Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік

27 қаңтар 2017, Жұма
Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік.
Бөлім: Қарапайым математикалық түсінік қалыптастыру.
Мақсаты: «Фигураның қабырғасы», «фигураның бұрышы» түсініктерін бекіту, шеңбер сопақша арасындағы айырмашылықты нақтылау;
Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту;
Шапшаңдылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Билингвальды компонент: Шаршы - квадрат, үшбұрыш - триугольник, дөңгелек - круг, сопақ - овал.
Көрнекіліктер: Шеңберлер, сопақшалар, заттар салынған суреттер, жұмыс дәптері.

Мотивациялық қозғаушы
Математикалық ұранды айтқызады.
Қонаққа ара келіп, ойын ойнағысы келетінін айтады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС
Ара балаларды шеңберлер мен сопақшалар арқылы топқа бөліп, ойын ойнатады.
Ойын: «Ұқсас затты тап»
Ара фигуралар салынған қағазды таратып, қай жерде не бейнеленгенін айтады.
- Жақсы. Жауап берген сайын, әр топ дәрумен алып отырады.
Ойын: «Қай сан жоқ?»
Балаларға бір сан жоқ жазылған өрнектер беріледі./дәрумен беру/
Ойын: «Қандай фигура?»
Конверттегі фигураларды алып, қандай фигура екенін айтуды ұсынады. Сопақша мен шеңбердің айырмашылықтарын ататады.
Екі топқа екі конверт береді.
Әр топтың жауабына қарай дәрумендер беріліп отырады.
Фигураларды орыс тілінде айтқызады.
А:- балалар, мен шаршап кеттім. Дем алсақ қайтеді?
Сергіту сәті.
Әуен бойынша қимылдар көрсетеді.
Дәптермен жұмыс.
- Кестедегі фигураларды атату;
- Бірінші бағанда қандай фигуралар орналас қан?
- Бос торкөзге тиісті фигураны салу;
- Бірінші қабаттағы терезелер қандай болу керек?
- Фигураларды түсіне қарай ажыратып белгілейді.

Ойын: «Суретші».
Екі топқа қағаз ұсынып, геометриялық пішін - дерден сурет салуын сұрайды.
Ара: Суреттерің өте тамаша болып шығыпты.

Тәрбиеші: Балалар, қай топ дәрумендерді көп жинаған екен?
Ара: Екі топтың балалары да жақсы ойнады. Сондықтан олардың дәрумендері бірдей.
Ара балалармен жақсы ойнап отырып, көп нәрсе үйренгенін де айтып, ұшып кетеді.

Рефлексов Коррекциялаушы
- Бізге кім келді?
- Немен жұмыс істедік?
- Енді алдарыңдағы гүлдердің сарысын бүгін бәрін түсінген балалар көрсетсін. Ал ештеңе түсінбеген балалар қызыл гүлді көрсетсін.
Белсене қатысқан балаларды мақтап, бағалайды да, түсінбеген балалармен жеке жұмыс жүргізеді

СҚО, Петропавл қаласы,
«№7 орта мектеп» КММ
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Кишкентаева Венера Ерсаиновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 740
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Фигураның ауданы туралы түсінік беру. Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру. Көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту. Есептеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
2 саны және цифрымен таныстыру: 2 цифрын жазып үйрену, «кеше», «бүгін», «ертең», түсініктерін айыра білуге үйрету: «алыс», «жақын» түсініктерін айыра білуге үйрету.
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру. Заттың пішінін басқа заттармен салыстыруды үйрету. Заттарды пішіні мен көлеміне, түсіне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру.
Есеп және оның құрылымдық элементтері
Есеп және оның құрылымдық элементтері
Есеппен таныстыру. Автотұрақта 6 машина тұрды. Бір машина кетіп қалды. Неше машина қалды? 6 – 1 = Есепте бізге мәлім нәрсе ШАРТ деп аталады. Ал табу керек нәрсе – есептің СҰРАҒЫ. Есептің ШЕШУІ мен ЖАУАБЫ болады.
Геометриялық фигуралар
Геометриялық фигуралар
Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×