Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктер әлемі арнаулы курс бағдарламасы 5 - класқа арналған

15 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
«Өсімдіктер әлемі» арнаулы курс бағдарламасы 5 - класқа арналған

Бағдарлама негізі: Р. Сәтімбековтың, Р. Әлімқұлованың «Қызықты биология», С. Көшкінбаевтың «Туған жер қазынасы», И. В. Костинскаяның «Табиғатты зерттеушілер», Р. Ә. Әлімқұлова, М. А. Тәртенованың «Өсімдік табиғат қазынасы», Қ. Құрмановтың «Жасыл әлем» еңбектеріне сүйене отырып «Өсімдіктер әлемі» арнаулы курс бағдарламасы жасалды.
Құрастырған (дар): Бекмағамбетова Г. №57 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Жүргізуші: Контаева К. К. №57 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәні мұғалімі

№ 57 жалпы білім беретін орта мектебінің әдістемелік (педагогикалық) (мектеп, мектепке дейінгі ұйым, мектептен тыс мекеме атауы) кеңесі отырысында «Өсімдіктер әлемі» арнаулы курс бағдарламасы талқыланды.

Түсінік хат
Мектептерде білім сапасын дамыту бағыттарының бірі білімді саралау болып табылады. Мектепте оқытылатын биология пәнінің мазмұны тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді, сондай - ақ тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажет. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында орта мектепте мемлекеттік стандартқа сай білім алу деңгейін қамтамасыз ете отырып 5 класқа «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында арнайы курс бағдарламасы жасалынды.
Өсімдік―табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдіктерде болатын барлық құбылыстарды толық зерттейді. Осы бағдарлама барысында өсімдіктердің ең жуан сабағын және жәндіктер жоламайтын өсімдіктердің түрлерімен танысады. Сонымен бірге сүт беретін сабақтар, жарық шығаратын сабақты өсімдіктердегі ерекшеліктерді біле отырып олардың маңыздылығын түсінеді. Біздің ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна
шамасында оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктер айналадағы ортаны жақсартады; ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді. Сонымен бірге өсімдікке тоқталатын болсақ, қарапайымдардан бастап, ең күрделі организмдерге дейінгі бүкіл тіршілік иелері жануарлардың да адам үшін маңызы өте зор. Жануарлардың ерекше қасиеттері мен маңыздылығын және айырмашылығын ажырата білу маңызды.
Бағдарламаның жылдық сағат саны 34, аптасына 1 сағат. Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады. Бағдарлама мазмұнында биология ғылымының даму деңгейін ескере отырып білімнің әр түрлі компоненттері (жаңа ұғымдар мен түсініктер, қызықты мәліметтер мен деректер т. б.) қамтылады. Соған орай түрлі сұрақтар мен тапсырмалар, әңгіме, саяхат сабақтар оқытудың теориялық бөлімімен қатар практикалық жағы да қарастырылған.
Мақсаты: Оқушыларды өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Оқушылардың базалық білім деңгейін жетілдіріп, қызығушылығын арттыру және ой - өрісін кеңейту.

Міндеттері: - Тірі организмдердің құрлысын, қызметін, тіршілік әрекетін эволюциялық тұрғыда түсіндіру.
- Тірі табиғаттың заңдылықтарын оқып білу үрдісінде, тірі нысандарды бақылау, биолгиялық тәжірбиелер жүргізуде танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Өсімдіктер, жануарлар әлемін бақылау нәтижелерін және оқулық мәтінін, сурет, сызба, кестелерді пайдалану арқылы тіршіліктің даму факторларын, өлі және тірі табиғаттың өзара байланыстылығын дәлелдеп көрсете білу.
Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеру керек:
- туған жерімізде өсетін өсімдіктердің түрлерін;
- өлкемізде мекендейтін жануарлардың түрлерін танып білу;
- өз ой - өрісін ғылыми тұрғыда дамыту;
- ғылыми ізденімпаздығы мен іскерлігін кеңейту;
ізденіс пен еңбекке және табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Бағдарлама бойынша оқушы бойында қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар
1. Өз пәніне оқушылардың қызығушылығын ояту.
2. Педагогикалық шеберліктің шыңына шығу үшін дағды мен біліктілікті шыңдауын.
3. Оқушының өзіндік ерекшелігін ашу, дамыту.
4. Оқушы бойындағы мүмкіншілігі мен қабілеттерінің ашылуына септігімді тигізу.
5. Оқушылардың өмірлік құндылықтар мен мақсаттарын айқындап алуына ықпал ету.
6. Оқушылардың интеллектуалды, эмоцияналды, рухани дамыған тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
7. Сөздік қорын, еркін ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтиже
- жаңа білім алуға, жаңашылдыққа ұмтылады;
- алған білімдерін талдайды, сараптайды;
- шығармашылық қабілеті рухани бай, елінің өркендеуіне үлес қоса алатын тұлға қалыптасады.
- алдына мақсат қойып, оған жету жолдарын білу.

Өсімдіктер әлемі арнаулы курс бағдарламасы 5-класқа арналған. жүктеу
6 183
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР биология 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР биология 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8 - сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Ағылшын тілінен арнаулы курс бағдарламасы
Ағылшын тілінен арнаулы курс бағдарламасы
ПРАКТИКАЛЫҚ ГРАММАТИКА Ағылшын тілінен арнаулы курс бағдарламасы 11 класқа арналған
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Табиғат – біздің үйіміз (арнайы курс)
Табиғат – біздің үйіміз (арнайы курс)
Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С.Сатыбалдин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Иманова Айжан Калиоллаевна
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қалжат ауылы, Ұйғыр ауданы, Қалжат орта мектебі мемлекеттік мекемесі. Хамраева Мухаббатхан Жалалдинқызы
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×