Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Акробатика

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы: «Акробатика»
Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын нығайту, қозғалыс іскерлік дағдыларын дамыту; 2. Ерік - жігер қасиеттерін қалыптастыру; 3. Оқушыларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
А) Білімділік – Акробатика әдістерін көрсету, үйрету;
Ә) Дамытушылық Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін дамыту;
Б) Тәрбиелік – Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш, музыка, барерлер, ысқырық, секундомер;
Байланысы: валеология пәні
Өтетін орны: Спорт зал.
Сабақтың жоспары
Кіріспе дайындық бөлімі (15 мин)
Негізгі бөлім (25мин)
Қорытынды бөлім (5 мин)
Сабақтың барысы
1. Кіріспе дайындық бөлімі
1. Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын айту. Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал! (Нұсқау: Оқушылардың сабаққа дайындығына спорт киіміне көңіл бөлу).
2. Денені қыздыру: жүріс, жүгіру арқылы.
2. 1 Жүріспен орындалатын жаттығулар:
а) қарқынды өзгерте отырып, кең адымдап жүру;
ә) қолмен және кеудемен қарапайым қимыл жасап жүру.;
б) қолмен аяқтың ұшынан ұстап отырып, төмен еңкейіп, аяқты тура ұстап жүру;
в) қолды сермеп, алға қарай және бір жақ бүйірге қарай, кең адымдап жүру.;
г) шеңбер бойымен жарыса жүру: ер балалар 100 м - ге дейін, қыз балалар 80 м – ге дейін.;

(Нұсқау: Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау).
2. 2 Жүгіруде орындалатын жаттығулар:
а) 1, 5 мин – қа дейін аяқтың ұшымен жүгіру;
ә) еденде жату қалпынан кенет берілген белгі бойынша 20 м қашықтыққа дейін жүгіру;
б) қолды аяқты тіреп секіру арқылы жүгіру: ер балалар үшін снарядтардың биіктігі 120 см, қыз балалар үшін 110 см;
в) ер балалар үшін биіктігі 170 см және қыз балалар үшін биіктігі 140 см гимнастикалық снарядтардан асып өтіп жүгіру;
г) бір қолымен зат көтеріп жүгіру (нығыздалаған доп);
ғ) ер балалар үшін 4 мин - қа дейін, қыз балалар үшін 3 мин – қа дейін жай қарқынмен денені босаң ұстап жүгіру.;
д) арқамен алдына қарап жүгіру;
е) жүріс пен демалысты қалпына келтіру.
(Нұсқау: Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау).

Ырғақты гимнастика: ( музыка ырғағымен)
1. Бір орында тұрып 40 – 50 сек. Жүру; 20 – 30 сек. Жеңіл жүгіру.
2. Бастапқы қалып - негізгі тұрыс: « 1, 2» дегенде қолды екі жақтан жоғары көтере аяқтың ұшына көтеріліп, терең тыныс алу; «3, 4 « дегенде бастапқы қалыпқа келу ( 6 - 8 рет қайталау(
3. Б. қ. – қол кеуденің алдында: « 1, 2 « дегенде шынтақтан бүгілген қолды артқа қарай екі рет қатты сермеу; « 3, 4» дегенде алдыңғы қозғалысты қолды түзу жазып орындау.
4. Б. қ. – оң қол жоғарыда, сол қол төменде, саусақтар бүгілген: « 1, 2» дегенде қолды артқа қарай екі рет қатты сермеу; «3, 4» дегенде алдыңғы қозғалысты екі қолдың қалпын өзгертіп орындау ( 5 - 6 рет қайталау)
5. Б. қ.- екі аяқтың арасы иық кеңдігіндей, қол белде: оң қолды алға созып, оны артқа қарай қатты сермеу. Осымен бір мезетте кеудені оңға бұрып, қолдың ұшына қарау ( 4 - 6 рет жасау)
6. Б. қ. – негізгі тұрыс: «1» дегенде алақанды алға қаратып, қолды жоғары көтеріп, шалқаю; «2» дегенде аяқты бүкпей, саусақтың ұшы еденге тигенше еңкею; «3» дегенде қолды алға созып отыру; «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу ( 4 - 6 рет қайталау)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 813
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орында тұрып ұзындыққа секіру
Орында тұрып ұзындыққа секіру
Оқушыларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, әсемдікке тәрбиелеу
Сапта тұру және сапты қайта құра
Сапта тұру және сапты қайта құра
Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын айту. Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал!
Баскетбол элементтері бар эстафеталық ойындар
Баскетбол элементтері бар эстафеталық ойындар
Салауаттық өмір салтын насихаттау. Күш - жігерін дамыту, жылдамдығын арттыру.
Ырғақты гимнастика
Ырғақты гимнастика
Тақырыбы:(музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы жаттығулар)
Ұлттық спорт ойындары
Ұлттық спорт ойындары
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі: Байділдаева Н. К
Акробатикалық жаттығулар
Акробатикалық жаттығулар
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі: Байділдаева Н. К
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×