Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология 9 бен 10 нұсқа

06 тамыз 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Толық нұсқасы

9 бен 10 нұсқа
1. Жасуша қабықшасының қызметі:
A) Органикалық зат түзу.
B) Көбею.
C) Энергия түзу.
D) Зат алмасу.
E) Түс беру.
2. Ең маңызды органикалық тыңайтқыш:
A) Құс саңғырығы
B) Қарашірік және құс
C) Көң
D) Ағаш шірінділері
E) Күл
3. Басы жойылып кеткендіктен, денесі тұлға мен аяқтан құралған қосжақтаулылар классының өкілі:
A) Жүзім ұлуы
B) Каракатица
C) Айқұлақ
D) Сегізаяқ
E) Шалшық ұлуы
4. Тыныс алу мүшелерін белгілеңіз:
A) Мұрын қуысы, кеңсірік, көмей, ауыз қуысы, ауатамыр, өкпе.
B) Мұрын қуысы, кеңсірік, ауыз қуысы, кеңірдек, ауатамыр, өкпе.
C) Мұрын қуысы, кеңсірік, көмей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе.
D) Мұрын қуысы, ауыз қуысы, көмей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе.
E) Мұрын қуысы, кеңсірік, ауыз қуысы, ауатамыр, көмей, өкпе.
5. Ас қорыту мүшесіндегі тамақ немесе микробтар әсерінен қабынатын тоқ ішектің бөлігі -
A) Аш ішек.
B) Бүйен.
C) Тік ішек.
D) Соқырішек.
E) Он екі елі ішек.
6. Сабақ қалемшесінен көбейетін өсімдік:
A) Балдырлар
B) Традесканция
C) Бегония
D) Итмұрын
E) Мүктер
7. Жасушада фотосинтез процесіне қатысатын:
A) Митохондрия.
B) Эндоплазмалық тор.
C) Голдьжи жиынтығы.
D) Хлоропластар.
E) Рибосома.
8. Паразит саңырауқұлақтарға жататындар:
A) майқұлақ.
B) қаракүйе.
C) түлкіжем.
D) қайың саңырауқұлағы.
E) ақ саңырауқұлақ.
9. Ыстық елдерде ұйқы ауруын таратушы
A) Лямблия
B) Трипаносома
C) Лейшмания
D) Безгек
E) Құртамыш
10. Ішекқуыстылардың атпа жасушалары тән тек:
A) Актинияға
B) Гидраға
C) Адамға қауіпті медузаның кейбір түріне
D) Теңіз қызыл маржандарына
E) Барлық ішекқуыстыларға
11. Ми сауытына жатпайтын сүйек:
A) шүйде
B) жақ
C) самай
D) маңдай
E) төбе
12. Ыстықтан, қайнаған су мен ыстық темір, от және химиялық заттардан болады:
A) Мең.
B) Сүйел.
C) Суық.
D) Үсік.
E) Күйік.
13. Жұмыртқа жасушасымен қосылатын сперматозоид саны -
A) Төртеу.
B) Көп.
C) Үшеу.
D) Біреу.
E) Екеу.
14. Өсімдіктің азот жинақтаушы - түйнек бактериялары орналасқан орны:
A) Жемісте.
B) Тұқымда.
C) Сабақта.
D) Жапырақта.
E) Тамырда.
15. Ауыл шаруашылық зиянкестеріне қарсы қолданылады
A) Лапыз
B) Лалагүл
C) Жауқазын
D) Сарымсақ
E) Сүмбіл
16. Шұбалшаңдардың қозғалуы:
A) Көлденең жолақты бұлшықеттердің жиырылуынан.
B) Сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан.
C) Кутикуланың жиырылуынан.
D) Біріңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан.
E) Ұзын бұлшықеттердің жиырылуынан.
17. Шаянтәрізділердің есту және тепе - теңдік мүшесі:
A) Екі қысқа мұртша.
B) Екі ұзын мұртша.
C) Хитинді жабын.
D) Желбезек.
E) Күрделі көзшелері.
18. Латимерия келесі балықтар өкіліне жатады:
A) Шеміршекті балыққа.
B) Бекіретәрізділерге.
C) Албырттәрізділерге.
D) Тұқытәрізділерге.
E) Саусаққанатты балықтарға.
19. Әр түрлі тұздар мен органикалық заттардан құрылған дәнекер ұлпа:
A) Сүйек
B) Бұлшықет
C) Бірыңғай салалы
D) Көлденең жолақты
E) Жүйке
20. Үлкен қанайналым шеңбері басталатын жүрек бөлігі:
A) Оң жақ қарынша.
B) Қолқа.
C) Сол жақ қарынша.
D) Сол жақ құлақша.
E) Оң жақ құлақша.
21. Сүйек пен тіс мықтылығын жақсартатын, әртүрлі жұқпалы ауруларға ағза қарсылығын арттырады
A) - К
B) - D
C) - Е
D) - А
E) - С
22. Жануардағы жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің мінез - құлық физиологиялық негізін қалаушы ғалым:
A) Л. Пастер
B) В. В. Парин
C) И. П. Павлов
D) И. М. Сеченов
E) Н. И. Пирогов
23. Қандай төрт элемент жасушаның негізгі химиялық құрамы болады:
A) көміртегі, оттегі, азот, сутегі.
B) кальций, магний, натрий, хлор.
C) фосфор, калий, күкірт, хлор.
D) кальций, магний, натрий, темір.
E) мырыш, мыс, йод, фтор.
24. Аллополиплондия:
A) туыстарды өзара будандастыру
B) әр түрлі түрлер өзара будандастыру
C) көп белгісі бар түрлерді өзара будандастыру
D) әр түрлі түр және туыстардың тұтас геномдарын қосу
E) әр түрлі белгісі бар туыстарды өзара будандастыру
25. Қағаз алуға қолданылады
A) Шырша
B) Самырсын
C) Қайың
D) Терек
E) Балқарағай
26. Дәрумендердің (витаминдердің) нашар сіңуінен болатын өзгеріс -
A) Ақыл - есінің және денесінің қалыпты дамуын тежейді.
B) Жүйке ауруларына душар етеді.
C) Бұлшық еттердің жиырылғыштық қасиеті бұзылады.
D) Сал болады.
E) Қозғаушы нейрондардың қызметі бұзылады.
27. Бас терісі гигиенасына жатпайды:
A) Шашын химиялық әдіспен бояу.
B) Қысқа шашты түбінен тарау.
C) Ұзын шашты ұшынан тарау.
D) Бас терісін уқалау.
E) Басқа жеңіл, ыңғайлы киім кию.
28. Мейоздық кезеңде хромосомалар жиынтығы:
A) екі есе азаяды
B) бір жұбы артып кетеді
C) өзгеріссіз қалады
D) кездейсоқ өзгеріске ұшырайды
E) екі есе көбейеді
29. Ағзалардың белгілі бір ортаға өзінің тіршілігін сақтап бейімделуі ол...
A) микроэволюция.
B) макроэволюция.
C) табиғи сұрыпталу.
D) қолдан сұрыптау.
E) тіршілік үшін күрес.
30. Астық дақылдарының биогеоценозы:
A) геоценоз
B) қорық
C) орман шаруашылығы
D) биоценоз
E) агроценоз

