Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (21 - вариант)

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
21 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Лейкопластардың қызметі:
A) Көбеюге қатысу.
B) Фотосинтезге қатысу.
C) Қор затын жинауға қатысу.
D) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру.
E) Өсімдікке жасыл түс беру.
2. Фотосинтездеуші ұлпада болады:
A) Лейкопласт және хромопласттар
B) Лептесіктер
C) Хромопласттар
D) Хлоропласттар
E) Лейкопласттар
3. Картопты көбейту жолы:
A) Мұртшалармен.
B) Түйнектерімен.
C) Спораларымен.
D) Тамырсабағымен.
E) Пиязшығымен.
4. Қызанның тұқымдасы:
A) Бұршақ тұқымдас.
B) Күрделігүлділер.
C) Лалагүл тұқымдасы.
D) Астық тұқымдас.
E) Алқа тұқымдас.
5. Ішек - қарын ауруларының алдын алу шаралары –
A) Ішімдік ішпеу.
B) Жемістер мен көкөністерді таңдап жеу.
C) Спортпен айналысу.
D) Темекі шекпеу.
E) Барлық гигиеналық шараларды сақтау.
6. Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын бактериялар:
A) Сүтқышқыл бактериялары.
B) Шіріту бактериялары.
C) Топырақ бактериялары.
D) Түйнек бактериялары.
E) Ауру туғызытан бактериялар.
7. Өрмекші тәрізділерге жататындар:
A) дафния
B) ақ планария
C) кенелер
D) айқұлақ
E) аскарида
8. Төменгі қысымды қан жүретін тамыр:
A) Салатамыр.
B) Өкпе көктамыры.
C) Қолқа.
D) Қылтамыр.
E) Көктамыр.
9. Сүтқоректілердің зәр шығару мүшесі:
A) Бүйрек
B) Кеңірдек
C) Өңеш
D) Қарын
E) Өкпе
10. Жасушадағы бейорганикалық зат:
A) Көмірсу.
B) Су.
C) Нуклеин қышқылдары.
D) Май.
E) Ақуыз (нәруыз).
11. Зиготадағы хромосома жиынтығы:
A) Гаплоидты.
B) Пентаплоидты.
C) Тетраплоидты.
D) Диплоидты.
E) Триплоидты.
12. Өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың тұқымдарын жасау, жақсарту, ұсақ ағзалардың штаммаларын алу әдістерін зерттейтін ғылым:
A) Экология.
B) Селекция.
C) Эмбриология.
D) Цитология.
E) Генетика.
13. Агроценоздарға жататындар -
A) Бақша.
B) Дала.
C) Өзендер.
D) Тундра.
E) Орман.
14. Жердің қатты қабығы -
A) Ноосфера.
B) Гидросфера.
C) Биосфера.
D) Атмосфера.
E) Литосфера.
15. Ерекше жарық сүйгіш мәдени өсімдік:
A) Қарабидай.
B) Асбұршақ.
C) Қызанақ.
D) Арпа.
E) Пияз.
16. Биіктігі 50 метрге жететін балдыр:
A) Улотрикс.
B) Хлорелла.
C) Қызыл балдыр.
D) Хламидомонада.
E) Ламинария.
17. Шоғырлы маржандар -
A) гидралар.
B) медузалар.
C) қызыл маржандар.
D) тамырауыздар.
E) актиниялар.
18. Кірпікшелі құрттардың қоректенуі:
A) Вирустар.
B) Судағы ұсақ жәндіктер.
C) Бактериялар.
D) Балдырлар.
E) Су өсімдіктері.
19. Құстың қауырсыны дегеніміз:
A) Терінің үстіңгі қабатындағы теріден пайда болған түзіліс.
B) Теріге қадалған ұшы.
C) Ортасында мүйізденген кеуекті өзегі бар түтік.
D) Жіңішке мұртшалар жиынтығы.
E) Сояудың екі жағындағы тармақ.
20. Жасунық табиғаты жағынан жатады:
A) Ақуызға (нәруызға).
B) ДНҚ - ға.
C) Көмірсуға.
D) Минералды тұздарға.
E) Майға.
21. Тыныс алу мүшесінің ауруына жатпайтыны:
A) плеврит
B) трахеит
C) цистит
D) фарингит
E) тұмау
22. Балаларда мешел ауруының дамуы мына витаминнің (дәруменнің) жетіспеуінен болады -
A) С.
B) В12.
C) А.
D) В1.
E) Д.
23. Ақуыз және рибонуклеин қышқылы бар органоидтар:
A) Ядро.
B) Рибосомалар.
C) Гольджи жиынтығы.
D) Жасуша орталығы.
E) Митохондриялар.
24. Агроценоздың табиғи биоценоздан айырмашылығы:
A) Тұтынушылар жоқ.
B) Қоректену тізбегі қысқа.
C) Өндірушілер жоқ.
D) Зат айналымы тұйық.
E) Қоректену тізбегі ұзын.
25. Аш ішекте және өт жолында тіршілік ететін паразит қарапайым жәндік:
A) лямблия
B) трипоносома
C) безгек паразиті
D) құртамыш
E) қантышқақ амебасы
26. Үлкен ми сыңарларының қимыл - қозғалысын реттейтін орталығы:
A) ортаңғы мида
B) шүйдеде
C) маңдай бөлімінде
D) самайда
E) төбе бөлімінде
27. Жас адамның сүйегінің өсуін реттейтін:
A) гипофиз
B) жыныс безі
C) қалқанша безі
D) бүйрек үсті безі
E) ұйқы безі
28. Жүріп бара жатқан көлікте оқудың көзге зиянды әсері -
A) Колба тәрізді клеткаларды тітіркендіреді.
B) Торлы қабықты тітіркендіреді.
C) Көз қарашығын үлкейтеді.
D) Көз бұршағын өзгертеді.
E) Көз рецепторын тітіркендіреді.
29. Аналогиялық мүшелерге жататындар:
A) Егеуқұйрық пен бақаның алдыңғы қолдары.
B) Көртышқан мен бақаның алдыңғы қолдары.
C) Құс қанаты мен иттің табаны.
D) Құс қанаты мен көбелектің қанаты.
E) Бұршақтың мұртшасы мен кактустың тікенегі.
30. Мәдени өсімдіктермен арамшөптер арасындағы қатынас:
A) Жыртқыштық.
B) Паразиттік.
C) Түрішілік күрес.
D) Түраралық күрес.
E) Селбесу (симбиоз).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
4 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (58 - вариант)
Тест биология (58 - вариант)
Биология пәні бойынша тест жауаптарымен
Тест биология (55 - вариант)
Тест биология (55 - вариант)
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология (53 - вариант)
Тест биология (53 - вариант)
Биологиядан тест жауаптарымен
Тест биология (24 - вариант)
Тест биология (24 - вариант)
Хромопластардың қызметі: A) Көбеюге қатысу. B) Өсімдікке жасыл түс беру. C) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру. D) Қор затын жинау. E) Фотосинтезге қатысу.
Тест биология (2 - вариант)
Тест биология (2 - вариант)
1. Терек тұқымының таралу жолы: A) Құстармен. B) Желмен. C) Өздігінен. D) Бунақденелілермен. E) Сумен.
Биологиядан тест
Биологиядан тест
Биологиядан қазақ тілінде тест сұрақтары. 35 нұсқа.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×