Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


География пәнінен дарынды оқушымен жұмыс бағдарламасы

10 қазан 2019, Бейсенбі
Категориясы: География
География пәнінен дарынды оқушымен жұмыс бағдарламасы
Мазмұны
o Түсінік хат
o Курс мақсаты мен міндеттері
o Бағдарлама құрылымы
o Пәнаралық байланыс
o Тақырыптық күнтізбелік жоспар
o Олимпиада материалдары
o Құзыреттіліктің қалыптасуын тексеретін тапсырмалар жинағы
o Қосымшалар
o Пайдаланған әдебиеттер

Түсінік хат
Жеке тұлғаға бағыттылған оқыту жетістіктің 1% данышпандық пен 99 % еңбекке байланысты.

Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі Қазақстан Республикасының дамыған елдер қатарына өзіндік айшықтарымен енуінің бір факторы. Қоғамның басты байлығы тұлғаны қалыптастыру болса, оған бәсекеге қабілетті білім беру арқылы ғана қол жеткізуге болатынын бүгінгі таңдағы психологиялық - педагогикалық, әлеуметтік зерттеулер дәлелдеп отыр.

Жаңа білім парадигмасы бойынша бірінші орында оқушы тұлғасы тұрады. Бұл орайда оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекетін ұйымдастырудың бір жолы оқушының өзіндік жеке оқу траекториясын таңдау мүмкіндігінің болуы. Ол үшін мұғалім оқушының тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған бағдарлама құрастыруы қажет. Бағдарламаны құрастыру төмендегідей қажеттіліктерден туындап отыр:

Білім беру жүйесінің нәтижеге қайта бағдарлануы;
Бейіналды дайындықты қалыптастыру, бейіндік оқыту жүйесіне көшу;
Тұлғаның академиялық білімі мен практикалық дайындығының үйлесуін қамтамасыз ету;
Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру;
Тұлғаның қандай да бір саладағы білімі мен тәжірибесімен, және оларды нақты бір жағдайда
соған сай қолдана білу біліктілігімен байланысты қасиеті - құзырлылығын қалыптастыру.
Оқуға, білімге деген белсенділік, қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екендігі белгілі. Бұл жағдайда Л. С. Выготский былай деген: «ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі белсене түсетін, ал мұғалім болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек».

Білім сапасын арттырудың міндеттері:
1. Оқу еңбегіне саналы және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу: білімнің сапасы көбіне оқуға
деген ниетке, оқуға көзқарасы, зейін қоюы мен белсенділігі білмекке құштарлығына байланысты. Оқушылар оқу еңбегін өзінің қара басының ісі деп санамай, білімнің қоғамдық мәнін терең түсінулері қажет.
2. Оқуға, білімге ықылас болмайынша оқушының белсенділігінің болуы мүмкін емес. Сондықтан
өз күшіне, қабілетіне сенімін оятып, оқу еңбегінің қуанышқа бөлейтіндей жағдай жасап, мадақтап отыру қажет.
3. Оқыту процесін ұйымдастырушы мұғалім әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның
негізгі түрлері: мақсаты, міндеті, мазмұны, әдіс - тәсілдері және қорытынды. Осы компоненттердің барлығын мұғаліммен бірге оқушы да меңгеруі қажет.
4. Оқушылардың өзінше түсінуіне және өзінше пайдалануға ұмтылысын жетілдіру. Өзіндік жетілу,
даму, белсенді болу қоршаған ортаға және басқа адамдармен қарым - қатынасқа байланысты. Мұғалім жеке бағытта оқыту жағдайында дифференциалды әдістер, шығармашылық тапсырмалар сабақтан тыс оқыту әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғары сапаға жету.

Жеке тұлға тек өз әрекеті негізінде ғана дамитындығы белгілі. Оқушының білім алуға бағытталған, саналы, мақсатты әрекеті негізінде баланың теориялық білім алуының тәсілдерін іздеу жатыр. Баланы оқыта отырып, жалпы дамытуды, яғни бала бойындағы еркіндік, мақсаткерлік, ар - намыс, мақтаныш сезімін, еңбексүйгіштік т. б. қасиеттерді дамытуды көздеймін.

Өзектілігі:
Балаларды қарапайым нәрседен күрделі құбылыстардың сырын ашуға жетелеп, бірте - бірте оларды қоршаған ортаны танып – білудің даңғыл жолына алып шығу.

Олимпиадалық резерв дайындау, ҰБТ жоғарғы көрсеткіштерге жету.

Бағдарлама мақсаты:
Қазіргі таңда оқытылатын пәндер баланың болашақта таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аудару.
Міндеттері:
♦ Оқушылардың мамандық таңдауға саналы көзқарастарын қалыптастыру.
♦ Оқушыларды таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
♦ Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін пайдалана алатындай жағдайлар туғызу;
♦ Сабақта оқушыға психологиялық жанға жайлы ахуал қалыптастыру;
♦ Әр оқушы өзінің дербес, шығармашылық қабілеттерін, интеллектуалдық (шолу, талдау, топтау,
салыстыру, маңыздыны бөліп көрсету) қабілеттерін байқата, дамыта алатындай жағдай туғызу;
♦ Оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуына әсер ету;
♦ Оқушылардың денсаулығын сақтау;
♦ Оқушылардың өздігінен білім алу қабілеттерін қалыптастыру;
♦ Оқушылардың құрастырушылық, жобалаушылық қабілеттерін қалыптастыру;
♦ кәсіптік бағдар беру;
♦ өзіндік рефлексиялық қабілет, өмірде болып жатқан үрдістерге өзіндік ой - пікір қалыптастыру.

Объектісі: География пәнінен дарынды оқушымен жұмыс бағдарламасы
Пәні: География
Болжамы:
Егер оқушылар қолданбалы курсын толық меңгерсе, онда өзіндік білімін жетілдіруге төселген, нарықтық экономика талабына сай, білімін сапалы түрде жалғастыра алатын тұлға дамиды, өйткені оқыту процесі тұлғаға бағдарланған және құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті,
Абай атындағы мектеп - гимназия
Құрастырған: география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна

Толы нұсқасын жүктеу
23 798
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Сындарлы оқыту
Сындарлы оқыту
ШҚО, Семей «№13 ЖОББМ» КММ Траих пәні мұғалімі:Н. Кульджина
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог - ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі география пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Бейінді оқыту-жеке тұлғаны дамыту құралы
Бейінді оқыту-жеке тұлғаны дамыту құралы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №170 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әбдіхалықова Жайнагүл
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беруге көшу: 1. Қазақстандық білім жүйесін реформалауды; 2. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды; 3. Жалпыға арналған біліммен «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×