Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары

19 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Биология
«Генетика және селекция негіздері» 10 сынып
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Түсінік хат
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Тіршілікте ең жоғары құндылық деп түсінетін экологиялық, эволюциялық ойлау деңгейлері қалыптасқан, биологиялық мәдениетін меңгерген, дүниенің ғылыми бейнесінің биологиялық саласын бағдарлай алатын, тірі табиғатты зерттеу әдістерінен қажетті білімдері бар, цитология мен генетикадан білімдерін дамыту, зат алмасу үрдістері және тірі ағзалардың жалпы қасиеттері туралы мағлұматтарын кеңейту.
Курстың мақсаты: Оқушыларды әлеуметтендіру, жоғарғы оқу орындарына дайындау үшін терең білім беру, өмірде өзі игеретін мамандыққа баулу.
- Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.
- Биология туралы ұғымды үйрету.
- Оқушылардың генетикалық білімдерін кеңейту, жүйелеу, дамыту.
- Адамгершілікке тәрбиелеу.
Курстың міндеттері:
- оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту
- негізгі ұғымдар мен теорияларды білу.
- өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету;
- оқыту өмірмен тығыз байланыстыру;
- оқушылардың мамандықты таңдауына ықпал жасау
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, инттелектуалдық, дарындылық қабілеттерін жетілдіру
- ҰБТ – ға дайындық.
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс - әрекеті мен ой өрісін, басқа ғылыммен байланысын, компьютер техникасын, интернет желісін пайдалану.
Пәнаралық байланыс: химия, математика, география, экология, тәнтану, жануартану.
Кәсіпке бағдарлау: биология, медицина, ауыл шаруашылығы, химия, биотехнология бағытында даярлау.
5. Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс (лекция ), ойын, есептер шығару,
топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері, семинар.

6. Курсты оқытуды аяқтау формасы:
- рефераттар жазып қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру, ғылыми жоба жасап қорғау.
- түрлі генетикалық есептер шығару.
- тест сұрақтарына жауап беру.

7. Оқу жетістіктерін бағалау:
- деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.
Тақырып жоспарының мазмұны.
Генетика негіздері. ( 21 сағат )
Генетика ғылымы және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны. Генетика ғылымының даму кезеңдері. Генетика саласындағы ғылым зерттеулер. Грек ойшылдарының еңбектері (Демокрит, Гипократ, Аристотель). Эвалюциялық ілім (Ч. Дарвин). Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының ашылып қалыптасуы. Г. Мендель, Т. Бовери, У. Сзттон, Т. Морган, В. Иогансен, Гуго де Фриз, К. Коренс, Э. Чермак, Н. Вавилов т. б.
Г. Мендель, оның еңбектері. Гибродологиялық әдіс. Моногибридтік будандастыру. Доминанттық, рессивтік белгілер. Аллельді гендар. Фенотип және генотип. Гомомзиготалы, гетерезиготалы особьтар. Г. Мендельдің 1 - 2 заңдары. Белгілердің ажырау себептері. Гаметалар тазалығы гипотезасы. Талдаушы шағылыстыру. Моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздері. Тіркес тұқым қуалау. Тіркесу топтары. Генетикалық карта. Т. Морган заңы. Хромосомалық теория. Кроссинговер. Ген, құрылымы, қасиеті. Гендердің ара - қатынасы. Генотип. Жыныс генетикасы. Жынысты анықтау. Жыныспен тіркес тұқымқуалау. Гемофилья және дальтонизм. Гендердің өзгеруіне ортаның әсері. Медициналық генетика. Адамның тұқымқуалайтын арулары, олардың алдын алу.

Өзгергіштік заңдылықтары. ( 5 сағат )
Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер. Мутациялардың жиілігі. Мутацияның пайда болуына ортаның әсері. Геномдық, хромосомалық және гендік мутациялар. Эксперименттік мутациялар. Селекциядағы мутацияның рөлі. Н. И. Вавиловтың гомологиялық қатарлар заңы. Генетика және эволюциялық теория. Популяциялар генетикасы. Аллельдер және генотиптер жиілігі. Харди - Вайнберг заңы. Табиғи Сұрыптаудың түрлері: тұрақтандырушы және қозғаушы сұрыптаулар.
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы. ( 6сағат ) Селекцияны генетикалық негіздері. Селекция үшін бастапқы материалдарды іріктеп алу, бағалау. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Өсімдіктер селекциясы. Өсімдіктерді қолдан сұрыптау және будандастыру. Селекциядағы табиғи сұрыпталудың маңызы. Айқас тозаңданатын өсімдіктердің өздігінен тозаңдануы. Гетерозис. Жасанды мутагенез, оның селекциядағы маңызы. Полиплоидия. Жануарлар селекциясы. Үй хайуанаттарын әріден будандастыру. Қазақстандағы жануарлар селекциясының жетістіктері. Микроорганизмдер селекциясы, оның өнеркәсіптегі маңызы. Биотехнология, оның бағыттары. Генетикалық инженерия.
Зертханалық жұмыстар.
Вариациялық қатарды құру және жапырақ ұзындығының өзгергіштігінің вариациялық қисық сызықтарын сызып көрсету.
Көрсетілімдер. Мендель заңдарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін көппешөп материалдарын, жинақтамаларды, нақнұсқа - жапсырмаларды, сызбанұсқаларды, тәжірбиелерді көрсету.
Мұғалім: Исабекова Куляш Құрманқызы
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары. жүктеу
4 318
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
Биологиядан бағдарланған 11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша жылдық жоспар берілген. Бұл оқу бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып, біртұтас курс ретінде
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Биофизика қолданбалы курс
Биофизика қолданбалы курс
Бұл курстың оқытылуы оқушылар бойында шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздығын дамытуға, қосымша әдебиеттермен дербес жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған өмірдегі табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін физикалық білімдерін пайдалануға
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Қазақстандағы жануарлар әлемі
Қазақстандағы жануарлар әлемі
Негізгі мақсаты: тіршілікті жоғарғы құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, дүниенің тылсым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми – танымдық әдіс –
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×