Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С дыбысы мен әрпі

12 мам 2015, Сейсенбі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі:
Маханова Динара Рысбекқызы

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімнің аты: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С с дыбысы және оның әріп таңбасымен балаларды таныстыру. С с дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.
Тәрбиелік: Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, С с дыбысының баспа түрі, текшелер, түрлі суреттер.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет,

Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың оқу - құралдарын түгендеу.
2) Зейіндерін сабаққа аудару.
Көңіл - күйлерін сұрау (смайликтер арқылы)

ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.
«Сыр сандықтың сырын ашу» ойыны.
І тапсырмасы:
Сөздерді буынға бөл. балық, барабан, бағдаршам, бешбармақ
Біз не білеміз?
1. Әріп
2. Дыбыс
3. Дауысты дыбыстар
4. Дауыссыз дыбыстар
ІІ тапсырмасы:
Суретке қарап сөйлем құрайды
ІІІ тапсырмасы:
Буыннан сөз құрайды.

Ұйымдастыру - ізденушілік ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»
Қыздар құлағына тағады - Сырға.
Қыздар қолына тағады - Сақина.
Уақытты көрсетеді - Сағат.
Сиырдан не алынады - Сүт.
Сызуға арналған құрал - Сызғыш.
Мектепте не оқимыз - Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз - Сөмке.
Кірді немен жуамыз – Сабын
Балалар шайнайды – Сағыз
- Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?
- Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз.
Жұмбақ шешу:
Түсі суық ызғарлы
Аузында айыр тісі бар (жылан)
- Дұрыс балалар, жылан қандай дыбыс шығарады?
- С - С - С - С
- Олай болса балалар «С с» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма?
- Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз.
- Ең алдымен дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?

- Ендеше барлығымыз хормен айтып «С с» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, «С с» дыбысы дауыссыз дыбыс, кедергіге ұшырап барып шығып тұр.
Мұғалім балаларға суреттермен «С с» дыбысы туралы түсінік береді.
- Балалар, «С с» дыбысы сөздің барлық буындарында (басында, ортасында, соңында) кездеседі. Мысалы: сүзбе, маса, троллейбус, автобус, Досымжан, Ерсұлтан, Диас, Сая, құс, сауысқан, саусақ,
Әліппе - дәптермен жұмыс
Әліппе - дәптердегі (суретке қарап) асық, сандық, күнбағыс С с дыбысы қай жерде келіп тұрғанын сұрау.
Асық, сандық, күнбағыс туралы түсініктеме беру.
Оқы: са, сана. сақ, со, сона, сал, дос, Айдос, Досан (сөздерді оқыту)
Жаз: - Балалар, енді осы С с дыбысын көргілерің келе ме?
- Оны көру үшін дыбыс неге айналу керек?
- Әріпке қалай айналдырамыз?
С с әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) С с әрпін ayада жазу.
ә) С с әрпін қолымен үстінен бастыру.
б) С с әрпін әліппе - дәптерге жаздыру.
в) Тақтаға жаздыру
Сергіту жаттығуларын жасату
Бала - бала, балақан
Қане қайсы алакан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай - былай ойнат.
Кері байланыстылық -
түзетушілік

ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Суретке қарап әңгіме құрау. (мұғалімнің көмегімен орындалады)
Балалар не істеді? Диас не істеді?
Балалар гүлге су құйды. Диас гүлге су құйды.
Ерсұлтан не әкеле жатыр? Ерсұлтан су әкеле жатыр.

ҮІ. Оқушыларды мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: С с дыбысы, әрпі мен танысады
Қандай түсініктерді игерді: С с дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 664
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең, жаңылтпаш айту).
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
Д дыбысы және әрпі
Д дыбысы және әрпі
Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару. Балалардың тілдік, сөздік қорына мән беріп, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ айту). Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3 саны мен цифры
3 саны мен цифры
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі: Маханова Динара Рысбекқызы
Ю дыбысы және әрпі
Ю дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмагуль Ашикбаева
Ғ дыбысы мен әрпі
Ғ дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×