Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оңтүстік Американың халқы және елдері

04 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: География
География 7 класс
1. Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың халқы және елдері (слайдымен)
2. Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты бекіту сабағы
3. Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы – үндістердің тарихымен, халықтың әркелкі орналасу себептерімен таныстыру;
Ә) Білім - білік дағдыларын тиянақтау;
Б) Оқушыларды Оңтүстік Американың саяси картасымен таныстыру.
4. Оқыту әдісі: Көрнекілікті - түсіндірмелі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері.
5. Сабақтың типі: Аралас сабақ.
6. Сабақтың көрнекілігі: Оңтүстік Американың физикалық картасы, атлас картасы, кескін картасы, слайдтар, сызбалар, интерактивті тақта.
7. Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1) «Табиға зоналары» кесте толтыру
2) «Ойландырған сұрақтар» ойын
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
«Мағынаны тану» слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
ІҮ. Бекіту
1) Ккескін картамен жұмыс
2) Сызбамен жұмыс
Ү. Қорытындылау
8. Сабақтың барысы:
Оқушыларды түгендеу.
- Ал, балалар біз қандай материкті қөарастырып жатырмыз?
- Иә, Оңтүстік Американы.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Ендеше, үй тапсырмасын мына кестені толтырумен еске түсірейік.
- Жақсы, дайындалғандарың көрініп тұр.
- Ал, ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
- Ойын «Ойландырған сұрақтар» деп аталады.
(Үй тапсырмасына байланысты 12 - сұрақтан тұратын тапсырманы орындатамын).
- Жарайсыңдар. Енді дәптерлеріңді ашып жаңа тақырыпты жазып алыңдар.

