Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


А дыбысы мен әрпі

05 мам 2014, Дүйсенбі
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы
Бөлімі: Сауат ашу
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: А дыбысы мен әрпі

Мақсаты: А дыбысы және әрпімен таныстыру. А дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Қол жаттықтыру, дәптеріне А әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Білімділік: А дыбысын сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. Дыбыс туралы ұғымды меңгерту, дауысты дыбыстың ерекшеліктерін еске түсіру.
Дамытушылық: Баланың ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту. Белсенді қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Имандылыққа тәрбиелеу. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау.
Әдіс - тәсілдер: ойын, сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекі құралдар: ойыншықтар, магнитті тақта, кеспе әріптер қалтасы, суреттер, текшелер, үлестірме материалдар, таяқшалар, компьютер. «Сауат ашу. Әліппе - дәптер». «Сауат ашу. Дидактикалық материалдар».

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:
Тәрбиеші: Балалар бүгін дәрігер бәріңді тексерді ме?
«Тексерді» десе:
- Тамақтарыңды көрсеткендерің бар ма?
«Бар» десе:
- Қалай көрді?
- Аузымды ашты, тілімді басты, «А» деп айт, — деді.
- Не деп айт деді?
- А - а деп айт – деді
Енді тәрбиеші балалардың атын атап, мәселен:
- Айдын, — деп шақырады.
Айдын: «А?», деп жалт қарар еді.
- Айдын мен шақырғанда не деді?
- А, — деді.
Енді балаларға А дыбысын кезек - кезек айтқызып, жолдастарының аузы «А» дегенде, қандай болып тұрғанын көрсеткен жөн.
Тәрбиеші А а дыбысының таңбасын жазып көрсетеді.
А дыбысын анық дауыстап айтып, сөз басында қай дыбыс естілетінін балалардан сұрайды.
- Дауысты, дауыссыз дыбысты есту арқылы ажыратамыз. Дыбыстың таңбасын «әріп» дейміз. Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбысты естиміз, айтамыз.
- Мынау – А әрпі, А дыбысының таңбасы. Әріпті көзбен көреміз, оқимыз, дыбысты
айтамыз.
Балаларға өздерінің аттарын айтқызып, кімнің атында А дыбысы кездесетіндігіне (сөздің басында, ортасында, аяғында) кеңінен тоқталып, алдымен балалардың өз атынан бастап үйретеді. Балабақшада ана тілінің лексикасын оқып - үйрену қатаң түрде семасиологиялық аспектіде емес (яғни «Бұл сөз нені білдіреді?» деген сұраумен басталмайды), «Бұл зат қалай аталады?» деген сұрауға жауап бере отырып, ономасиологиялық аспектіде жүргізіледі.
«Сауат ашу». Әліппе – дәптермен» жұмыс
Енді тәрбиеші балалардың назарын «Әліппе – дәптердегі суретке аударады. Тәрбиеші балаларға сұрақ қоя отырып сурет бойынша әңгіме құрастырады. Баланың лексиканы меңгеруі зат есімді меңгеруден басталады. Ол өзін қоршап тұрған заттың бәрін (күнделікті қолданып жүрген ыдыс, киім, ойыншық және т. б.), өзінің дене мүшелерін атайды. Суреттегі өзіне таныс ойыншықтарды көргенде жүздерінен қуаныш нышаны байқалған балалар (дауыстап):
- Аю.
- Қоян
- Аққу (кубиктегі)
- Ара (кубиктегі)
- Арыстан (шардағы)
- Ат (шардағы),- деп шу ете қалары анық.
Аталған ойыншықтардың А дыбысынан басталатындығына тәрбиешінің баса назар аударғаны жөн. Аю деген сөзде А дыбысы сөздің басында, ал Ара деген сөзде А дыбысы сөздің басында да, аяғында да келетіндігіне тоқталу керек.
- Ал, қане, осыншама көп ойыншықты арбаға салып сүйреп келе жатқан балаға ат қояйық.
Балалар: Ержан, Мақсат және т. б. аттарды қоюы мүмкін
Тәрбиеші: Балалар, А дыбысынан басталатын ат қойсақ қайтеді.
Балалардың бірі: Алмас, бірі: Асқар және тағы басқа аттарды атауы мүмкін. Сонымен суреттегі баланың аты кім болады?
- Алмас
6 - беттегі А дыбысын оқытып, балалардың тілін жаттықтыру.
7 - беттегі 1 - жаттығуды орындау арқылы балалар А дыбысының – дауысты дыбыс екендігін, сондай - ақ А әрпінің торкөзден орнын тауып қызыл түспен бояу арқылы А әрпінің сөздегі орналасу ерекшелігін байқайды. Ой - өрісі дамиды.
2 - 3 жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды (жазу кезінде партада дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстауға үйрету). Егер бала - бақшада компьютер болса, қосып, балаларға А дыбысын (бас әрпін, кіші әрпін) көрсетуге болады). Компьютерлік сауаттылық арқылы баланың танымы кеңейеді.

«Сауат ашу. Дидактикалық материалдармен» жұмыс
4 - беттегі жұмбақты шешкізу арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
Сергіту жаттығуы. Балалардың саусақтары тез шаршайды, сондықтан саусақ бұлшық еттерін жетілдіру үшін орындалады.
4 - беттегі жаңылтпашты балаларға оқып беріп, қайталап айтқызу. Жаңылтпашты жаңылмай айтқанша тілдерін жаттықтыру. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
5 - беттегі тапсырмаларды орындату арқылы салынған суреттердегі заттарды ататқызып, қандай әріптен басталатындығын, сондай - ақ А дыбысының орнын анықтату. Сөздің қай жерінде кездесетіндігін ажырата білуге дағдыландыру. Қолдарын жаттықтыру.
Сергіту жаттығуы.
Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Сөзді дұрыс айтқан балаға бір - бірден ойыншық үлестіріледі. Ойын соңында ойыншықтарды санау арқылы кімнің көп сөз тауып айтқанын анықтайды.
Кім көп ойыншыққа ие болса, сол жеңеді, ойын соңында жеңімпаз баланы анықтайды
28 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату, “К” әрпінің баспа түрінің жазу түрін үйрету, сөз құрату
Ф дыбысы және әрпі,. Мектепалды даярлық тобы
Ф дыбысы және әрпі,. Мектепалды даярлық тобы
Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×