Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы жануарлар

15 қаңтар 2016, Жұма
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: «Қазақ тілі»
Күні, айы, жылы:
Тобы: мектепалды даярлық тобы.
Тақырыбы: Жабайы жануарлар.
Мақсаты: Жабайы жануарлармен таныстыру. Сөздік қорларын молайту. Қойылған сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беруге үйрету. Балаларға жаңа сөздерді қазақ тілінде дұрыс айта білуге үйрету.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: тақырыпқа сәйкес суреттері бар слайдтар, көрнекі суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материал, жабайы аңдардың суреті.
Әдіс - тәсілдер: түсіндірме, сұрақ - жауап, ойын, практикалық.
Қостілділік (билингвальді) компонент: орман – лес, жабайы жануарлар, аңдар - дикие животные, арыстан – лев, қасқыр – волк, керік – жираф, піл – слон, жолбарыс – тигр, түлкі – лиса, қоян – заяц, тышқан – мышь, кірпі – ежик, аю – медведь, тиін – белка, қоян қорқақ - зайчик трусливый, түлкі қу - лиса хитрая, аю маймақ - медведь косолапый, қасқыр жыртқыш - волк хищник.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызу. Сәлемдесу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе!
- Балалар, шаттық шеңберіне тұрып, тақпағымызды айтайық!
- Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым!
Жарқыраған күнге!
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Күз.
- Оны қалай білдіңдер? А как вы узнали?
- Күз қандай?
- Жаңбырлы, суық.
- (Екі - үш баладан сұрап шығу. Мыс: Камила сен қалай ойлайсың?)
- Күзде аңдар қысқа дайындала бастайды. Все звери осенью готовится к зиме. И домашние и лесные. Балалар, мультфильм кейіпкері Маша да қысқа дайындалуда. Оған, әрине, ормандағы достары көмектесуде. Ол қандай достары екен? А какие отгадайте сами. Ол үшін мына жұмбақтарды шешулерің керек. Для этого вы должны отгадать эти загадки. Жұмбақтарды шешуге дайынсыңдар ма?
- Ия - да.
- Мұқият тыңдаңдар!
1. Өзі қу, айлакер, жүрген жүрісі бұлғаң, бұлғаң. Бұл қандай аң? /түлкі/
- Дұрыс айтасыңдар!
- Мынау не? Мынау - түлкі.
- Кі - кі – кі,
Бұл - қу түлкі.
- Түлкі қандай?- түлкі қу.
2. Үлкен, маймақ,
Қыста ұйықтайды,
Жазда оянады. /аю/
- Дұрыс балалар, жарайсыңдар!
- Мынау не? Мынау - аю.
Ю - ю - ю - ю
Мынау - маймақ аю.
Аю қандай? Аю - маймақ.
3. Түсі сұр, Өзі жыртқыш,
Бұл не? /қасқыр/
- Дұрыс айтасыңдар балалар!
- Мынау не? Мынау - қасқыр.
- Қыр - қыр - қыр - қыр,
- Өзі жыртқыш қасқыр.
- Қасқыр қандай?- Қасқыр жыртқыш.
4. Өзі кішкентай,
Құлағы ұзын,
Өзі қорқақ. /қоян/
- Дұрыс айтасыңдар!
- Мынау не? Мынау - қоян.
- Ян - ян - ян - ян,
Өзі қорқақ қоян.
Қоян қандай?- Қоян қорқақ.
- Өте жақсы, балалар! Ал енді айтыңдаршы, это дикие или домашние животные?
- Дикие животные.
- А как дикие животные на казахском?!
- Жабайы аңдар.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, сәлемдеседі, тақпақтарын айтады.

Балалар жұмбақтардың шешуін табады.
Балалар жұмбақтардың шешуін табады.
Ұйымдастыру - шылық –
ізденістік - Балалар, аңдар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- Ендеше, жануарларды сандар ретімен атайық (суреттегі жануарлар сандар ретімен аталып, қайталанады).
- Сонымен қатар, аңдарды аңдар саябағынан көруге болады. Енді, сендермен аңдар саябағындағы аңдарды көрейік. Балалар, қараңдар, аңдар бізден қорқып тығылып қалыпты.
«Ненің басы, ненің құйрығы?» флипчарт - ойыны. Түлкінің құйрығы; Пілдің тұмсығы; Қоянның құлағы, т. б.

Дидактикалық ойын: «Жаңылма - Путаница».
- Балалар, я сейчас буду называть диких животных. Если я называю правильно то вы должны сказать – «иә» и хлопать, а если я называю неправильно, вы должны сказать – «жоқ» и топать. (Ойын ойналады)

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.

Дидактикалық ойын: «Не бар, не жоқ?». Балалардың алдына жабайы жануар - ойыншықтар қойылады. Балаларға: «Көздеріңді жұм!» деп, бір жануарды жасырып қоямыз. «Көздеріңді аш!» дегенде, балалар көздерін ашып, қай жануар жоқ, қай жануар бар екенін айтулары керек.

Балалар интерактивті қаламды пайдалану арқылы ойнайды.
Балалар дұрыс шапалақтаулары керек.
Балалар қоянның қимылын жасап, қайталайды.
Балалар қандай аң жоғалғанын айтады.
Рефлексиялық– түзетушілік
Мұғалім балалармен оқу іс - әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылайды. Сұрақтар қоя отырып, жаңа тақырыпты бекітеді.
- Балалар, бүгін не үйрендіңдер?
- Оқу іс - әрекеті сендерге ұнады ма?
Балаларды мадақтап, ҰОІӘ - н аяқтайды. Балалар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: жабайы жануарлар атауларын дұрыс атауды.
Игереді: жаңа сөздердің мағынасын, жабайы аңдарды ажырата алуды.
Меңгереді: қойылған сұрақтарға жауап беруді.
5 100
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Жануарлардың келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөнінде білімдерін кеңейту. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Аңдарды қорғауға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу
Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы
Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы
Балалардың жануарлардың ұзақ қыс алдындағы дайындығы туралы білімдерін бекіту; Өмір мен қоршаған орта жағдай арасындағы жануарлар байланысын анықтауды үйрету;
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы аңдардың балаларының аттарын дұрыс айта білуге үйрету, олардың табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, қамқорлық сезімдерін оят
Жануарлар қысқа қалай дайындалады
Жануарлар қысқа қалай дайындалады
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Омарова Раушангүл Жұбандыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×