Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік нәрі – өмір өзегі

09 желтоқсан 2023, Сенбі
Категориясы: Биология
Өсімдік нәрі – өмір өзегі

Бүгінде табиғи медицина күн өткен сайын химиялық жолмен дайындалған дәрі - дәрмектің адам ағзасы үшін зиянды екенін дәлелдеуде. Қоршаған ортадағы өсімдіктердің ішінде дәрілік өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін әсері мол. Менің тоқталғалы отырған өсімдік – жантақ өсімдігі.
Жантақ өсімдігі жалпы шөл - шөлейт жерлерде өседі. Оның бірнеше түрі кездеседі. Қазақстанда 4 түрін кездестіруге болады. Қазақстанда көбіне Каспий, Арал, Ембі, Ертіс, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Мойынқұм, Іле - шу, Балқаш - Алакөл аймақтарында өседі. Бұл өсімдік тек малға ғана азық емес, оның адамды дертінен айықтыратын емдік қасиеті де бар.
Халқымыз жантақ өсімдігінің емдік қасиеттерін ертеректен біліп, оны ем ретінде пайдаланып келген. Жантақ шөбінің тамыры да оның сабағы мен масақтарының да емдік қасиеттері мол. Жантақ өсімдігінің құрамында С витамині каротин, эфир майлары, гликозидтер, фловоноид сапонин заттары, қант, суда еритін органикалық заттар С және К дәрумендері, бояғыш заттар және шайыр кездеседі. Медицина саласында жантақтың жер бетіндегі бөлігі пайдаланылады. Жантақ сабақтарын құрғатып, ұнтақ күйінде дәрілік препараттар жасайды. Жемісі мен тамырынан дәрі - дәрмек өндіреді. Жантақтың іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Жантақ өсімдігінің жапырақтары мен бұтақтарынан жасалған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланады. Жантақтың тамырынан жасалған дәрілер геморой түйіндерін, дене сыртындағы жарақаттарды емдеу үшін қолданылады. Жантақтың жаңа гүлдеген кезінде гүлін жинап алып суға қайнатып, асқазан, ішек ауруларына қарсы ішеді. Жантақтың тамырын да суға қайнатып тізе, буын ауруларына, жүрек соғысы нашарланғанда және тамақ ауруларына да ем ретінде пайдаланылады.
Жантақтың адам ағзасына пайзасы көп. Сондықтан одан емдік қасиеті бар тұнба дайындауға болады. Мысалы, 20 грамм тамыр үгітіндісін 300 г қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста 30 минут бұқтырып, сүзіп, ас алдында әр жолы 3 ас қасықтан, күніне 3 рет ішеді. Мұны бүйректе тас - құм байланса, жүрек қызметінің нашарлауынан денеге ісік шықса, ас алдында бір ас қасықтан күніне үш рет ішеді. Жантақтан қайнатпа дайындауға болады. Ангина, экземаларды, әйел адамдардың спецификалық ауыруларына қарсы, асқазан язвасына қолданылады.
Сондай - ақ, жантақтың суыққа қарсы, ыстық түсіретін, жөтелді басатын, жараның аузын жиыратын, зәр айдайтын, іш қатуын болдырмайтын қасиеттері де бар екен. Бұған қоса, жатыр мойнының эрозиясы, іріңді отит кезінде жантақ ваннасын қабылдау керек екен.
Кейінгі кездерде шөптің қайнатпасы ағзаның қорғану қасиетін арттыратыны белгілі болды. Өсімдік гүлінің қайнатпасын шай орнына қолдануға болады. Бұл шай шөлді қандырады және тердің бөлінуін азайтады. Ашаршылық жылдары жантақ тәттінің орнын басқан. Өсімдік сабағының және бұтақтарының бас жағынан бөлінетін ұнтақ тәрізді тәтті зат, сегіз - он түптен 1 кг дейін жиып алуға болатын болған. Бұл тәтті қанттың орнын алмастырды. Түйе жантақтан суды алуда оңай. Жантақтың түбіне полиэтилен қапшықты кигізіп, бір сағатта 30 - 50 грамм су жинауға болады. Осындай 5 - 6 қапшық арқылы бір күнде 2 литрдей су жинап алуға болады екен. Кәдімгі таза су ала аламыз.
Табиғат сыйлаған жантақ өсімдігін адам денсаулығын жақсартуға пайдаланайық!

МАТЕНОВА ДАМЕШ ТЛЕКБАЕВНА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Маңғыстау бойынша
Кәсіби даму институтының
әдіскері
1 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің түрлері мен маңызы.
Қызыл мияның емдік қасиеті
Қызыл мияның емдік қасиеті
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағат ұлататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Жантақ – емдік шөптердің бірі
Жантақ – емдік шөптердің бірі
Бейнеу ауданы «Сам орта мектебі» ММ 3 - сынып оқышысы Елдашбаев Нурбек. Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Сабақтың мақсаты: 1. білімділік: Ылғал сүйгіш су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсу ортасы жайлы түсінік беру.
Адыраспан – киелі өсімдік
Адыраспан – киелі өсімдік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Қарнақбай Мұқағали Жетекшісі: Бөрқұлақова Ботакөз
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
Иржанов Мұратбек Мирмаралұлы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Тәжірибе стансасы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×