ІІІ. «Мағынаны тану»
Бүгін біз «Оңтүстік Американың халқы мен елдерін қарастырамыз»
(Тақырып жоспарын басшылыққа ала отырып түсіндіремін)
1. Халқы
2. Елдері
3. Анд елдері
4. Шығыстағы жазық елдер
5. Бразилия
1) Халқы.
Оңтүстік Америка материгінде казіргі кезде 391 млн - нан астам халық тұрады. Олар калыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Материкке адамдар алғаш рет бұдан 15 - 17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай - ақ адамдар Африка мен Мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар.
Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10%- ын ғана құрайды. Христофор Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық - тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан.
Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғары сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрған. Олар биік таулы өңірдегі егіншілікті жоғары дәрежеде дамытқан. Сондай - ақ инктердің жазу мен бейнелеу өнері, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған әсемдік бұйымдары олардың мәдениеті жоғары болғандығын дәлелдейді. Инктер қоғамында адамгершілік қағидалары қатаң сақталған: ұрлық, жалқаулық, өтірік айтуға жол берілмеген, үлкенді сыйлау, құрметтеу, қамқорлық көрсетуге ерек - ше мән берілген. Жұмыс істеуге денсаулығы жарамсыз және қарт адамдарға жәрдемақы төлеу алғаш рет Инктер империясында жүзеге асқан. XVI ғасырдан бастап еуропалық басқыншылардың материкке жаппай келуі мен озбырлық әрекеттерінің нәтижесінде инктер өркениеті талқандалды. Ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған ежелгі инктердің ұрпақтары қазіргі кезде Амазонияның ну ормандары мен Анд тауларының биік бөліктерінде тұрады.
Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар - метистер казіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. XVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жұмыс істету үшін миллиондаған құл - негрлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Негрлер мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. XIX ғасырда Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік - шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.
Оңтүстік Америка - дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған материктердің бірі. Материктің табиғат жағдайларына байланысты халықтың тығыздығы әркелкі болады. Табиғаты қолайлы, маңызды теңіз жолдары өтетін жағалаулардағы қалаларда халық жиі қоныстанған. Оңтүстік Америкада тұрғындар саны 1 млн - нан асатын 20-дан аса миллионер - қалалар бар.
2. Елдері: Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасы ұзаққа созылған тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде қалыптасты. XIX ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан кейін, Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы XX ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдері мен Шы - гыстагы жазық елдеріне айқын ажыратылады.
3. Анд елдері қатарына Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады. Бұл елдердің өзіндік ерекшеліктері бар. Атақты саяхатшы есімімен аталатын Колумбияда алтын мен асыл тастардың, әсіресе жақұттардың мол қоры бар. Елдің астанасы Богота қаласындағы Мемлекеттік алтын мұражайында алтыннан жасалған 25 мың ежелгі бұйым сақталған. Ал экватор сызығы кесіп өтетін Эквадорда әрекет етуші 30 жанартау орналасқан. Ал инктер мәдениетінің ескерткіштері сақталған Перу мемлекетін «ежелгі өркениет елі, Оңтүстік Американың археологиялық мұражайы» деп атайды. Мұнда биік таулы Титикака көлі орналасқан, жерінің 60%- ын ормандар алып жатыр. Тынық мұхиттың Перу жағалауы балыққа да бай. Елдің азаттығы жолында күрескен Симон Боливардың құрметіне Боливия аталған елдің астанасы Ла - Пас дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан (3630 м) қала болып саналады. Боливияның негізгі бөлігін алып жатқан ылғалды тропиктік ормандарда сүрегі қатты ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өседі. Ал ең оңтүстікте орналасқан Анд елі - Чили дүние жүзіндегі ең ұзын ел болып табылады. Осындағы Атакама шөлінің ұзындығының өзі 1000 км - ден асады. Чилидің оңтүстік жағалық бөлігі өте күшті тілімденген. Апатты жер сілкінулер жиі қайталанады.
4. Шығыстағы жазық елдеріне Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Аргентина және Франция иелігіндегі Француз Гвианасы жатады. Осы аймақтағы ең ірі, халқы ең көп Бразилия жерінде Оңтүстік Америкаға тән ерекшеліктердің барлығы дерлік көрініс тапқан деуге болады.
5. Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы 22 - штаттан тұратын федерациялық республика.
Бразилия жері Амазония ойпаты мен Бразилия таулы үстіртін алып жатыр. Елде темір, түсті металл, мұнай мен табиғи газдың, алмас, уранның мол қоры бар. Экватор мен тропик аралығындағы климат жағдайы алуан түрлі. Бразилия жері арқылы дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен - Амазонка ағып өтеді. Бразилия таулы үстіртінен басталатын өзендердің көпшілігі шоңғалды - сарқырамалы, гидроэнергетикалық қорға бай болып келеді. Табиғат зоналары Амазония бойындағы ылғалды тропиктік ормандардан, Бразилия таулы үстіртінің солтүстік - шығысында тікенекті бұталы саваннаға ауысады. Бразилия ормандарында өте бағалы Бразилия араукариясы, балауыз пальмасы, кебрачо, гевея, парагвай шайы өседі.
Табиғат қорларының алуан түрлі, әрі мол болуы Бразилия шаруашылығын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Шаруашылықтың даму деңгейін көтеруде Амазония ормандары арқылы өтетін Трансамазонка тас жолының маңызы зор. Бразилия материктегі ең жоғары дамыған ел болып табылады, шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дамушы елдер арасында бірінші орын алады. Елде тау - кен өндірісі, қара және түсті металлургия, машина жасау жақсы дамыған. Жылына қант құрағынан алынатын этиль спиртімен жұмыс жасайтын 1 млн - нан астам автомобиль шығарылады. Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Құрғақ саванналар мен пампада ірі қара көп өсіріледі. Плантацияларда кофе, какао, қант құрағы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі, олардың кейбіреуін өндіру жөнінде дүние жүзінде алдыңғы орындарды алады.
Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық құрамы күрделі. Үндістер мен метистердің көпшілігі елдің солтүстігі мен батысында тұрады. Саны жағынан еуропалықтар басым. Сонымен қатар мулаттар мен негрлер де көп тұрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн адамға көбейіп отырады. Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мұндағы Рио - де - Жанейро, Сан - Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады.

ІҮ. Бекіту тапсырмалары:
1. Кескін картаға Оңтүстік Америка материгіндегі мемлекеттердің шекарасын сызыңдар.
2. Сызба кестені Оңтүстік Американың атлас картасын пайдаланып толтырыңдар.
Ү. Оқушы еңбегін қорытындылап, бағалау. Үйге тапсырма беру
§43 Халқы және елдері оқу.
Реферат жазу:
1. Амазонка кереметтері
2. Анхель сарқырамасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
29 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндер (ормандық тайпалар) аңшылықпен және балық аулаумен, қолөнермен шұғылданған. «Вигвам» деп аталатын лашықтары мен жеңіл қайықтары
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
Африка халқы және  саяси картасы
Африка халқы және саяси картасы
Астана қаласы, №68 орта мектептің география пәні мұғалімі: Сеил Кәмшат Елтайқызы
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін мектеп - интернаты КММ география пәні мұғалімі: Тулендина Эльвира Нукербековна
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Америка дүние бөлігіне саяхат
Америка дүние бөлігіне саяхат
Биология және география пәні мұғалімі Зарипова Гаухар Адилбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×