10 нұсқа

1. Оттегіне бай таза ауаны қажет ететін «өсімдік пионері» деп аталатын өсімдік:
A) Мүктер
B) Қыналар
C) Балдырлар
D) Бактериялар
E) Саңырауқұлақтар
2. Жарықта жасыл өсімдіктер тәрізді, ал қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенетін қарапайымдар:
A) Трипаносома
B) Жасыл эвглена
C) Кірпікшелі кебісше
D) Амеба
E) Лейшмания
3. Аяқтары буын арқылы жақсы қимылдайтын бірнеше бунақтардан тұратын жәндіктер типі:
A) Ішекқуыстылар
B) Буынаяқтылар
C) Былқылдақденелілер
D) Жалпақ құраттар
E) Қарапайымдар
4. Шала піскен еттен, жұғады:
A) Қылқұрт.
B) Жауын құрты.
C) Сиыр цепені.
D) Ішексорғы.
E) Үшкірқұрт.
5. Тіршіліктің ең жоғары деңгейі аталады:
A) Эволюция.
B) Табиғат.
C) Айналым.
D) Экология.
E) Биосфера.
6. Картопқа ерекше көп қажет тыңайтқыш
A) Фосфор
B) Азотты
C) Калий
D) Натрий
E) Селитра
7. Өсімді мүшелері арқылы көбейеді
A) Астра
B) Күнбағыс
C) Қауын
D) Орамжапырақ
E) Традесканция
8. Шөлге төзімді, суды көп қажет етпейтін өсімдік:
A) Қияр
B) Эквалипт
C) Мыңжапырақ
D) Сексеуіл
E) Жүгері
9. Гүлді өсімдіктердің кластары:
A) Бір.
B) Үш.
C) Екі.
D) Төрт.
E) Бес.
10. Судың қалың қабатында жүзіп жүретін ішекқуыстылар -
A) риф түзуші маржандар.
B) қызыл маржандар.
C) медузалар.
D) гидралар.
E) актиниялар.
11. Тірек - қимыл жүйесінің қызметін атқаратын мүше:
A) Жүйке
B) Сүйек, бұлшықет
C) Жүрек
D) Өкпе
E) Бүйрек
12. Тұмауды қоздырушылар -
A) Вирустар.
B) Құрттар.
C) Бактериялар.
D) Шаң - тозаңдар.
E) Саңырауқұлақтар.
13. 1863 жылы баспадан кітап болып шыққан «Ми рефлекстері» ғылыми еңбектің авторы:
A) И. П. Павлов
B) Ч. Дарвин
C) С. П. Боткин
D) И. М. Сеченов
E) И. И. Мечников
14. Дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар:
A) Гетеротрофтар.
B) Эукариоттар.
C) Прокариоттар.
D) Автотрофтар.
E) Анаэробтар.
15. Тұқымдары жел арқылы таралатын өсімдік:
A) Терек.
B) Бөрібұршақ.
C) Шоңайна.
D) Тұңғиық.
E) Долана.
16. Көкек мүгі өсімдігінің споралар дамитын бөлігі:
A) қақпағы
B) сабағы
C) қауашағы
D) қалпақшасы
E) төмпешік қалтасы
17. Цистицеркоз ауруының әсерінен:
A) Бауыр зақымданады.
B) Бауыр зақымданбайды.
C) Қаны толады.
D) Көз жақсы көреді.
E) Көз көрмей қалады.
18. Балықтардың судың бағытын, ағын күшін қабылдайтын мүшесі:
A) торсылдағы
B) көруі
C) естуі
D) иіс сезуі
E) бүйір сызығы
19. Нуклеин қышқылдары түзіледі
A) цитоплазмада
B) ядрода
C) вакуольде
D) центросомада
E) қабықшада
20. Ағзадағы заттардың ыдырауы
A) алмасу
B) қосылу
C) сіңіру
D) ассимиляция
E) диссимиляция
21. Тері эпидермисін түзетін ұлпа:
A) Эпителий.
B) Шеміршек ұлпа.
C) Бірыңғай салалы бұлшықет
D) Жүйке.
E) Дәнекер.
22. Аналық без бұл:
A) қынап
B) қағанақ
C) жатыр түтігі
D) жұмыртқа жасуша
E) жатыр
23. Көз рецепторларының түрлері
A) қалталар
B) қылтамырлар
C) жіптер
D) орамалар
E) құтышалар, таяқшалар
24. Егер аналықта 12 хромосома болғанда мейоздық бөліну кезеңінен соң жасушадағы хромосома жиынтығы:
A) 6
B) 18
C) 12
D) 4
E) 24
25. Тоспа ұлуы бақалшағының бұрала иірленуі -
A) 5 - 6 бұрама.
B) 4 - 5 бұрама.
C) 2 - 3 бұрама.
D) 6 - 7 бұрама.
E) 3 - 4 бұрама.
26. Соматикалық жүйке жүйесінің нейрон денесі:
A) мүшелер жанында
B) орталық жүйке жүйесінде
C) жүйке түйіндерінде
D) жұлын түйіндерінде
E) рецептор жанында орналасқан
27. 1мм3 қанда эритроцит саны:
A) жүз мыңнан үш жүз мыңға дейін
B) бес мыңнан екі жүз мыңға дейін
C) үш мыңнан төрт мыңға дейін
D) бес млн - ға жақын
E) екі жүз мыңнан үш жүз мыңға дейін
28. Гетерозиготалы ағзада бір ғана белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы:
A) 8
B) 1
C) 6
D) 2
E) 4
29. Тірі табиғат өлшемі «түр» - деген ағылшын ботанигі
A) Джон Рей
B) Плотон
C) Ф. Энгельс
D) Э. Дарвин
E) Ч. Дарвин
30. Автотрофты ағзалар тізбегі:
A) күнбағыс, қоян, сиыр
B) гүлшетен, бидай, көбелек
C) мақта, күріш, алма ағашы
D) түлкі, бидай, терек
E) қасқыр, қоян, қайың

Дұрыс жауап кодын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 838
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
Оқушыларға адам ағзасының тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі, тыныс алудың маңызы туралы терең білім беру
Тест биология (36 - вариант)
Тест биология (36 - вариант)
Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі: A) Гүлсерігінде. B) Жапырағында. C) Тостағаншада. D) Сабағында. E) Тамырында, тұқымда.
Тест биология (25 - вариант)
Тест биология (25 - вариант)
Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі: A) Тостағаншада. B) Гүлсерігінде. C) Тамырында, тұқымда. D) Жапырағында. E) Сабағында.
Тест биология 21 мен 22 нұсқа
Тест биология 21 мен 22 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×