Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көгалдағы балапан

28 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ашық сабақ
Білім саласы: Шығармашылық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті.
Тақырыбы: Көгалдағы балапан
Мақсаты: 1. Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
2. Көркем шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін дамыту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру.
3. Бірлесе жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: коллаж, көгал, табиғи материалдар
Үлестірмелі құралдар: қиылған балапан бейнесі, мақта, желім,
Құрал - жабдықтар: желім, мамық, қайшы
Көрнекілік: тауық, балапан, көгал, үй құстарының суреттері

«Шаттық шеңбері».
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң ұстаздарым!
Тәрбиеші: Балалар, жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде ауа райы қалай өзгереді?
Балалар: Күн жылынады, ағаштар бүршік атады, гүлдер өседі.
Тәрбиеші: Адамдар көктем мезгілінде қалай киінеді?
Балалар: Қалың киімдерін шешіп, жұқа киінеді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше бүгінгі жаңа сабақтың барысымен танысайық.

Сабақ барысы: Балалар, бүгін біз коллаждан жұмыс жасаймыз, кім айтады, коллаж деген не? (табиғи материалдардан, тұрмысқа қажетті заттардан, бояулардан, бояулар мен желімдерді қолдана отырып жасалатын жұмыс)
Мына суреттен не көріп тұрсыңдар? (әтеш, тауық, балапан, көрке, үйрек, қаз)

Жұмбақ жасыру:
Күн бата қонақтап
Таң ата жерден жем аңдыған
(тауық)
Қиқу салып бақырып
Айғайлауды тауыпты
Қыт - қыт дейтін шақырған
Кім біледі
(тауықты)
Тәрбиеші: — Бүгін бізге шұбар тауық қонаққа келген екен. Ол көгалда жүр.
- көгал дегеніміз не? Қане, кім айтады?
Балалар: - шөбі бар, суы бар жайылым
Тәрбиеші: - кім айтады, тауықтың үстінде не болады?
Балалар: - жүн
Тәрбиеші: - жүннен не жасаймыз?
Балалар: - жастық, бөстек
Тәрбиеші: - Тауық бізге не береді?
Балалар: - жұмыртқа
Тәрбиеші: - Тауық бізге қандай дыбыс шығарады?
Балалар: - Қыт - қыт
Тәрбиеші: - Тауықтың етін, жұмыртқасын жейміз бе?
Балалар: - ия
Тәрбиеші: - Тауықтың жанында не жүреді?
Балалар: - Балапан
Тәрбиеші: - ол өзінің балапанын көгалда жоғалтып алыпты.
- балапан қандай болады?
Балалар: — үлпілдеген сары мақта сияқты
Тәрбиеші: - Балапан қандай дыбыс шығарады?
Балалар: - шип - шип
Көгалдағы балапан жүктеу
2 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Үлпілдек жүнді балапан» жапсырып үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Бәйшешек
Бәйшешек
Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.
Құс ауласында
Құс ауласында
Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдысын бекіту, тікбұрышты екі бөлікке бөлу, бұрыштарды кесу, сюжетке лайық бөлшектерді, пішіндерді мұқият жапсыру. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, мадақтау.
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Абай «Жаз» өлеңі
Абай «Жаз» өлеңі
Өз ойларын ашық айтуға, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Көгалдағы балапан» жапсырып үйрету, жырту әдісін қолдана білуге үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×