Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарындылар додасы - 2014

17 маусым 2014, Сейсенбі
Категориясы: География
Мұғалім: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін таратады баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бас иеміз ұстаздар мен оқушы толған ортаға.

1 - жүргізуші: Құрметті көрермен! Армысыздар өзінің жақтасы үшін жаны ауыратын, жеңіске жүрегі жарыла қуанатын жанкүйер қауым! "Жас географтар" сайысына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Жаратылыс - жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімі мейлінше теңіз екен
Анам туса, Жер ана жетілдірді,
Осыны мен өмірге егіз етем!- деп ақындар табиғатты анаға теңеген, өйткені жер - тіршілік көзі, өмір бастауы. Табиғат - түп қазығың, ырысың, бар байлығын алдыңа тарту етеді. Тек оған зиян тигізбей, мәпелеп өзіңе керегіңді ала біл!

1 - жүргізуші: "География - қоршаған ортаны танып білу".
"Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету, Египетте болып, пирамиданы көрмей кету немесе Астанада болып, Бәйтерекке қарамай кетумен тең" деп айтсақ артық айтқандық болмас. Олай болса бүгінгі сайыс барысында осы география саласы бойынша оқушыларымыздың ой - өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

2 - жүргізуші: Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жаршы заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Ендеше ортамызға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық!

1 - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын, оқушыларымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысыңыздар:
--------------------------------
2 - жүргізуші: Енді бүгінгі сайысымыздың жалпы жоспарымен таныстырып өтейік:
І. Таныстыру(Киім формасы, төсбелгі, топ аты, ұраны бағаланады).
ІІ. "Жұлдызды сәт"
ІІІ. «Географ - математик»
ІV. «Білім бәйгесі»
V. Тапқырлар
VІ. "Ойлан, тап!"
VІІ. Кім жылдам?"
VІІ. «Соқыр картограф»

2 - жүргізуші: Бәйге қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен екі топ кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін!
"Сәлем - сөздің атасы" демекші алдымен сайысымызды сәлемдесуден бастаймыз. Әр команда өздерін таныстырып кетсін.

І кезең – ТАНЫСТЫРУ. /Топтар топ аты, ұраны, төсбелгісімен таныстырады./
1 - жүргізуші: Еділ әнге арқау болса, Жайық та қосарласа жүріп, бұл күнде Еділ - Жайық қазақ үшін бір тіркеске айналып кеткендей. Еуропадағы ең үлкен өзен болып табылатын Еділ мен Ресей, Қазақстан жерлерінде шалқып жатқан Жайық жайында ертегі, эпостық жырлар, әндер халық арасына кең тараған. Солардың бірі Сөзі:. Ж. Молдағалиев, Әні: И. Жақановтың "Еділ мен Жайық" әні. Осы сайысқа қатысқалы отырғандарға сәттілік тілей отырып, ортаға Елжасты «Еділ мен Жайық»әнімен қарсы алыңыздар!

1 - жүргізуші: Ал, балалар, сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Білімді бір тексеріп көрейік біз
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар!- деп сайысымыздың келесі "Жұлдызды сәт" кезеңін бастаймыз.
1 - топ.
1. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)
2. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не?(Панама каналы)
3. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты?(1519 - 1522ж)
4. Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (Түбек)
5. Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді(Анд)
6. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер(үндістер)
7. Антарктиданы ашқан саяхатшылар ( Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)
8. Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)
9. Көршілес екі толқынның арасындағы қашықтық (Толқын ұзындығы)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 457
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білгір географ танымдық сайысы
Білгір географ танымдық сайысы
XXI ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру, Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Бала деген бір бақыт!
Бала деген бір бақыт!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 "Балауса" МДҰ меңгерушісі Утешева Гульзада Гайнедзиновна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Білім биржасы
Білім биржасы
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Сайыскерлерді шақырайық ортағы.
Табиғат тағдыры-адам тағдыры
Табиғат тағдыры-адам тағдыры
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес. Жер ана мен өз анаң егіз екен, Мейірімдері мейлінше теңіз екен. Анам туды, жер ана
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×