Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дене шынықтыру пәнінен сабақтар

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Тақырыптар:
1. Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)
2. Спорттық қимылдық ойындар

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың»
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруіне қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әртүрлі денешынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой – өрісін дамыту.
Көрнекіліктер: Үнтаспа, самакат, кедергілер, сылдырмақ.
Методикалық әдіс: Топ балаларды екі топқа бөліп жарыс ұйымдастыру, түсіндіру, түрлі қимыл – қозғалыс орындау мадақтау, жігерлендіру.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Балабақша ұжымы. Қош келдіңіздер! Бүгінгі жарысқа қатысушы топтарды қошеметпен ортаға шақырамыз.
Жалпы дамыту жаттығулары: Балалар музыка әуенімен кіріп, сап түзеп бірінің артында бірі жүреді, аяқ ұшымен жай жүгіреді, екі қатарға тұрады.
1) Б. қ аяғымыз алшақ оң қолымыз жоғарыда, сол қолымыз төменде, б. қ
2) Б. қ аяқ арасы ашық, қол белде оңға 2 рет бұрылып солға 2 рет бұрылу
3) Аяқ қолды кезек – кезек сілкілеу
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.
-------------------------
Жүргізуші: Бойымызды қыздырып ширатып алдық. Енді эстафеталық жарысымызды бастаймыз. Екі топ өздерін таныстырады.
«Қыран»
Жас қырандар балапан
Жайыпқанат ұмтылған

«Көгершін»
Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз, бәріміз

Жүргізуші: Ал, қане бір – бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1. Эстафеталық ойын: «Кім жылдам»
Екі қол желкеде кедергілердің арасымен жүгіріп барып, кері отырып жүріп кедергілерден өтіп келу.
2. «Кенгуру» Секіретін доп
3. Смакатпен кедергілерден өту
4. Баспаға мініп, түсу

«Нүктелер» қимылдық ойыны
Ойын шарты: Бұл ойынды алдарында жатқан бір парақ ақ қағаз бетіне тоғызға дейін санағанша қай топ көп нүкте салса сол топ жеңіске жетеді.
Шеңбермен жүріп дем алу, дем шығару жаттығуларын жасау.
Жүргізуші: Сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 490
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сүйікті қалам саған арнаймын
Сүйікті қалам саған арнаймын
Мақсаты: Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыра отырып, олардың ой - өрісін дамыту.
Секіреміз, жүгіреміз
Секіреміз, жүгіреміз
Балаларды салауатты өмір сүруге және қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларын әдістерін үйрету, балалардың қимыл - қозғалысын және күш қуатын белсенділігін дамыту.
Денсаулық фестивалі
Денсаулық фестивалі
Қызметкерлердің салауатты өмір салтына өз үлестерін қосуға үндеу, қызығушылықтарын арттыру, ауызбіршілікке, біріккен іс әрекетке баулу.
Алға қарай 1 аяқпен секіріп, келесі аяқты ауыстыра кері кругтан - кругқа секіру
Алға қарай 1 аяқпен секіріп, келесі аяқты ауыстыра кері кругтан - кругқа секіру
Балалардың қозғалыстарын жетілдіру, 1 аяқпен секіруді және кругтан - кругқа секіруді үйрету.
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)
Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы» ММ Тәрбиеші: Бегжанова Анар Узбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×