Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүрістерді есептеу жолдары

03 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
1. Математикалық амалдарды қолданып жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге бейімдеу;
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру.
3. Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі
Сабақтың өтетін орыны: Мультимедиялық кабинет
Керекті құрал – жабдықтар: Диаграмма, интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
ІҮ. Үйге тапсырма
Ү. Сарамандық жұмыс
ҮІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушыларды түгелдеу;
- Оқушылардың дайындығын тексеру;
- Назарларын сабаққа аудару;
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру;

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмірлі отауға барып түсетінін анықтау үшін жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған цифрлардың арасына қосу белгісін қоямыз. Бірінші есептеу жолы. А) Егер қосынды 10 немесе10 - ға жетпейтін болса қосындыдан 1 - ді шегереміз
мысалы: 214=2+1+4=7 - 1=6
Б) Егер қосынды 10 - нан артық болса, қосындыдан 10 - ды шегереміз
Мысалы: 713=7+1+3=11 - 10=1
Екінші есептеу жолы
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз.
*Егер қосынды 10 немесе 10 - ға жетпейтін болса, қосындыдан 1 - ді шегереміз;
*Егер қосынды 10 - нан артық болса қосындыдан 10 санын шегереміз
*Егер қосынды 20 немесе 20 - дан артық болса, қосындыдан 19 - ды шегереміз. мысалы: 915=9+15=24 - 19=5
*Егер қосынды 29 - дан 37 - ге дейін болса, қосындыдан 28 - ді шегереміз мысалы: 824=8+24=32 - 28=4
*Егер қосынды 38 немесе одан көп болса, қосындыдан 37 - ні шегереміз
Мысалы: 636=6+36=42 - 37=5

Үшінші есептеу жолы
*Егер отауда 10 құмалақ жатса, аттас отауға барып түседі.
*Егер 19 құмалақ болса 1 айналым жасап, өз орнына келіп түседі.
* 28 құмалақ 1, 5 айналым жасап, қарсыластың аттас отауына түседі.
*37 құмалақ екі айналым жасап, өз орнына келіп түседі.
Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу
315, 712, 524, 217, 819, 921, 737,

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
Сұрақ – жауап
1. Жүрісті есептеу жолдары нешеу?
2. Жүрісті есептеудің ең жеңіл жолын ата?
3. Үшінші есептеу жолындағы сандарды ата?
ІҮ. Үйге тапсырмаларын беру.
1. Жүріс есептеудің үш жолын оқу.
2. Жүрісті есептеу жолдарына байланысты есептер шығару
810, 726, 512, 336, 916

ҮІ. Сарамандылық жұмыс
Жаңа сабақ түсінікті болу үшін тоғызқұмалақ тақтасы арқылы ойнап, үйрену.
ҮІ. Бағалау
Сабаққа жақсы араласып, қатысып отырған оқушыларды бағалау.
6 869
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру. 2. Математикалық ұғымдарды меңгерту, оқушылардың ережені ұғынуын, шығармашылық ойын дамыту.
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту
оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілін үйрету; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білуін дамыту;
Екітаңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдері. Пысықтау
Екітаңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдері. Пысықтау
Оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу, көбейту тәсілдерін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; Балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Тоғызқұмалақ. Ойын ережелері мен ерекшеліктері
Тоғызқұмалақ. Ойын ережелері мен ерекшеліктері
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Тажекенов Азамат Умирбаевич
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
37+7 және 44-7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
37+7 және 44-7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы № 13 ұлттық мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×