Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің киімдерім

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Сабақ жоспары
Қазақ тілі
Сынып: 0 «в»
Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Балаларға өткен «киім» тақырыбы бойынша сөздерден сөйлем құрап айтуды үйрету.
Ә) Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайтып, қазақ тілінде еркін сөйлей білуіне жол ашу. Киімдер мен ыдыстардың аттарын бір - бірінен ажыратып салыстыруға үйрету.
Б) Тәрбиелік: Гигиенаға үйрету, киімдерді таза, ұқыпты киюге шақыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар
Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
б) ҚР Әнұранын орындау.

II. Өткен сабақты қайталау. – Балалар, біз «Ғғ» дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық. - Ғарышкер, сағат, ағаш, торғай, қарлығаш, қарға. – Дұрыс. (Тақтада сағат пен пышақ суреті тұрады). – Ал, енді мына суреттерді астына біз әріпті жазамыз. Ол үшін бізге қай сөзде қандай дыбыс бар екенін қайталауымыз керек. (оқушылар келіп сағаттың астына «ғ» дыбысын, пышақтың астына «ы» дыбысын келіп жазады)

III. Қызығушылықты ояту. – Балалар, бүгін менің үстімде қандай киім бар? Ал Таирдың үстінде ше? Түстері қандай?(оқушылар айтып шығады)
IV. Жаңа тақырып. Тыңда, қайтала. Менің көйлегім. Менің жейдем, т. с. с

Киімдердің түсін ата.

V. Сергіту сәті. «Ұшты - ұшты» ойыны.
Мен сөздер айтамын, ұшатын болса, шапалақтайды, ұшпаса шапалақтамайды.
Сөздер: тәрелке, ойыншық, қарға, ыдыстар, қарлығаш, құс, жейде, текше, доп, тон, тақия, тауық, әтеш, кесе, пышақ, мысық, күркетауық, шанышқы, торғай.
Тапсырма. Сәйкестендір.

VI. Сабақты қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік? Не үйренгім келеді?
VII. Бағалау. Оқушыларды белсенділігіне қарай бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Балаларға әліппе - дәптердің 28 - бетіндегі құстарды бояуға беремін.

Менің киімдерім. жүктеу
5 641
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері туралы түсінік беру. Тақырып бойынша мәтін құрастыра білуге, қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік
М дауыссыз дыбысы
М дауыссыз дыбысы
М дыбысына артикуляциялық сипаттама беру, М дыбысы бар байланысты сөздермен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау, сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×