Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (15 - вариант)

25 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Биология
15 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Өлі табиғатқа жатады:
A) Жануар.
B) Өсімдік.
C) Адамдар.
D) Бактериялар.
E) Тау жыныстары.
2. Жапырақ жүйкесі мына ұлпадан тұрады:
A) Дәнекер.
B) Фотосинтездеуші.
C) Өткізгіш, тірек.
D) Түзуші.
E) Қор жинауыш.
3. Қалемшені дайындайды:
A) 3 - 4 жапырақтан
B) 4 - 5 сабақтан
C) Бір бүршігі бар өркеннен
D) 3 - 4 бүршігі бар өркеннен
E) Ең ұзын өркеннен
4. Бидай тұқымының қор заттарын жинайтын бөлігі:
A) Тұқым кіндігі.
B) Ұрығы.
C) Эндосперм.
D) Тұқым жарнақ.
E) Қауызы.
5. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын майлы өсімдік:
A) Жүгері.
B) Тары.
C) Бидай.
D) Күнбағыс.
E) Күріш.
6. Қарағайдың әрбір қысқарған өркенінде дамитын жапырақтар -
A) Он екі қылқан.
B) Бір қылқан.
C) Үш қылқан.
D) Екі қылқан.
E) Төрт қылқан.
7. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар
A) арышқұлақ, көктерек саңырауқұлағы, қозықұйрық.
B) жалған түбіртек, боз арамқұлақ.
C) ақ зең, қи саңырауқұлағы.
D) пеницилл, ашытқы.
E) қаракүйе, қастауыш.
8. Аяқтары бірнеше бунақтардан құралатын жәндіктер:
A) Буынаяқтылар.
B) Буылтық құрттар.
C) Былқылдақденелілер.
D) Бунақденелілер.
E) Көп қылтанды құрттар.
9. Ағзадағы тіршілік құбылыстарын және мүшелердің қызметін зерттейтін ғылым:
A) Экология.
B) Гигиена.
C) Медицина.
D) Тәнтану.
E) Физиология.
10. Тез жиырылатын бұлшық еттер:
A) Ішектің.
B) Жүректің.
C) Қуықтың.
D) Қан тамырларының.
E) Қаңқаның.
11. Төменгі қысымды қан жүретін тамыр:
A) Қолқа.
B) Салатамыр.
C) Көктамыр.
D) Өкпе көктамыры.
E) Қылтамыр.
12. Ас қорыту жүйесіне жататын.
A) Мұрын қуысы, аңқа, бауыр
B) Көмей, өңеш, қуық
C) Өңеш, өкпе, қуық.
D) Өңеш, ауыз қуысы, ішек, қуық.
E) Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек
13. Полисахаридтерге жататын:
A) Дезоксирибоза.
B) Крахмал.
C) Сахароза.
D) Сүт қанты.
E) Галактоза.
14. Монголоидтық нәсілге жататын түпкілікті тұрғындардың отаны -
A) Европа.
B) Солтүстік Африка.
C) Оңтүстік Азия.
D) Орталық және Шығыс Азия.
E) Австралия.
15. Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі:
A) Басындағы екі түйін.
B) Денені бойлай созыла орналасқан екі бағана.
C) Дененің құйрық бөлігіндегі екі бағана.
D) Дененің шетіндегі екі бағана.
E) Дененің ортасындағы екі бағана.
16. Суды тазартушы ұлулар:
A) Сегізаяқтылар.
B) Теңіз бауыраяқтылар.
C) Айқұлақ.
D) Кальмарлар.
E) Каракатицалар.
17. Жыландарды питомникте (жыланханада) өсіру себебі:
A) Дәрумендеріне
B) Етіне
C) Жұмыртқасына
D) Уына
E) Терісіне
18. Өкпедегі ауа көпіршіктерінен тұратын ұлпа:
A) сүйек
B) эпителий
C) жүйке
D) бұлшық ет
E) дәнекер
19. Ағзадан шығарылатын ақырғы ыдырау өніміне жатпайтыны.
