Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аустралияның географиялық орны, жер бедері

03 маусым 2015, Сәрсенбі
Категориясы: География
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
“Абай атындағы орта мектебі” ММ
география пәнінің мұғалімі Спанова Маржан

География 7 сынып
Тақырыбы: Аустралияның географиялық орны, жер бедері
Сабақтың мақсаты
Білімділік - оқушыларға Аустралия материгінің географиялық орнын, табиғи ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік - Оқушылардыөзбетіншеоқуға, ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық - Білімге құштарлығын, дүние танымдық көз қарасын, жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: саяхат сабақ, үш аялдама, кім жылдам? жеті жұмбақ, «ең, ең, ең,….» ойыны сәйкестендіру тест.
Құрал - жабдығы: Дүниежүзінің физикалық картасы, интербелсені тақта, карточкалар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау
«Саяхат сабақ» әдісі бойынша, Африка материгінен Аустралия материгіне жету үшін жолдағы кедергілерден өту.
1 - кедергі:
А) Африка атауы қайдан шыққан?(африги тайпасынан)
Б) Африканың шеткі нүктелері? (Эль - Аьбяд, Ине, Алмади, Рас - Хафун)
В) Биосфераның Алтын қорына енген қай жер?(Сахара, Мадагаскар)
2 - кедергі:
А) Африканың жалпы ауданы. ( 30, 3млн км2)
Б) Мадагаскардың ауданы?(590 мың. км)
3 - кедергі:
А) Африканы зерттеген саяхатшылар? (Д. Ливинстон, В. Юнкер)
Б) Африканы қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?(экваторлық, субэкваторлық, тропик, субтропик)
В) Африканың өзендері?(Ніл, Конго, Занбези)

ІІІ. Жаңа сабақ. «Үш аялдама» әдісі.
Ең кіші материк қалай аталады?
1 - аялдама: Географиялық орны, шеткі нүктелеріне тоқталу.
2 - аялдама: Аустралияны зерттеген саяхатшылар туралы, олардың ашқан жаңалықтарына тоқталу.
3 - аялдама: Жер бедері, пайдалы қазбалар туралы айту.

Сергіту сәті.
«Кім жылдам» ойыны.
(Географиялық нысандардың аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар)
1. Сахара (шөл) 11. Скандинавия (түбек)
2. АҚШ ( мемлекет) 12. Мадагаскар (арал)
3. Гималай (тау) 13. Гольфстрим (ағыс)
4. Танканьика (көл) 14. Антарктида ( материк)
5. Амазонка (өзен) 15. Гибралтар (бұғаз)
6. Альмади (мүйіс) 16. Суэц (канал)
7. Отты жер (арал) 17. Орисаба (жанартау)
8. Игуасу (сарқырама) 18. Сомали (түбек)
9. Мыс (металл) 19. Лондон (қала)
10. Гвинея (шығанақ) 20. Аконкагуа (шың)

«Ең, ең, ең,......» ойыны.
1. Ең биік шың (Джомолунгма)
2. Ең үлкен түбек (Арабия)
3. Ең кіші материк (Аустралия)
4. Ең халық көп материк (Еуразия)
5. Ең терең шұңғыма (Мариана)
6. Ең үлкен көл (Каспий)
7. Ең ұзын өзен (Ніл)
8. Ең биік сарқырама (Анхель)
9. Ең суыққа төзімді құс (пингвин)
10. Ең кішкентай мұхит (Солт. Мұзды мұхит)
11. Ең үлкен ойпат (Амазонка)
12. Ең терең көл (Байкал)
13. Ең ірі дүние бөлігі (Азия)
14. Ең үлкен арал (Гренландия)
15. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
16. Ең ұзын тау (Анд)
17. Ең үлкен шөл (Сахара)
18. Ең биік ағаш (Секвойя)
19. Ең кішкентай мемлекет (Ватикан)
20. Ең суы мол өзен (Амазонка)

Келесі кезең «Жеті жұмбақ» - пән аралық байланыс.
1. Қаласы бар, үйі жоқ.
Орманы бар, бүрі жоқ.
Өзені бар, суы жоқ.
Тауы бар да, тасы жоқ,
Ойлаңдаршы, балалар,
Оның қиын түгі жоқ. (географиялық карта)

2. Жан - жағы су болып жатыр,
Ортасы ну болып жатыр. (арал)

3. Теңіз, тауларды, халықты,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (жер)

4. Жиналған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (қар)

5. Азықсыз, көліксіз,
Сусынсыз, серіксіз
Әлемді шарлайсыз,
Жиһанкез болып сіз. (глобус)

6. Аралдай сауыры,
Мұхиттың алыбы (кит)
7. Мөлдір әрі түссіз, өзі табиғи отын. (газ)

ІV. Сабақты бекіту
Фотолар галереясы. Мазайка құрастыру.
1 - топ Аустралия материгін құрастыру.
2 - топ Ең көп тараған пайдалы қазбасын құрастыру.
3 - топ Саяхатшы Тасманның суретін құрастыру
Құрастырып, сол туралы толық мазмұндап айту.
Тест. Бүгінгі сабақтан не білдік, не үйрендік. (әр балаға тест беру)

V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. Аустралия материгін оқып, мазмұндау.
4 302
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспарлары. Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Күнделікті сабақ жоспарлары. Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м. Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден - бір материк.
Аустралия
Аустралия
Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экономикалық, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.
Аустралияның физикалық - географиялық жағдайы
Аустралияның физикалық - географиялық жағдайы
Тарих және география пәні мұғалімі Рахымбекова Улпан Туймебайевна
Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Австралия материгінің географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы түсінік беру;
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
ШҚО, Үржар ауданы, Қаракөл орта - мектеп бақшасы КММ география пәні мұғалімі Темербаев Ерлан
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп - лицейінің география пәні мұғалімі Адиева Лаура Самиголлиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×