Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жердің халқы, саны, тығыздығы, демографиялық саясат

11 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: География
География 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жердің халқы, саны, тығыздығы, демографиялық саясат
Сабақтың мақсаты: Жер бетіндегі халық, олардың таралу аймақтары, тығыздығы мен демография туралы түсінік беру. «Халық» сөзі жайында білім қалыптастыру. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Саяси картамен жұмыс жасай білу икемділік дамыту. Халықтар жайында мәлімет бере отырып, оқушының қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: 6 сынып география оқулығы, әдістемелік құрал, слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері.
Оқыту нәтижелері: Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады, жеке ұсыныстар мен олардың негізінде пайда болған ортақ пікірлерді ортаға салып, түйін жасай алады. Қажеттілікті жүзеге асырады. Сыныптастарын шыдамдылықпен тыңдайды.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1. Қызығушылықты ояту. Оқушыларды топқа бөлу.
2. Ой шақыру. Сұрақ қою арқылы білгендерін естеріне түсіру.
1) Жер шарында неше климаттық белдеу бар?
2) Қоңыржай белдеуде қандай зоналар таралған?
3) Мұзды шөл зонасы қай климаттық белдеуде жатыр?
4 ) Қазақстан қандай географиялық белдеуде және зоналарда жатыр?
5) Экология ғылымы нені зерттейді?
6) Біздің елімізде табиғат қорғау мақсатында қандай заңдар қабылданған?

3. «Адамзат» сөзіне ассоциация.
4. Мағынаны ажырату.
1 - топ Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі.
2 - топ Халықтың тығыздығы.
3 - топ Демографиялық саясат.
5. Тапсырма

1 - топ Халық санына әсер еткен
Қолайлы жағдай Қолайсыз жағдай
2 - топ Халықтың тығыздығына есеп шығарыңдар
Тығыздық = (халык саны)/(жер көлем)
Дүниежүзі халық - 7 млрд. адам, жер көлемі - 149млн. км
Қазақстан халқы - 17млн. адам, жер көлемі – 2, 7млн. км
3 - топ Дүниежүзінің картасынан халықтың тығыз қоныстанған жерлерін көрсетіңдер. Жер шарында халық үздіксіз өсе бере ала ма, ол адамзат үшін қауіпті болмай ма?

Сергіту сәті: Уық, кереге, шаңырақ.
6. Талдау сұрақтары:
1) Демографиялық саясат не үшін жүргізіледі?
2) Қай материкте тұрақты халық жоқ?
3) Адамдардың қоныстануы қай материктен басталған?
7. 5 жол өлең стратегиясы.
Мысалы: 1. Халық
2. Көпұлтты, бірұлтты
3. Өседі, көбейеді, көшеді
4. Халқы көп ел – Қытай.
5. Ел.
8. Бүгінгі сабақта негізгі деп санайтын 10 сөз айтыңдар.
9. Рефлексия. Оқушылар мұғалімнің сұрақтары негізінде сабақты қорытындылап, сызба құрайды.
ХАЛЫҚ
халық саны, халық тығыздығы, демография

Үйге тапсырма беру: 51. «Жер – халық мекені» эссе жазып келу.
Бағалау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
16 305
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі.  Демографиялық саясат
Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі. Демографиялық саясат
Дүние жүзі халқының саны, оның өзгеру динамикасы, халық саны бойынша «Алғашқы ондық» елдерін анықтау, салыстыру, ұдайы өсуін 1, 2 типіне жататын елдерді жіктеуге, демографиялық саясат түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дүниежүзінің халқы
Дүниежүзінің халқы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «№1 мектеп - гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі Досниязова Жанар Дүйсенбекқызы
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Халық саны мен табиғи өсімі
Халық саны мен табиғи өсімі
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі
Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×