A) Су қалдығы.
B) Несеп.
C) Ақуыз (нәруыз).
D) Көмірқышқыл газы.
E) Тұз қалдығы.
20. Нәсілдік тұқымқуалаушылық белгіні сақтап, ұрпаққа беруші:
A) хромосома
B) пластид
C) митохондрия
D) рибосома
E) лизосома
21. Әрбір аминқышқыл кодына қажет нуклеотид саны:
A) Біреу.
B) Бесеу.
C) Төртеу.
D) Екеу.
E) Үшеу.
22. Бір түрге жататын өз алдына табиғатта жеке оқшауланған даралар тобы:
A) Популяция.
B) Критерия.
C) Оқшаулану.
D) Экология.
E) Ареал.
23. Өсімдік бітесін (тля) ханқызы қоңызымен жою әдісі:
A) Механикалық күрес.
B) Биологиялық күрес.
C) Химиялық күрес.
D) Экологиялық күрес.
E) Агротехникалық күрес.
24. Биосфераның озон қабаты -
A) Инфрақызыл сәулелерді сіңіреді.
B) Оттегімен байытады.
C) Көзге көрінетін сәулелерді сіңіреді.
D) Көмірқышқыл газын азайтады.
E) Ультракүлгін сәулелерді сіңіреді.
25. Шоғырланып, қозғалмай тіршілік ететін көпаяқты жәндік:
A) Қызыл маржан.
B) Гидра.
C) Амеба.
D) Эвглена.
E) Кебісше.
26. Жүйке жүйесінің шеткі бөліміне жататын -
A) Жұлын.
B) Ми.
C) Парасимпатикалық жүйке.
D) Жүйкелер мен жүйке түйіндері.
E) Аралас жүйкелер.
27. Көру мүшесінің көмекші бөлігіне жататындар
A) Көз бұршағы.
B) Шыны тәрізді дене.
C) Қабақ.
D) Тор қабықша.
E) Қасаң қабықша.
28. Кроссинговер дегеніміз:
A) гомологтық хромосомалардың бөліну кезінде айқасуы
B) гомологиялық хромосоманың бір - бірімен тығыз жанасуы
C) хромосоманың спиральды ширатылуы
D) жасушаның айқас бөлінуі
E) жыныс жасушаларының пайда болуы
29. Жасыл түсті тегіс қабықты ас бұршағының генотипін анықтаңыз.(А - тұқымы сары, а - тұқымы жасыл түсті, В - тегіс қабықты, в - бұдыр қабықты).
A) АаВВ
B) ааВв
C) АаВв
D) ААВВ
E) аавв
30. Құрылысы мен шығу тегі бір - біріне сәйкес келетін дене мүшелері:
A) Регенерациялық.
B) Аналогиялық.
C) Гомологиялық.
D) Атавизмдік.
E) Рудименттік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
3 012
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (41 - вариант)
Тест биология (41 - вариант)
Биология пәнінен тест жауаптарымен
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. Биологиядан тест жұмысы.
Тест биология (36 - вариант)
Тест биология (36 - вариант)
Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі: A) Гүлсерігінде. B) Жапырағында. C) Тостағаншада. D) Сабағында. E) Тамырында, тұқымда.
Тест биология (28 - вариант)
Тест биология (28 - вариант)
Мәдени өсімдіктер: A) Теңгежапырақ, самырсын, жоңышқа B) Беде, қара алқа, қойбүлдірген C) Адамның қолымен өсірілетін өсімдіктер D) Қоңыр балдырлар, қыналар, шаңжапырақтәрізділер E) өздігінен өсіп - өнетін өсімдіктер
Тест биология (25 - вариант)
Тест биология (25 - вариант)
Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі: A) Тостағаншада. B) Гүлсерігінде. C) Тамырында, тұқымда. D) Жапырағында. E) Сабағында.
Тест биология (3 - вариант)
Тест биология (3 - вариант)
1. Жасуша қабықшасындағы саңылау: A) 3 B) Көптеген C) 1 D) 2 E) 4
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×