жануарлар
Көпжасушалы жануарлар
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады.
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі. Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.
Биология ғылымдары
Биология ғылымдары
Адамдар ертеден - ақ тіршілік әрекетінің табиғатпен, тірі ағзалармен тығыз байланысты екенін жақсы түсінген. Табиғатта қандай өсімдіктер, жануарлар бар, олардың құрылысы, тіршілігі қандай екенін білуге ұмтылған.
Жануарлар дүниесін қорғау
Жануарлар дүниесін қорғау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×