Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лақтан қайтадан адамға айналу үшін Иванушкаға көмек береміз! атты спорттық мереке

15 сәуір 2018, Жексенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Білім беру саласы: Денсаулық, таным
Білім бөлімі: Дене шынықтыру
Спорттық мереке: «Лақтан қайтадан адамға айналу үшін Иванушкаға көмек береміз!» атты спорттық мереке.
Мақсаты: 1) Балаларды еңбектеп жүруге үйрету.
2) Шапшаңдық, ептілік, төзімділік сияқты қасиеттерді дамыту.
3) Көлбеу жазықтық үстінде жүруге үйрету.
Өтілу орны: Музыка залы
Құрал жабдықтар: орындық, туннель, үсті ойлы – қырлы, тақтай, текшелер, гимнастикалық төсеніш, шығыршықтар.

Барысы:
Балалар музыка сүйемелдеуі мен спорт залға кіреді.
Жүргізуші:
- Балалар! Сендерге спортпен шұғылданған ұнай ма?
- Денсаулықтарың мықты болғанын қалайсыңдар ма?
Балалар:
- Иә
Жүргізуші:
- Балалар! Сендер білесіңдер ме? Адамдар қандай да бір қиындыққа тап болған да, олар бір – бірінен көмек сұрайды, бірақ кез келген адам көмек бере алмайды, өйткені кез келген адам жақсы жүзе білмейді, жақсы жүгіре алмайды, биікке секіре алмауы мүмкін. Сондықтан осындай қиын жағдайға тап болған кезде көпшілігі көмектесе білмейді.
- Ол тек спортпен жаттыққан, және дене шынықтыру мен айналысқан адамдардың қолымен келеді. Кейде біздің спорт залға ертегі кейіпкерлері де келіп көмек сұрайды.
(залға Аленушка кіреді.)
Аленушка:
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Аленушка деген әкпелеріңмін. Менің Иванушка деген бауырым тыңдамады, содан лаққа айналып, жоғалып кетті. Балалар оны табуға көмектесіңдерші және оның сиқырын алып тастау керек.
Жүргізуші:
- Балалар бізден көмек сұрап келіпті.
- Көмектесеміз бе?
- Аленушка үйіңе бара ғой, уайымдама. Біз бауырыңда тауып береміз.
- Ал, балалар бізге тау - тасты аралайтын ұзақ жол түсіп тұр.
(балалар шеңбер болып қарапайым жүру, және тізені көтеріп жүреді)
- Жаңбыр жауады, аяқты су қылмас үшін, аяғымыздың ұшымен жүрейік. Енді балалар, біз тауға шығамыз. Жаңбыр жауады, жер ылғалданады.
- Алдымызда бөгеттер, оларды еңбектеп өту керек.
- Біздің аяқтарымыз шаршады.
- Біз кешігіп барамыз, балалар жүгірейік.
- Балалар алдарыңдағы ирелеңдеген жолдан аса сақ болыңыздар.
Жүргізуші:
- Балалар, біздің алдымызда күрделі сынақтар тұр. Жақсылап жаттығуымыз керек. Өйткені орманнан өту оңай емес.
- ал енді, балалар. Қалың орманға жол тартайық
а) лаққа жету үшін орындықтың үстімен тартылып екінші шетіне шығамыз.
б) ал содан кейін қорқынышты үңгірге баратын жолға түсеміз
в) одан кейін өзен бастауы, одан өте алмаймыз.
Жүргізуші:
- балалар, міне біз табиғат кедергілерінен. Енді лақты тауып алайық.
Бала:
- лақ, лақ сен оян, қайтадан адамға айнал. Бізбен ойнайсың.
Лақ:
- балалар мен адамға айналмадым ғой енді не істеймін?
Жүргізуші:
- лақ, ал біз саған қалай көмектесу керектігін білеміз. Қазір балалар дене мүшелерін дұрыс атаса сен сол кезде адамға айналасың.
Балалар:
- 1, 2, 3, 4, 5 қайтадан Иванушкаға айнал.
Лақ:
- Мен адамға айналдым енді менің достарым бар. Мен Аленушканы әрқашан тыңдайтын боламын.
Балалар:
- Біз саған қалай дұрыс тыныс алуды көрсетеміз.
Жүргізуші:
- Сонымен балалар спортпен шұғылданғанның пайдасын қандай екен?
- Сендер Иванушка сияқты жалқау, әрі тентек болуға болама екен?
- Жарайсыңдар! Әрқашан көмекке асық болыңдар!
(Балалар спорт залдан әуенмен шығады).

Әдіскер - психолог Мукушева Махаббат Жумашевна
3 206
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбектеп жүру
Еңбектеп жүру
1. Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету. 2. Еңбектеп жүруге үйрету арқылы ептілік, шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамыту. 3. Допты бастан асырып, екі қолмен лақтыру.
«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы
«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы
Балаларға ойындардың мазмұны мен ерекшелігін, ойын түрлерін, ережелерін меңгерте отырып, қимыл – қызығушылығын ескере шапшаңдыққа, ептілікке баулу, дене бұлшықеттерін дұрыс қалыптасуын, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Спортпен достасқаның - күшіңе күш қосқаның
Спортпен достасқаның - күшіңе күш қосқаның
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мукантаева Нургуль Кайратовна
Балабақшадағы қосымша білім берудің бір нұсқасы
Балабақшадағы қосымша білім берудің бір нұсқасы
Фитнес - аэробика өзіне заманауи танымал классикалы аэробика, степ, хип - хоп сияқты бағыттарды сіңірген спорт түрі. Кәсіби спортпен, спорттық аэробикадан айырмашылығы фитнес - аэробикада қауіпті және травма қауіпті элементтер жоқ.
Бастауыш сыныптарға арналған жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі
Бастауыш сыныптарға арналған жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы. Бастауыш сынып мұғалімі Динара Қайырбекқызы
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі № 12 балабақша тәрбиешісі Еламанова Мырзагүл Әбутәліпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×