Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су және оның қасиеті

28 қыркүйек 2023, Бейсенбі
Білім беру саласы:Таным 
Бөлімі:Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы:« Су және оның қасиеті»  
Мақсаты: Оқушыларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру. Оқушылардың ізденушілік - зерттеушілік әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру

 
Көрнекіліктер  Интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі, карточкалар, суреттер, кесте, сызбанұсқалар, су құйылған ыдыстар.

 
Сабақтың түріКіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісіӘңгімелеу, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу. көрсету( видео, слайд)
Іс-әрекет кезеңіТәрбиешінің іс -әрекетіБаланың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы 
Жылулық шеңберге тұрайық. Қазір қай жыл мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?
«Көктем»суреті І слайд  көрсетіледі
Ал енді осы суретке қарап бір бірлеріне жылы тілектер айтыңдар.
Балаларды карточкалар арқылы үш топқа бөлу. Раушан гүл, түймедақ гүлі, фиалка гүлі.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Бір біріне тілектер айтады. Гүлдей әдемі бол. Таудай биік бол.т.б.
Балалар әр түрлі гүл суретін таңдап сол арқылы топқа бөлінеді.
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Топпен жұмыс:
І тапсырма.
Балалар, мен балабақшаға келе жатып жолда бір тамшыны кездестірдім, ол бізге қонаққа келе жатыр екен. Тамшы жалғыз емес, қасында кішкентай тамшылары бар екен, олар бізге жұмбақ жасырып алып келіпті. Біз жұмбақты шешейік па?
1топ . Жазда сылдыр қағады, қыста тыным табады.(өзен)
2топ. Көзі жасты-жылауық, келе жатыр бір алып (бұлт)
3топ. Аспандағы көлеңке, жерге суын шашады (бұлт пен жаңбыр )
Өзен, бұлт, жаңбыр осы сөздердің бәрін біріктіріп ойланып бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар, балалар?
Дұрыс су, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Су және оның қасиеттері»
ІІ тапсырма
1топ. Су адамға не үшін қажет?
2топ. Су жануарларға не үшін қажет?
3топ. Су өсімдікке не үшін қажет?
ІІ, ІІІ, ІVСлайд көрстіледі
Ал су құрып кетсе не болады? «Судың да сұрауы бар» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?
V слайд көрсетіледі
Балалар тамшымен танысады, жұмбақты шешуге келіседі.
.
Балалар топтасып жұмыс жасайды.
Жұмбақ шешеді, сабақтың тақырыбын ашады
Сұрақтарға жауап береді
Құрғақшылық болады. Тіршілік болмайды.
Сергіту сәтіБалалар, ортаға шығамыз. Ал енді балалар сендер білесіңдер ме табиғаттағы судың айналымын?
VI Слайд 
Сергіту сәті:
 Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолын жу. 
Жуынсан сен әрдайым,
Таза бетін маңдайын.
Тазалықтың досы, 
Су дегенің осы.
Балалар, біз бүгін зерттеушілер боламыз.
Зерттеуші деген, ол кез келген нәрсені зерттейтін адам.
Бүгін біз суды зерттейміз.
Бір стақаннан екінші стақанға суды құяды
Су қандай?
Судың иісі бар ма?
Судың дәмі бар ма?
Судың түсі бар ма?
Тақтаға суреттері ілінеді
Қорытынды:
Балалар, сендер су деген сөзді естігенде көз алдарына не елестетесіңдер?
Тақтаға суреттер ілінеді
Балалар ортаға шығып табиғаттағы судың айналымы туралы айтады, сергіту сәтін жасайды.
«Бұлт пен тамшылар» ойның ойнайды
Балалар бастарына қалпақтарын киіп зерттеу кабинетіне барады. Алдарында екі стақанда су турады.
Су сұйық
Судың иісі жоқ
Судың дәмі жоқ
Судың түсі жоқ
Жаңбыр, өзен, бұлт, көл, мұз, қар, қыраут.б.
Рефлексивті-түзетушіБалалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса күнге шуақтарын жапсырамыз, ұнамаса бұлтқа тамшылар жапсырамыз. Ал енді сабақ сендерге несімен ұнады? Несімен ұнамады?
Балалар сабақты талқылайды. 
Күтілетін нәтиже: 
Нені білу керек:Су тіршілік көзі
Нені игереді:Судың адамға, жануарларға, табиғатқа не үшін қажет. Суды қадірлеу керек
Нені біледі:Судың қасиеттері туралы


Тлегенова Ләззат Едилханқызы
ШҚО , Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы,
М. Ломоносов атындағы орта мектеп 
Мектепалды даярлық тобы

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
528
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оқушыларды айналадағы ортаның тазалығын сақтау жауапкершілігін, азаматтық сезімдерін қалыптастыру. Экологиялық тәрбие беру.
Су және оның қасиеті
Су және оның қасиеті
Шығыс Қазақстан облысы "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «Балапан» шағын орталығы тәрбиешісі Тлегенова Л. Е.
Су және оның қасиеті
Су және оның қасиеті
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құбашева Нағила Ғинаятқызы
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×