Оң және сол жақпен допты алып жүру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің
дене шынықтыру пәні мұғалімі Сәдуақас Ғабдолла Әбдімұратұлы
Тақырыбы: Оң және сол жақпен допты алып жүру.
(Оң, сол қолмен )
Білімділік мақсаты: Баскетбол ойыны тарихын және оң және сол қолмен допты алып жүру әдістерін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Оң және сол қолмен допты алып жүру, кедергілердің арасынан өту, тосқауылдан кідіріссіз
өтіп шығу барысында оқушының әдіс-тәсілдерін ептілік пен икемділік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ұжымдық қасиеттерін дамыту және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Түрі: теориялық сабақ
Типі: жаңа оқу материалын игерту
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ассосация, топтық жарыс.
Көрнекілігі: проектор, видео, үлестірме қағаздары.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлау.
ІІ. Баскетбол тарихына шолу жасау.
Баскетбол ойыны АҚШ-та жүз жылдай бұрын пайда болған. Ол кезде допты торға емес тоқылған әдеттегі себетке (кәрзеңкеге) лақтырып түсірген. Осыдан барып ойынның аты шыққан екен: «баскет»-ағылшын тілінен аударғанда «себет» («кәрзеңке»), «бол»- «доп». Осы бір әлемге өте кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады.
Қазақстанда баскетболдан І жарыс спартакиада деңгейінде 1928 жылы өтті. Ол халықаралық жарыс темір жол мектептері командаларының арасында республиканың сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында және Ташкентте өткендігі тіркелген. 1947 жылы КСРО чемпионатында Қазақстанның ерлер командасы құрметті алтыншы орынға, ал әйелдер командасы төртінші орынға көтерілді. 1948 жылғы Орта Азия және Қазақстан командалары арасындағы жарыстарда алматылықтар алда болды.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Видео көріністер арқылы көріністер беріліп, бұл не нәрсе екенін еске түсіру.
• Допты жерге ұрып беру
• Допты жоғарыдан беру
• Допты домалатып беру
• Допты кеудеден беру
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. ( Видео ролик пайдалану)
Оң және сол жақпен допты алып жүру тәсілдерін үйренеміз.
♦ Допты оң қолмен алып жүру
♦ Допты сол қолмен алып жүру
♦ Допты екі қолмен алма кезек алып жүру
♦ Кедергілер арасынан допты алып жүру
♦ Тосқауыл арқылы алып жүру
♦ Қарсыласын алдап жүру
Біз не себепті допты оң қолмен де сол қолмен алып жүре білуіміз керек деп ойлайсыңдар?
V. Сабақты бекіту.
Топпен жұмыс. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.
10, 20, 30 ұпайларының өлшемдеріне сәйкес сұрақтар беріледі.
10. Баскетболды кімдер ойнайды?
10. Баскетбол дегеніміз не?
10 Баскетбол ойынын қанша адам ойнайды?
20. Добы бар команда не деп аталады?
20. Ойыншы допты қолында қанша секунд ұстап тұруға болады?
20. Доп себетке түскеннен кейін қанша секунд ішінде ойынға қосу керек?
30. Баскетбол алаңының өлшемі қандай болуы керек?
30. Баскетбол ойнының ұзақтығы қанша?
30. Ойыншының негізгі тәсілдері не?
VI. Сабақты қорытындылау. (ассосация әдісін пайдалану)
• Баскетбол тарихы
• Баскетол ойынының негізгі ережелері
• Баскетбол ойыншысының негізгі тәсілдері не?
VII. Оқушыларды бағалау.
Жеңген топты марапаттау.
VIII. Үйге тапсырма беру.

Жаңалықтар
Баскетбол техникасы. Ойын кезінде допты қолдана білу
Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі – баскетбол ойынындағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алып жүреді. Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
Допты екі қолмен кеудеден беру техникасымен таныстыру; допты алып жүру техникасын үйрету; айып добын бір қолмен иықтан тастау техникасын жетілдіру.
Баскетбол доп беру әдістері
БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы, ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғаліміҚалмияров Жансерік Қайратұлы
Баскетбол ойынының әдіс - тәсілдерін үйрету
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Масалова Мейрамгул Кадилбекқызы
Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары (Эстафеталық жарыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сәдуақас Ғабдолла Әбдімұратұлы «Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары» (Эстафеталық жарыс)
Игерілген әдіспен баскетбол ойыны
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік-көмекші құралдың авторы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.