Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отыз ойын №5 Абдрахман Асылбек

10 сәуір 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Алтын қақпа
Топтаса тұрған ойынға қатысушылардың ішінен екі бала екі - үш қадам алға шығады да, бір - біріне қарама - қарсы қолдарынан ұстасып, жоғары көтеріп қақпа жасайды. Өзара келісімдері бойынша алтын қақпаның бір жағындағы ойыншы ай, екінші жағындағы ойыншы күн болып саналады. Қалған ойыншылар бір - бірімен қол ұстасып, бірінің артынан бірі қақпадан өте бастайды. Сол кезде алтын қақпадағылар былай деп өлеңдететіп тұрады:
Алтын қақпа ыңғайлы,
Үнемі ашық тұрмайды.
Бірінші рет енесің,
Екінші рет – бөгесін.
Үшінші рет жабылар,
Біздің сөзге бағынар, -
Деп, қақпадан енді өтіп бара жатқан ойыншыны ұстап қалады да:
- «Қайсымызды қалайсың, айды ма, күнді ме?» - деп сұрайды. Ойыншы кімді қаласа, соның жағына барып тұрады.
Ойыншы ұсталып қалмауы үшін қақпадан жүгіріп өтуге ұмтылса, қақпадағылар оны ұстап қалу үшін өлең ырғағын жылдамдатуға асығады. Ойын біткенде, қай жаққа бала көп жиналса, сол жақ жеңіске жетеді.
Ойын баладан жылдамдықты, тапқырлықты, батылдықты талап етеді.

Теріскей
Ойыншылар екі топқа бөлініп, ара қашықтығы жиырма - отыз метрдей жерде бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Әр топтан екі - екіден ойыншы бөлініп алға шығады да, бір - біріне арқаларымен тұрып қол ұстасады да, келесі топқа қарай жүгіреді. Әрине, біреу алдымен, екіншісі артымен жүгіреді. Келесі топқа жеткен соң, алдымен жүгірген бала енді артымен жүгіретін болады. екінші жақтың ойыншылары да осы тәсілді қайталайды.
Қай жақтың ойыншылары көбірек жаңылысса, сол жақ жеңіліске ұшырайды.
Ойын балаларды ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа, икемділікке тәрбиелейді.

Доп қағу
Ойыншылар шеңберлене тұрады да, ортаға бір бала шығады. Балалар қол добын бір - біріне жылдамдата жерге түсірмей әуелете де, лақтырып та бере бастайды. Ал, ортадағы бала оны жолай қағып алуға, немесе қолын тигізіп қалуға ұмтылады. Егер ол допты ұстап алға немесе қолымен қағып қалса, допты соңғы лақтырған бала ортадағы ойыншыны алмастырады. Ойын бес - алты бала алмасқанға дейін жалғаса береді.
Ойын балаларды ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа, икемділікке тәрбиелейді.

Қаздар мен қасқыр
Бұл ойын жазда ашық алаңқайда ойналады. Алаңқайда екі жағына екі дөңгелек сызылады: бірі – қаздар мен оның иесінің үйі, екіншісі - қасқырдың апаны болып саналады.
Алаңда қаздар жайылып жүреді. Бір кезде қаздардың иесі қаздарын шақыра бастайды:
Қаздар, қаздар!
Қия, қия!
Қарындарың ашты ма?
Иә, иә!
Келіңдер күрке қасына,
Қасқыр жүр қырқа астында.
Қасқыр нені ойлайды?
Азу тісін қайрайды.
Түрі жаман бөлек қой,
Ойы – бізді жемек қой.
Онда жылдам басыңдар,
Үйге қарай қашыңдар!
Қаздар қаша бастайды да, қасқыр оларды қуа жөнеледі. Ұстаған қазды апанына қамай береді. Қаздарды түгел ұстаған кезде, қаздардың иесі қасқырды шақырып:
Қасқыр, қасқыр, қаздар емес жемегің?
Табылады керегің.
Бері таман кел,
Сиырдың етін беремін, - деп, таяқ лақтырады. Қасқыр таяққа қарай жүгірген кезде, қамаудағы қаздар апаннан қашып шығып, үйлеріне келіп тығылады. Осылайша басқа қасқырды белгіліп, ойынды 2 - 3 рет қайталауға болады.
Ойын балаларды ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа, икемділікке тәрбиелейді.

Толық нұсқасын қарау
3 439
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу
Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу
Мақсаты: Нұсқаушының белгісі бойынша балаларды түрлі бағыт бойынша жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеуге үйрету. Допты басынан асыра лақтыруға және оны қағып алуға. дағдыландыру.
Отыз ойын №4 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №4 Абдрахман Асылбек
Ашық алаңқайда ұзындығы жиырма-отыз метрдей сызық сызылады да, оның екі басында екі топ ойынға қатысушылар тұрады. Алдымен бір жағында топтан бір ойыншы шығады де, допты аяғымен домалата сызық бойымен жүгіреді.
Отыз ойын №3 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №3 Абдрахман Асылбек
Оң қолының бес саусағын бір жерге түйістіресің де, сол қолыңмен оны бүркемелеп, саусақтарыңның басын ғана көрсетіп, қапсыра ұстайсың да, досыңа: Ортан қолымды тапшы, - дейсің.
Отыз ойын №2 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №2 Абдрахман Асылбек
Абдрахман Асылбектің "Балғын балалық" кітабынан алынған ойын түрлері.
Отыз ойын №1 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №1 Абдрахман Асылбек
Өздері таңдаған алаңқайда немесе залда балалар ек топқа бөлінеді де, орталарынан ара қашықтығы бір метрдей екі сызық сызады. Оны өзен деп белгілейді.
Алтын қақпа (сайыс сабақ)
Алтын қақпа (сайыс сабақ)
Математика пәні мұғалімі: Избасарова Сандеш Тулегеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×