Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: География
Біріктірілген сыныптарға арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
Сабақтың мақсаты:
І – Сабақтың білімділігі: Оқушыларға
дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері жайлы және олардың адам өміріндегі маңызы, орналасу жағдайы, және т. б. жағдайлары жайлы түсіндіріп білімділігін арттыру.
ІІ – Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ойлау қабілетін арттырып білімділігін дамыту.
ІІІ – Сабақтың тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, үлкендерді сыйлап өздерінен кішілерге өнеге көрсетуге, Отанын, елін, жерін, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Пән аралық байланыс: Тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша оқулықтар, карта,
суреттер және т. б.
Сабақтың барысы:

І – Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ - Өткенді қайталау:
а) Гидросфера деп нені айтады?
ә) Гидросферадағы барлық судың көлемі қанша?
б) Тұщы судың үлесі қанша?
в) Күн жүйесі планеталарында су қандай күйлерде кездеседі?
г) 4 млрд. жыл бұрын жер бетінде қанша су болды?
д) Дүниежүзілік су айналымы деп нені атаймыз?

ІІІ – Жаңа сабақ:
1. Дүниежүзiлiк мұхит. Картаға қарасақ, жер шарының көпшiлiк бөлiгiн су басып жатқанын көреміз. Ол Д үние жүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзiлiк мұхиттың үлесiне бүкiл жер бетiнiң 3/4 бөлiгi немесе 361 млн км2 тиедi (68 - сурет).
Дүниежүзiлiк мұхит бөлек - бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бiрақ олардың бәрi бiр-бiрiне жалғасып жатыр.
Дүниежүзiлiк мұхиттың кез келген нүктесiнен келесi нүктесiне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады (жарты шарлар картасынан байқап көрiңдер).
Мұхиттар мен теңiздер қоршап жатқан құрлық жер материктер немесе континенттер деп аталады. Дүние жүзiнде алты материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия жене Антарктида.
Кұрлықтың барлык жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия, Мадагаскар, Исландия аралдарын табыңдар).
Құрлықтың су кеңiстiгiне терең сұғынып кiрiп тұрған бөлiгiн түбек деп атайды (картадан Апеннин жене Лабрадор түбектерiн табыңдар).

Дүниежүзiлiк мұхит төрт бөлiктен тұрады.
Т ы н ы к м ұ х и т — Жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрi ең терең мұхит. Көлемi жағынан калған үш мұхитқа парапар. 1520 — 1521 жылдары Ф. Магеллан дүние жүзiн айналу саяхаты кезiнде осы мұхитты алғаш рет жүзiп өттi. Жүзу кезiнде ещкандай дауылға ұшырамағандыктан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. ’ Тынык мұхит Солтүстiк және Оңтүстiк Американың батыс жағалауларынан бастап Еуразияньң шығыс бөлiгiне және Аустралия менАнтарктидаға дейiнгi аумакты алып жатыр. Тынық мұхитта бүкiл Дүниежүзiлiк мұхиттың ең терең жерi — Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдiгi 11022 м.
А т л а н т м ұх и т ы Тынық мұхиттан екi есе кiшi (92 млн км2Солтүстiк және Оңтүстiк Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейiн барады. Ол солтүстiк полярлық аймақтан оңтүстiк полярлық аймаққа дейiн созылып кетедi. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдердi бiр - бiрiмен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтедi. Мұхиттың өн бойы кеме қатынасына игерiлген.
Ү н д i м ұ х и т ы Оңтүстiк жарты шардың едәуiр бөлiгiн алып жатыр (75 млн км2). Бұл — ең жылы мұхит (жарты шарлар картасынан Үндi мұхиттың қандай материктердiң аралығында жатканын анықтаңдар). Үндi мұхиты суының таза, көгiлдiрлiгiмен де ерекше көзге түседi. Өйткенi оның оңтустiк бөлiгiне кұятын өзен аз.

С о л т ү с т i к М ұ з д ы м ұ х и т — мұхиттардың iшiндегi ең шағыны (14 млн км2). Ол Солтүстiк Америка жене Еуразия жағалауларымен шектеледi. Оның көпшiлiк бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Солтүстiк Мұзды мұхиттың тағы бiр ерекшелiгi — ол басқа мұхиттарға қарағанда тайыз болып келедi. Материктердiң шетi мұхит түбiне өтетiн жерiнде тереңдiк 200 м - ден аспайды. Ол әсiресе Еуразия жағалауында жалпақ өңiр кұрайды. Мұхитта iрi аралдар көп.

2. Мұхит бөлiктерi. Мұхит бөлiктерiне теңiздер, шығанақтар, бұғаздар жатады. Теңіз — мұхиттың суының қасиетi мен жануарлар дүниесi жөнiнен оқшауланып тұратын бөлiгi. Теңiздер көбiнесе кұрлық жағалауында болады, бiрақ кейде ашық мұхитта да кездеседi (мысалы, Саргасс теңiзi, Фиджи теңiзi). Әдетте, теңiздi мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөлiп тұрады.
Материкке сұғына енiп жататын теiздердi i ш к і т е ң iз д е р деп атайды (мысалы, Кара теңiз, Жерорта теңiзi. Олар қай мұхиттың бөлiктерi болып табылады?). Материктердiң маңында орналасқан теңiздердi ш е т к i т е ң iз д е р дейдi. Шеткi теңiздерге — Еуразия жағалауындағы Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шыгыс Кытай жене т. б. теңiздер жатады.

Ш ы ғ а н а қ — мұхиттың немесе теңiздiң құрлыққа сұғына енiп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұхиты Солтүстiк Америка жағалауындағы Гудзон, Мексика шығанақтарын, ал Үндi мұхиты Еуразияның оңтүстiгiндегi Парсы шығанағын құрайды. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір - бірімен б ұ ғ а з д а р арқылы жалғасады. Б ұ ғ а з – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950 км) және терең (5248) бұғаз – Дрейк бұғазы; ал ең ұзыны (1670) – Мозамбик бұғазы.

ІV – Рефлекси.
а) Жалпы мұхиттар жайлы не білесіңдер?
ә) Жылы мұхит (Үнді мұхиты)
б) Ауа қабығы?
в) Ең кіші мұхит?
г) Ең үлкен мұхит?
д) Шығанақ дегеніміз не?
е) Түбек дегеніміз не?
ж) Бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер?

V - Қортындылау.
а) Үйге: кескін картаға теңіз, шығанақ, бұғаз, түбек, арал, мұхиттар мен континенттер аттарын түсіріп, мәтінді оқып келу.
ә) Оқушылардың білімдерін бағалау.
8 607
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Судың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды. Мұхит суының қасиеттерін анықтау кезінде нақты мәліметтерді қолданады.
Гидросфера тарауынан өткенді қайталау
Гидросфера тарауынан өткенді қайталау
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, «Гидросфера» тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеп қорыту. Суды қорғауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Дүниежүзілік мұхит
Дүниежүзілік мұхит
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих-география пәні мұғалімі Сманова Гүлназ Сантаевна
Мұхиттар. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Мұхиттар. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы, Т.Әубәкіроа атындағы жалпы негізгі білім беретің мектебінің география пәні мұғалімі Искаков Нұрлыбек Нұржанұлы
Мұхиттар
Мұхиттар
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі география пәні мұғалімі Сағынғалиева Гүлжанат
Дүниежүзілік мұхит және оның оның бөліктері
Дүниежүзілік мұхит және оның оның бөліктері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин ауылы Благодар орта мектебінің география пәні мұғалімі Тактасынова Сауле Нуриновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×